Сайрам ауданы: Әрбір нысан бойынша карантин талаптарын сақталуына мониторинг жүргізіп, кемшіліктер бойынша тиісті құжаттар рәсімдеу тапсырылған

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаев төрағалық еткен лездемелік мәжіліске ауыл округі әкімдері, дербес бөлім басшылары, СЭС басшысы Е.Түктібай, аудандық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметінің басшысы Б. Есенов қатысты.

Түркістан: Адам құқықтары жөніндегі комиссияның баяндамасы таныстырылды

Түркістан облысы әкімдігінің мәжіліс-залында ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның «Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы іс-қимыл саласында азаматтардың және өзге де адамдардың әлеуметтік-экономикалық, еңбек, азаматтық және мәдени құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері» атты арнайы талдамалық баяндамасының тұсаукесері болып өтті.

Түркістан: Бейбіт шеру ұйымдастырудың талаптары жөнінде ақпарат берілді

Түркістан қаласы әкімдігі, 109 - Бірыңғай байланыс орталығының Instagram (@turkistan109) және Facebook (Turkistan Bailanys Ortalygy) парақшалары арқылы тікелей эфирде бейбіт шеру ұйымдастырудың талаптары жөнінде ақпарат берілді.

Шардарада: Кәмелетке толмаған жасөспірімдер ісі бойынша мәжіліс өтті

Мәжіліске аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның төрағасы, аудан әкімінің орынбасары мәжіліс төрағасы Б.Шомпиев, Шардара қаласы,Ұзын-ата Жаушықұм ауылдық округінің әкімдері жастар жұмысына жауапты мамандары, аудандық адами әлеуетті дамыту, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, дене шыңықтыру және спорт бөлімінің жауапты қызметкерлері, Қ.Сағырбайұлы атындағы жалпы орта мектебінің директоры, тәрбие саласына жауапты педагогикалық қызметкерлері және құқық қорғау органының қызметкерлері қатысты.