Осыған орай Әл-Фараби ауданы аумағында кезекті рет аудан әкімдігінің қызметкерлері және жергілікті учаскелік полицейлер, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы және аудандық әділет басқармасы өкілдерінің қатысуымен іс-шара жұмыстары жүргізілген. Аталған іс-шара барысында, А.Байтұрсынов көшесінің бойында орналасқан кафелер мен сауда орындарының иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, хабарлама парақшалары таратылды.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі №429 «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Занының 9 бабының 3 тармағында, алкоголь өнімін, тиісті лицензиясы болмаса сақтауға және өткізуге тыйым салынады. Сондай-ақ, алкоголь өнімін: жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға; лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы төленбесе; сағат 21:00-ден келесі күнгі 12:00-ге дейін өткізуге тыйым салынады. Осы Заңның талаптарын сақтамау түрінде жасалған бұзушылық үшін – құқық бұзушылықтың тікелей нысаны болып табылған кәсіпкерлік субъектісінің санатына сәйкес, жиырма бестен бастап, алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады екен.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»