Шымкент қаласы, Еңбекші ауданына қарасты 20 шағынаудан, 16-тұрғын-алабы, жалпы 3000-нан астам халық бар. Еліміздегі төтенше жағдайлар режиміне орай, аудандағы кәсіпкерлік нысандар, монша кешендері мен сауда орындары өз еркімен жұмыстарын тоқтатқан. Тұрғындар карантин жағдайында талаптардың сақталуына жауапкершілік танытып, аймақта халық арасындағы қатынас азайған. Ал азық-түлік базарларында күніне екі рет дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. Еңбекші ауданына қарасты аймақта үш блок - бекет орнатылған. Бүгінгі таңда қатаң тәртіп пен жіті бақылауда.
«Блок-бекеттерде тәртіп қатаң» - дейдіШымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ілиясов. Сонымен қатар, Еңбекші ауданына қарасты 350-ден астам отбасыға «Nur Otan» партиясы қолға алған «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында әлеуметтік көмек көрсетіліпті. 50 000 теңгеден демеушілердің қолдауымен ақшалай көмеке берілген. Еңбекші ауданына қарасты call-центрге күніне 300-ден астам қоңырау келіп түседі. Бүгінгі күнге дейін 3000-ға жуық өтініш-шағымдар қабылданған.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»