Super User

Super User

Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы талқыланды

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы талқыланды. Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы арнайы баяндама жасап, бірқатар жетістіктер мен жобаларды таныстырды.

Түркістанның туристік әлеуеті мен мүмкіндіктері, көрсеткіштері таныстырылды

Түркістанда Әлемнің халықаралық қолөнер қалалары ұйымы (WCC International) президенті Саад Каддуми бастаған әлемге танымал қолөнер өкілдері мен қолөнер сарапшылары бас қосты. Оған 19 мемлекеттен, атап айтар болсақ Австралия, Америка, Иран, Қытай, Малазия, Шри-Ланка, Бангладеш, Өзбекстан, Қырғызстан, Тайланд т.б. 30-ға жуық қолөнерші келді. Бұл келелі жиынның мақсаты – киелі шаһарға Халықаралық қолөнершілер қаласы мәртебесін беру.

Түркістан облысы: Мақтааралдық кәсіпорын мақта сапасының сақталуына ерекше көңіл бөледі

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Мақтаарал ауданына жұмыс сапарын индустриалды аймақта орналасқан «ZHANASSYL» ЖШС-нің мақта зауытының жұмысымен танысудан бастады. Зауыттың жылына 65 мың тонна мақта өңдеуге мүмкіндігі бар. Автоматты басқару жүйесінде жұмыс атқарады. Серіктестік директоры Абылай Тыныбаев 11 мақта қабылдау бекетінде мақта жинақталып, 3 бекетте қырманнан өнім қабылданып жатқанын жеткізді. Биыл 50 мың тонна мақта өңдеуге ниетті. Заманауи технологиямен жабдықталған кәсіпорында өңдеу барысында мақта сапасының сақталуына ерекше көңіл бөлінген.

Сайрам ауданында қазақтың дәстүрлі өнеріне арналған облыстық семинар-кеңес өтті

Сайрам аудандық мәдениет үйінде «Қазақтың дәстүрлі өнері, жыр термесі» тақырыбында облыстық семинар-кеңесі өтті. Шараны Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Алипов және Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі Асылхан Темірхан ашып беріп, семинар-кеңестің маңыздылығына тоқталды.

Осы RSS каналға жазылу