Отырар ауданында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия отырысы өтті

Аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмахановтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы Ә.Байтанаев, Ш.Уәлиханов, Ергөбек мектептерінде өткізілді.

Отырарда адам құқықтарын қорғау жөнінде келелі жиын өтті

Отырар ауданында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының ұйымдастыруымен «Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Отырарлық жас сарбаздарды әскерге салтанатты түрде шығарып салу іс-шарасы өткізілді

Тәуелсіз елімізге тірек болу, оның шекарасы мен тыныштығын кірпік қақпай күзету елжанды әрбір азаматтың қастерлі де қасиетті борышы. Сондықтан әр азамат Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен өтеуге асығып, әскер қатарында болуды қалайды.

Отырар ауданы: қоғамдық бақылау жүргізілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті бастамасымен Отырар ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы Е.Касымбеков және «Отырар ауданының мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.Сартаев тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау аясында Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде қоғамдық бақылау жүргізілді.

Отырар ауданы: қадамдық жоспар аясында «қызмет алушылар күні» өтті

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары аясында Қызмет алушылар күні облыс көлемінде ауқымды іс-шаралар өткізу жоспарланған.

Отырар ауданы: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ шалғай ауыл тұрғындарына құқықтық көмек көрсетті

Отырар ауданы Шәуілдір және Көкмардан ауыл тұрғындарына кеңес беру науқанында мобильді топ мүшелері тұрғын үй алудың тәртібі, тұрғын үйді жекешелендіру, зейнеткерлікке шығу, жұмысқа орналасу, алимент өндіру, егін алқаптарына су тарту, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жүйелендіру және ауыл шаруашылығына жеңілдетілген несие алудың тәртібі туралы құқықтық кеңестер берді.

Түркістан: экологиялық талапты сақтамаған кәсіпкерлер жауапкершіліктен құтылмайды

Түркістан облысында 41 ыстық су ұңғымасында 69 жекеменшік монша бар. Атап айтсақ, Сауранда – 5, Түркістан қаласында – 2, Арыста –11, Отырарда –15, Қазығұртта –2, Бәйдібекте –1, Келесте –12, Сарыағашта –12 және Ордабасы ауданында 9 монша тіркелген. Олардың бәрі экологиялық талаптарды сақтаған ба? Бұл сұрақ аппараттың апталық мәжілісінде талқыланды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды осы мәселеге жауапты басқарма басшысы мен мекеме өкілдерінің есептерін, ұсыныстарын тыңдады.

Түркістан облысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күшейтілді

Түркістанда Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штаб мәжілісі өтті. Штаб төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қоғамның дертіне айналған нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресті жандандыру қажет екенін айтып, жауапты мекеме басшыларына жұмысты ширатуды тапсырды.