Бүгінде Шымкентте 2561 нысан жұмысын толықтай тоқтатқан. Қоғамдық көліктердің жұмыс кестесі сағат 07:00-ден 19:00-ге дейін белгіленді. Департамент мамандарымен 14 автопарк және 6 мың 80 қоғамдық көлік бірлігі тексерілген. Ал, тұтынушылармен тікелей байланысқа түсетін азық-түлік дүкендері мен сауда орындарында, банк мекемелеріндегі мамандардың санитарлық талаптарға сай киінуі жіті бақылауда. Ғимараттарда арнайы санитайзер мен тепловизорлардың болуы міндетті.
«Қала аумағын өңдеу мақсатында коммуналдық және әскери қызметтерді тарта отырып, қала көшелерін дезинфекциялау 20 бағытта жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда қалада 225 көше, 1147 аялдамалар зарарсыздандырылды. Күндізгі уақытта 37 гүлзарлар мен 8 саябақты зарарсыздандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде» - дейді. Шымкент қаласы тауарлар мен қызмет сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Алмат Қосалиев.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»