Жалпы Шымкент қаласының кіреберістерінде 18 блок-бекет, қаланың көше қиылыстарында 20 бекет жұмыс істеп тұр. Полиция департаментінің мәліметінше, осы күнге дейін блок-бекеттерде жалпы 86 772 автокөлік (63 330 азамат) тексерілген. Оның ішінде қаладан шыққан 17 154 автокөлік (22 971 азамат), қалаға кірген 27 824 (35 763 азамат), транзит 2 798 (4 596 азамат) тексеріліп өткізілген, рұқсаты жоқ 38 996 автокөлік өткізілмей, қайтарылған.
Төтенше жағдай кезеңінде қойылған шектеулерді бұзғаны және санитарлық талаптарды сақтамағаны үшін 965 тұлғаға Әкімшілік кодекстің 476-бабымен хаттама толтырылып, жинақтау іс-құжаттары шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Оның ішінде 459 жайт бойынша соттың шешімімен 88 тұлға әкімшілік қамауға алынған, 139 тұлғаға айыппұл салынды және 232 тұлғаға ескерту берілді.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»