Сауран ауданында жайлымдарды халыққа қайтару жұмыстары қарқынды жүруде

Жалпы Сауран аудан бойынша жер көлемі – 721,7 мың гектар. 2022 жылы 48,5 мың гектар жерді елді мекенге ортақ жайылымға қайтару жоспарланған болса, нақты 51,3 мың гектар жер ортақ жайылымға қайтарылып, жоспар артығымен орындалған. 2023 жылға жоспар 30 мың гектар белгіленген. Бүгінгі таңда 14 725 гектар жер ортақ жайылымға қайтарылды. Алдағы уақытта жайылым мәселесі толығымен шешілетін болады.

Түркістан: жобалық басқарудың қағидаттарын енгізу жұмыстары пысықталды

Қазақстан толығымен жобалық басқаруға көшеді. Мемлекеттік басқару жүйесін жобалық басқару, заң жүзінде бекітіледі. Осыған орай елімізде тиісті тұжырымдама және заң жобасы әзірленіп жатыр. Мемлекеттік қызметте жобалық басқарудың қағидаттарын енгізу жұмыстары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылуда. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжіліс отырысында Мемлекеттік жоспарлауды жобалық басқару жүйесіне көшіруге қатысты жұмыстар пысықталды. Бұл бағыттағы атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды.

Отырар ауданында жастарды әскер қатарына шығарып салу рәсімі өтті

Тәуелсіз елімізге тірек болу, оның шекарасы мен тыныштығын кірпік қақпай күзету елжанды әрбір азаматтың қастерлі де қасиетті борышы. Елімізде әр жыл сайын күзде және көктемде осындай қасиетті азаматтық борыштарын өтеуге тиісті жастарды салтанатты жағдайда әскер қатарына шығарып салу рәсімі өтіп жатады.

Отырар ауданы: тактикалық оқу-жаттығу жиыны өтті

Бүгін ауданда «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-не қарасты Түркістан филиалының Шәуілдір орманшылығының аумағында шартты түрдегі өртті сөндіру бойынша тактикалық оқу жаттығу жиыны өтті.

ПРОКУРОРЛАР ШЫМКЕНТТІК СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласында Еңбекші аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен студент жастарға арналған «Прокуратура сағаты: есірткі және жасөспірім» атты кездесу өтті. Шымкент көлік колледжінде өткен жиынға аудандық прокурордың орынбасары Данияр Сағындықов, Еңбекші аудандық полиция басқармасының бастығы Оңласбек Алғыбаев, психиатр-нарколог Майра Садықова және аудандық мешіттің имамы Орын Ербосын қатысып, жастарға синтетикалық есірткі, оны тасымалдау мен жарнамасымен айналысудың салдары және тәуелділік жайында түсіндіріп берді.

Жиынды аудан әкімінің орынбасары Досалы Амангелдиев жүргізіп отырды. Алғаш болып сөзге шыққан аудан прокурорының орынбасары Д.Сағындықов есірткі тасымалымен айналысқандар қандай жаза болатынын түсіндірді. Оның айтуынша, ресми мәліметке сәйкес, елімізде 118 мың адам есірткіге тәулділік бойынша есепте тұрады. Бірақ, нақты көрсеткіш әлдеқайда жоғары, шамамен 150 мың адамға жетеді. Әлемдік тәжірибеде есірткіге тәуелді 10 адамның біреуі ғана бұл жаман әдеттен арылуға тырысады екен.

– Нашақорлар есірткіні көп қолданғаны үшін емес, көбіне ЖИТС, инфарк, гепатит немесе суицидтен қайтыс болады. Негізінен синтетикалық есірткіні қолданушылардың өмірі 5 жылдан ары аспайды. Ал, есірткі сатушылары «синтетиканы» мүлдем зиянсыз, тәуелділікке әкелмейді, деп сендіреді. Алайда, мұндай есірткі героиннен де қауіпті. Алғашқы қолданғанда адам бойына сергектік сыйлап, уақытша жақсы көңіл-күй береді. Күші тарқай бастағанда, депрессия, ұйқысыздық және әлсіздік билейді. Мұндай сәтте адам осы «аурудан» арылу үшін тағы есірткі іздей бастайды. Сатушылар есірткіні тарату ісіне көбіне жасөспірімдерді таңдайды. Өйткені, жастар апта сайын түсетін көп табысқа тез алданады. Тарату ісіне кірерде жастар өзі жайлы бүкіл мәліметті ұсынуы тиіс. Егер арада уақыт өтіп, таратушы «ойыннан» шығуға ниет етсе, сатушы оны туған-туыстарымен немесе өзін бопсалау арқылы ұзақ жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Алайда, таратушы ең ұзағымен 2 аптаға дейін ғана жұмыс істей алады, құқық қорғау органдары оларды қысқа мерзімде анықтап, құрықтайды, - дейді Данияр Молдабекұлы.

Елімізде есірткі саудасымен айналысқандарға, таратушыларға және оны жарнамалауға қатысты заң өте қатал, ешқандай жеңілдік қаралмайды. Қазір түрмеде 4 мыңнан астам адам есірткі қылмысымен жазасын өтеп жатыр. Прокурордың айтуынша, кәмелет жасқа толмағандар үшін 10 жылдан бастап 20 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, 18 жастан асқандар 20 жылдан көп уақытын түрмеде ең ауыр қылмыскерлердің арасында өтейді екен.

Жиын барысында әр саланың маманы есірткінің салдары мен тәуелділік кезіндегі адам өміріне туғызатын қауіп жайында терең мағлұмат беріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Сөзге шыққан мамандар жастарға алғаш рет есірткінің дәмін татуды ұсынған сәтте «жоқ» деп айту қажет екенін ұғындырды.

 

Сауран: қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты назарда

2022 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысының «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Астана қаласындағы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бағдарламалар офисінің қолдауымен бүкіл республика аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілдерді енгізу тетіктерін масштабтау міндетін қойған болатын.

Түркістан: жемқорлыққа қарсы жұмыстар өңірде тұрақты түрде жүргізіліп келеді

Түркістан облысына Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев келіп, облыс активі мен құзырлы орган басшыларымен кездесті. Жиынды Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жүргізіп отырды.

Түркістан облысы: заңсыз карьер иелеріне қарсы күрес күшейе түспек

Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланушыларға қарсы күрес күшейтілді. Облыс аумағында 100-ден астам карьерлердің жұмыстары жаппай тексеріліп жатыр. Рейдтік шаралар өткізіліп, айыппұл салынуда. Жыл басынан бері келісімшарттық міндеттемелерін толық орындамаған және су қорғау белдеуінде орналасқан 11 жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттары мерзімінен бұрын тоқтатылған.