Бейсенбі, 14 Мамыр 2020 10:55

Түркістан облысының полицейлері мақтааралдықтарға құжаттарын қалпына келтіруге көмектесуде

Түркістан облысы ПД көші-қон және әкімшілік полиция қызметкерлері су басқан кезде жоғалған Мақтаарал ауданы тұрғындарының құжаттарын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы Түркістан облысының ПД баспасөз қызметі хабарлайды.

Осы мақсатта Мақтаарал АПБ-нің көші-қон қызметінің қызметкерлері 500-ден астам тұрғын эвакуацияланған мектептердің біріне барды. Полиция қызметкерлерімен тексеру барысында бірнеше құжат жоғалту жайттарын анықтады, оның ішінде жеке куәліктер және үйдің құжаттарды жоғалған. Мысалы, Мақтаарал ауданы, Жеңіс ауылының 4 тұрғыны су басу аймағынан көшірілген кезде жеке куәліктердің жоғалуына байланысты тәртіп сақшыларына хабарлап, көмегіне жүгінген.

Қазіргі таңда көші-қон қызметінің қызметкерлері Мақтаарал ауданынан тиісті жоғалған құжаттарды жинап, қалпына келтіруге бағытталған жұмыстарды жүргізуде.
Естеріңізге сала кетейік, көрші мемлекеттегі су қоймасындағы апат салдарынан Мақтаарал ауданының бірнеше ауылдары зардап шеккен болатын. Түркістан облысының полицейлері, әскери қызметкерлер және құтқарушылармен бірге су басқан аумақтардың тұрғындарын және үй малын қауіпсіз аймаққа көшірді. Қазіргі уақытта ТЖ орнында авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 672 рет