Мерекелік жиында сөз алған Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев жиналғандарды мерейлі мерекемен құттықтап, құқық қорғау саласында аянбай тер төгіп жүрген бірқатар азаматтарды алғыс хатпен марапаттады. Сондай-ақ осы шарада таяуда өткен «Қауын фест» фестивалінде «Үздік карвинг өнері», «Ең шырын сусын» номинациялары бойынша бірқатар кәсіпкерлік нысандарының басшылары ақшалай сыйлық пен марапатқа ие болды.
«Биыл Ата заңның қабылданғанына 23 жыл толды. Елдің ел болып қалыптасуы мен даму үрдісінде Конституциямыздың алар орны ерекше. Жалпыға бірдей міндеттелген Конституция заңдарын Тәуелсіз еліміздің барша азаматы білуі және бағынуы, қастерлеуі тиіс. Өйткені, заң – мемлекеттік тұғыры», - деді Жамантай Қанайұлы.
Мұнан соң сөз алған Жетісай ауданының прокуроры Нұрғали Асқанбеков жиналғандарды меркемен құттықтап, Ата заңымыздың мемлекеттіміздің дамуына қосқан үлесіне ерекеше тоқталды.
Салтанатты шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Павел Ким «Самға» әнімен көпшілікті тамсандырса, Сәнім Ермекбаева, Абай Оралбеков және Айна Мейірбековлар «Қазақстан» әнін асқақтата орындады.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.