Бейсенбі, 23 Сәуір 2020 18:44

Шымкент: Блок посттардың жұмысы – қатаң бақылауда

Кез келген тәртіп бұзушылық жауапкершіліктен босатпайды. Бұл, әсіресе, Шымкент қалалық полиция департаменті қызметкерлеріне тікелей қатысты. Себебі, заң бәріне ортақ. Осылай деген Ералы Жұмаханбетов журналистермен бірге қала сыртындағы және ішіндегі блок посттардың жұмысын тағы рет пысықтап қайтты

Транзиттік бағыттағы жүк көліктері блок посттардан кедергісіз өтіп жатыр. Себебі, ауыл шаруашылығы мен құрылысқа қажетті тауарларға сұраныс көп. Осы себепті де олардың рұқсат алуы да жеңіл.Мұнда медбикелер мен полиция қызметкерлі үшін қажетті жатын орын бар. Оларға үш мезгіл ыстық тамақ жеткізіледі. Әр 8 сағат сайын қызметкерлер ауысып, тәулігіне 24 адам жұмыс істейді. Бұл, әрине, сала мамандарының жүктемесін арттырып отыр. Дегенмен мамандығы алдында ант берген олар кезкелген қиындыққа төтеп беруге дайын.  

Рейд адам шоғыры көп Шымкент-Ташкент бағыты мен Түркістан қаласына шығатын блок бекеттерде өтті. Тексеру жұмыстары көп уақытты алмайды. Себебі, әр адам база арқылы тексеріледі. Қазір қала ішінде көлікпен жүруге 45 мың азаматтың рұқсаты бар. Алрұқсаты жоқ 20 мыңға жуық адам кері қайтарылған.

Тәртіп бәріне ортақ деген полиция департаментінің басшысы, әсіресе, өз қызметкерлерінің жауапкершілігіне баса мән беріп отыр. Заңды өрескел бұзғандарын жұмыстан босатып жатыр.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 622 рет