Сейсенбі, 04 Қыркүйек 2018 23:02

Түркістан облысы: Келес ауданында Конституция күніне арналған салтанатты шара өтті

Келес ауданды әкімдігінің ұйымдастыруымен Келес аудандының Абай ауылдық Мәдениет үйінде Конституция күніне орай салтанатты шара өтті. Жиынға аудан активі, ақсақалдар, құрметті азаматтар, жастар және Абай ауылының тұрғындары қатысты. 

Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалумен бастау алды. Бірінші болып сөз алған аудан басшысы А.Есбаев Конституция – бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі екенін атап өтті.

«Конституция бірлігіміздің тұрақтылығын, мемлекеттік құрылым мен еліміздің тұтастығын бекітіп берді. Әрбір азаматтың өзін тең сезінуіне және құқықтарын сақтауына берік негіз болды. Жасампаз жаңа дәуірге жол ашты. Еліміздің жеткен жетістігі мен алған белесі осы тұғырлы Конституциямыздың арқасында мүмкін болды», - деді А.Есбаев.

Мерекелік шара «Ата Заң – азаттықтың айғағы, тәуелсіздіктің тұғыры» атты сахналық көрініс пен сазды хореографиялық қойылым, концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
Жаңа мемлекетіміздің құқықтық негізін айқындаған Конституциямыздың қабылданғанына биыл 23 жыл толып отыр.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 1324 рет