Бүгінде шаһар ішіндегі жеңіл көліктердің саны 50 пайызға азайған. Жеке көлігімен жұмысқа баратындар тек таңғы жетіден тоғызға дейін қызметіне жетуіне, ал кешкі алтыдан тоғызға дейін сол көлігімен үйіне қайтуына болады. Бұл арнайы рұқсат етілген көлік иелеріне қатысты.Бүгінде себепсіз көшеде жаяу жүруге де рұқсат жоқ. Тұрғындар өзі тұратын немесе жұмыс істейтін жерге жақын маңдағы дүкен мен дәріханаларға бара алады.
Аса қажеттілікпен банк немесе емханаға баруға рұқсат етілген. Ал, полиция патруліне көшеде жүрісінің жөн-жосығын түсіндіре алмағандар айыппұл арқалайтын болады. Мұндай қауіпсіздік шараларына қала тұрғындары түсіністік танытып отыр. Айта кетейік жұмыс орны берген құжатпен көлік жүргізуге рұқсат жоқ. Тек қана көлігін онлайн тіркеген тұрғындар ғана қалада қатынай алады.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»