Осыған орай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Antikor.Live» жобасын іске қосты. Бұл жоба on-line режимде сыбайлас жемқорлыққа қарсы контентті үнемі жариялауға арналған алаң болып табылады. Енді әр жұмыс күні сағат 11.00-ден бастап 12.00-ге дейінгі аралықта Департамент халықпен тікелей эфирг» шығуда. Тікелей байланыс Департаменттің Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалары арқылы жүргізіледі.
Тікелей эфир барысында азаматтардың назарына елімізде жүзеге асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңашылдықтары, жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін сыйақы беру шаралары, хабарлаушыларды қорғау және т.б. тың ақпараттар ұсынылатын болады. Эфир барысында кез келген желі қолданушысы спикерге Департаменттің қызметіне қатысты сұрақ қойып, өз пікірі мен ұсынысын қалдыра алады.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.