Отырар аудандық полиция бөліміне ер адам арызданды. Оның айтуынша тұрғын үйінің ауласының сыртында тұрған «К-700» маркалы трактордың құны 75 000 теңге тұратын 2 дана аккумляторын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 150 000 теңге. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.
Хабарламаны естіген тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетті. Олар ұрлық қылмысын ашуға бағытталған шараларды жүзеге асырды. Жақын аумақтарды түгел қарап шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Нәтижесінде оның жергілікті тұрғын екені белгілі болды. Анықталғандай күдікті жас жігіт сол көшеден күнделікті өтіп, бақылап жүрген. Ер адам ешкімнің байқамай тұрғанын пайдаланып, арам ойын жүзеге асырған. Күдікті ұрлаған бөтеннің мүлкін арнайы аккумулятор қабылдайтын орынға алып барып өткізіп, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға жеке мүліктеріңізге сақ болуды ескертеді. Пайдакүнемдік мақсатпен бөтен мүлікті жасырын ұрлау қылмыс болып саналады. Әрбір қылмыстың өтеуі – жаза екенін естен шығармайық.
«AQ-QARA.KZ»- ақпарат