Сейсенбі, 21 Сәуір 2020 11:20

Түркістан: Ордабасы ауданында әскери міндеттілер іріктелді

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 2 сәуірдегі №896 «Әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру» туралы Жарлығына және Түркістан облысы әкімдігінің 13 сәуірдегі №93 «Түркістан облысының әскери міндеттілерін арнаулы жиындарға шақыру туралы» Қаулысына сәйкес, Ордабасы ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде есепте тұрған және денсаулық жағдайы бойынша жарамды деп танылған азаматтар іріктеліп,жұмысқа кірісті.

Жүзден аса ерікті әскерилер отан алдындағы парыздарын өтеуге қашан да дайын екендерін білдірді. Олардың арасынан 12 ерікті іріктеліп, арнайы тапсырмаларды орындау үшін залалсыздандыру жұмыстарына тартылып отыр. Арнайы жиындар кезінде әскери қызметке міндетті азаматтардың жұмыс орны, атқарған лауазымы сондай-ақ жалақылары сақталады. Егер де жұмыс істемеген болса, онда жалақының ең төменгі мөлшері төленетін болады.
Жиында сөз алған Ордабасы ауданының ҚІЖБ бастығы подполковник Е.Мұратбек пен жұмылдыру бөлімше бастығы-бөлім бастығының орынбасары К.Бимырзаев іріктелген азаматтарға жиынның басты мақсатын түсіндірді. Ондағы мақсат -халқымыздың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау. Әскерилерге арнайы әскери киімдерімен, дезинфекциялауға арналған құрал-жабдықтар және екі сағат сайын ауыстыратын бет перде қолғаптары берілді. Сондай-ақ, олар ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін болады.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 659 рет