Бейсенбі, 16 Сәуір 2020 00:13

Шымкент қаласында карантин тәртібі күшейтілді

Бұған дейін жұмыс орнынан алған анықтамамен жүретін тұрғындар енді арнайы базаға тіркелмесе көшеге шыға алмайды. Жаңа жобаны түсіндіру үшін қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов баспасөз брифингін ұйымдастырды.

Шымкентте қауіпті дертке шалдыққандардың қатары артуда. Әлемдік індеттен көз жұмғандарда бар. Десекте қалада жүріп тұрысты шектеу тәртібі оң нәтиже беруде. Короновирусты жұқтырған екі азамат  блок бекетте анықталған. Сондықтан күшейтілген жаңа тәртіп нәтижелі болмақ. Себебі осы күні жалған құжатпен жүретін жүргізушілер көп.

Базаға тіркелу үшін мекемелердің табалдырығын тоздырудың керегі жоқ. Бар болғаны ПЕЛИКАН сайтына кіріп мәліметтеріңізді ендіресіз. Ол жерде сіздің ақпарыңыз қаралып арнайы рұқсат аласыз. Сіздің талабыңыз орынсыз деп танылса қалада жүруіңізге шектеу қойылады.Әлем бойынша короновирусқа шалдыққандар қатары 2 млн-ға жуықтады. Қауіпті дерттен 160 мыңдай адам көз жұмды.  Көршілес Ресейде күніне 2,5 мыңнан астам адам COVID-19  вирусымен тіркелуде. Біздің елдеде қауіпті індет өз шыңына әлі жеткен жоқ. Сондықтан сақтансаң сау боласың сөзін назардан шығармағанымыз абзал.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 713 рет