Азаматтарды жеке қабылдау және іс материалдарымен танысу уақытша тоқтатылды.Сонымен бірге, процестің қатысушысы болып табылмайтын келушілердің кіруіне шектеу қойылды.
Процестік мүмкіндік бар соттардың іс жүргізуіндегі барлық істер бойынша сот отырыстары кейінге қалдырылды және төтенше жағдай мерзімі аяқталғаннан кейінгі уақытқа қайта тағайындалды.
Көрсетілген шаралар бірінші кезекте сот ісін жүргізуге қатысушы азаматтардың арасындағы физикалық байланысты азайтуға бағытталған.
Енгізілген шаралар үшін соттар кейінге қалдыруды күттірмейтін істерді ғана қарайтын болады.
Уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми хабарламалары бойынша «COVID-19» коронавирусты жұқтырған азаматтардың тіркелген фактілері соңғы бірнеше күн ішінде көбейіп келеді.
Бұдан басқа, аудандық сотқа жаңа арыздар келіп түсуде, көрсетілген істерді қарау азаматтардың жеке қатысуларын көздейді, сонымен сот ғимаратында олардың өмірі мен денсаулығына қосымша қауіп төнеді.
Сол себепті коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы әрекет ету бойынша бірқатар бірлескен қосымша шараларды қолдану қажет.
Атап айтқанда,талап қою арыздарын жіберуді тоқтата тұру және неғұрлым кейінгі кезеңге қалдыру жәнесот іс жүргізуіндегі және кейінге қалдыру процестік мүмкіндігі жоқ істер бойынша сот процестеріне бар фукционалдар мен ақпараттық технологияларды қолданып, қашықтықтан қатысуды қамтамасыз ету ұсынылады («TrueConf» мобилдік қосымшасы және т.б.).
Бүгінгі таңға дейін аудандық сотта төтенше жағдай режимiн бұзу бойынша 24 тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралған.
Қамақ жазасы қолданылғаны – 7, айыппұл салынғаны – 15, ескерту ескерту түріндегі әкімшілік жаза тағайындалғаны – 2.
Көрсетілген шаралар сот ғимараттарына келушілердің кез келген байланыстарын азайтуға бағытталған және коронавирустық инфекцияның таралуын тоқтатуға ықпал етеді.
Сондықтан азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету қажеттілігін ойлау қажет, себебі ең қымбат қазына адамның өмірі мен денсаулығы болып табылады.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.