Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ҚР Конституциясының 25 жылдығы және анықтаушылардың кәсіби мерекесіне орай арнайы марапатталды. Қызметтік міндеттерін адал атқарып, үздік көрсеткіштерге қол жеткізген 30 қызметкерге — Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес Қазақстан Конституциясына 25 жыл мерекелік медалі табысталды. 16 қызметкер — Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен марапатталды. Сондай-ақ 10 азамат — Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының алғыс хатына ие болды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ағамдағы жылдың 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс қимыл кезеңі» Жолдауында азаматтардың мүддесін қорғау жолында 7 бағыты мен қатар Ішкі істер органдарының қызметін одан әрі желтілдіру, реформалау жұмыстарының жалғасатынын көрсетіп кетті. Атап айтқанда, қылмыстық істерді жүргізуді жетілдіру, учаскелік полиция инспекторларының мәртебесін көтеру, сыбайластыққа жол бермеу, ашықтық, шынайылық, әділеттік ең басты қағида болуы керектігіне аса назар аударды. Сондықтан өз Антына адал, отансүйгіш, полиция қызметінің мүддесін жоғары қоятын қызметкерлер әрдайым марапатқа және құрметке лайық» — деп атап өтті Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетов.
Айта кетейік, марапаттау рәсімі ашық аспан астында әрі әлеуметтік арақашықтықпен қатаң санитарлық режим сақтала отырып ұйымдастырылды.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат