Super User

Super User

Түркістан облысы: Сайрамда өткен ардагерлер кеңесінің алқалы жиынында ұрпақ тәрбиесі туралы айтылды

Сайрам ауданында қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі саналатын ұрпақ тәрбиесіне қатысты семинар-кездесу ұйымдастырылды. «Ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыс» тақырыбында өткен іс-шара облыстық Ардагерлер кеңесінің ұйытқы болуымен аудан, қалаларда жүйелі қолға алынған.

Түркістан облысында әлеуметтік салаға мониторинг жұмыстары жалғасуда

Түркістан облысында кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес, әлеуметтік саладағы кемшіліктерді жою бағытында ауқымды жұмыс атқарылуда. Әлеуметтік салаға бөлінген қаржыны өз мақсатында тиімді жұмсау, «бармақ басты, көз қысты» әрекеттердің жолын кесу үшін мониторингтер мен тексерулер жүргізілуде. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, осы бағыттағы жұмыстар талқыланды. Жауапты басқарма мен мекеме басшысының есептері тыңдалды.

Түркістан облысы: вице-министр өңірдегі бірнеше кәсіпорындардың жұмысымен танысты

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп,іссапары барысында ол облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеровпен бірге облыстың бірқатар өнеркәсіп орындарының жұмысымен танысып, кәсіпорын иелерімен тілдесті.

Түркістан облысы: артық салмағы бар науқастарға тың әдіспен ота жасалды

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында семіздікке шалдыққан науқастарға тың әдіспен ота жасалды. Артық салмағы бар бұл пациенттердің қант диабеті, қан қысымы сынды бірнеше қосалқы аурулары бар. Лапараскапиялық әдіспен жасалған күрделі отаны дәрігерлер Литва мемлекеті мен Астана қаласынан келген медицина мамандарының жетекшілігімен жасап шықты.

Осы RSS каналға жазылу