Полиция департаментінің мәліметінше, оқшауланған аумақтарда 163 полиция қызметкері жұмылдырылған. Медицина мамандары да тәулік бойы қызмет атқаруда. Ошақтарда науқастардың тұрғылықты жері бойынша дезинфекция жүргізіліп, үздіксіз эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізілуде.
Оқшауланған мекенжайлар:
1. Жұқпалы аурулар ауруханасы;
2. «Атамекен» медициналық орталығы;
3. «Мейірім» оңалту орталығы;
4. Қалалық №2 аурухана (Медикус);
5. Психикалық сауықтыру орталығы;
6. Жаңаталап шағынауданы;
7. Самал-1 шағынауданы, Тайманов көшесі 14 үй;
8. Мақталы, 120 үй;
9. Желтоқсан көш., 3а үй;
10. 8-шағынаудан, 53 үй;
11. Төреқұлов көшесі, 204 үй;
12. Солтүстік-батыс шағынауданы (Ұшқиян 644);
13. Асар-2 шағынауданы, Шаттық-74;
14. Қайтпас-1 шағынауданы, Алтай көшесі 15 үй;
15. Сайрам ауылы, Әл-Фараби көшесі, 25 үй;
16. Сәуле шағынауданы, Жастар, Бәйдібек ата, Ғ. Мұратбаев, Баянауыл, Көктөбе көшелері.
Қазіргі таңда Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының жалпы 31 жағдайы тіркелген.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.