Қалалық қорғаныс істері басқармасында медициналық комиссиядан өтіп, сапқа тұрғызылғандарға облыс әкімі Ө. Шөкеев сәттілік тілеп, төтенше жағдайдағы жанашыр қызметтері үшін алғыс білдірді.
Жалпы Түркістан облысында 230 әскери міндетті болса, соның 50-і Түркістан қаласына жұмылдырылды. Олар бұған дейінгі қызметіндегі айлығын алып отырады. Ал, егер жұмыс істемеген болса, 42500 теңге көлемінде қаржы беріледі. Сондай-ақ, тамақ, киім-кешек, медициналық көмек түрлері жасалады.
Өз еркімен келгендер елімізде төтенше жағдай аяқталғанша елмен, халықпен бірге екендіктерін көрсетіп, індеттің таралмауына сеп болады. Блок-бекеттерде тәртіпті күшейтіп, залалсыздандыруды жандандырады. Айта кетейік, әскерилер қатарында Түркістан қаласы әкімінің аппарат басшысы да бар.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.