Дүйсенбі, 20 Сәуір 2020 14:31

Шымкент: заң талаптарын орындамаған дүкен иелері айыппұл төлейді

Шымкенттегі барлық дүкен иелері аса қажетті деген 9 түрлі тауардың шектік бағасын қолдан өсірмеуі қажет. Бұл Шымкент қаласы әкімінің өкімі. Бүгіннен бастап, салалық мекемелер оларға рейд жүргізіп, заң талаптарын орындамағандарға 100 айлық есептік көрсеткіштен басталатын айыппұл төлететін болады.

Шымкент қаласында 19 сәуірден қоғамдық көліктер жұмысын тоқтатты. Дегенмен, заңды тіркелген 11 такси компаниясы ғана жұмысын жалғастыра береді. Басты талап,  жолаушылар саны 2 адамнан аспауы қажет.  Шымкент қаласында 19 сәуірден қоғамдық көліктер жұмысын тоқтатты. Дегенмен, заңды тіркелген 11 такси компаниясы ғана жұмысын жалғастыра береді. Басты талап,  жолаушылар саны 2 адамнан аспауы қажет.  Дәрігерлерді 106 автобус тасымалдап жатыр. Біз транспорт саласындағы қызмет жасайтын мекемелермен келісіп, бүгінде олар ең төменгі бағамен тасымалдап жатыр. Қауіпті болса да Шымкентте базарлар жұмыс істеп  тұр. Себебі, қажеттілік бар. Қазір  4 базардың алдына дезинфекциялық тюнель орнатылса, қалған үшеуіне жақын күндері қойылады. Бүгіннен бастап прокуратура бастаған салалық мекемелердің қатысуымен қала дүкендеріне рейд жүргізілмек.

«Бүгіннен бастап Шымкенттегі  барлық дүкен иелері аса қажетті деген 9 түрлі тауардың шектік бағасын қолдан өсірмеуі қажет. Бұл Шымкент қаласы әкімінің өкімі. Заң талаптарын орындамаған дүкен иелері 100 айлық есептік көрсеткіштен басталатын айыппұл төлететін болады» - дейді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов.  Қазір қалада коронавирус инфекцияның жұқтырғандар саны 80 адамды құрады. Бір қызығы бір-бірімен байланыста болмағандар арасында індет табылып жатыр. Демек, ауа құрамында инцекция болуы мүмкін деген болжам бар. Сол себепті де адам өз-өзін оқшаулау арқылы ғана аты жаман дерттен сақтана алады.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 587 рет