Сонымен қатар, дүкендердің тазалығы, хлормен жуылғандығы, есіктерге хлорланған дәкенің жапсырылғандығын және сатушылардың маска мен сатуға арналған қолғабы тексерілді. Талапқа сай дүкенге 5 кісіден артық кірмейді, ал тұтынушылар 1,5-2 метр арақашықтықты сақтауы тиіс. Және тұтынушылар міндетті түрде маска тағуы тиіс. Карантин режимін бұзғандар қатаң жазаланатын болады.
Бүгінге дейін, ҚР Президентінің №285 Жарлығын және Түркістан облысы бас санитарлық дәрігерінің №33 қаулысын орындамаған 18 азаматқа хаттама толтырылған. Оның ішінде 5 ет сататын жеке тұлға,1 шаштараз, 2 қоғамдық тамақтандыру және 10 сауда орны жеке тұлғалары. 18 материал сотта қаралып 6 на 26510 теңгеден айып пұл салынып, 7 адам 1 тәулікке қамаққа және 1 адам 3 тәулік қамаққа алынуы туралы шешім қабылданған. 4 ескерту берілген. Негізгі кемшіліктері маска кимеген, санитарлық режимді, залалсыздандыру режимін сақтамаған, антисептиктер орнатылмаған.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.