Биыл Түркістан өңіріндегі колледждерге 15 500 орынға грант қарастырылып отыр

Түркістан өңіріндегі колледжерде «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай 9 жаңа мамандық ашылды. Олар: жүк көтергіш машиналар мен транспортерлер, пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу, жаңартылған энергетика, жемістер мен көкөністерді сақтау және қайта өңдеу, стамотология, фармация. Бүгінге дейін заңдастыру және құжаттандыру жұмыстары жүргізіліп, лицензиялары алынды.

Шанхайда Visit Turkistan туристік ақпараттық кеңсесі ашылды

ҚХР-ның Шанхай қаласындағы ғасырға жуық тарихы бар Broadway Mansions қонақ үйінде Visit Turkistan туристік ақпараттық кеңсесі ашылды.

Кеңсенің негізгі мақсаты – әлемнің түкпір-түкпірінен келетін саяхатшыларға Түркістан облысының туристік әлеуетін таныстыру және өңірге туристерді тарту.

Түркістан: Шардарада шіркейге қарсы залалсыздандыру шаралары жалғасуда

Шардара ауданында шіркейге қарсы залалсыздандыру шаралары биыл сәуір айынан бастап жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Соңғы күндері кейбір елді мекендерде шіркейдің көбеюі байқалуына байланысты, дезинсекциялық жұмыстар күшейтілген режимде жүргізілуде.

Түркістандық мектеп басшыларының басын қосқан форум

Түркістан қаласында облыстық білім басқармасы мен ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» тақырыбында мектеп директорларының форумы өтті. Маңызды басқосуға білім бөлімдерінің басшылары, әдістемелік кабинет меңгерушілері, мектеп басшылары мен 1000-нан астам директор қатысты.

Түркияның ORZAX компаниясы Түркістанда зауыт салмақ

Түркияның жетекші фармацевтикалық компанияларының бірі – ORZAX Түркістан облысында биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) шығаратын жаңа зауыт салуға ниетті. Жобаның жалпы құны 40 миллион АҚШ долларын құрайды.

Биыл Түркістан облысында тұрғын үй құрылысы үшін жалпы бюджеттен 31,3 млрд. теңге қаралған

Түркістан облысы бойынша 2025 жылы 1060 мың шаршы метр тұрғын үй алаңын пайдалануға тапсыру жоспарланған. Оның ішінде көпқабатты тұрғын үй – 410,2 мың шаршы метр болса, жеке тұрғын үй көлемі 649,8 мың аршы метр болады деп күтілуде. Сәуір айының қорытындысымен өңірде 226,1 мың шаршы метр тұрғын үй алаңы пайдалануға тапсырылды. Осы саладағы мәселелер облыс әкімдігінде өткен мәжілісте талқыланды.

Түркістан облысында 70-ке жуық ашық жағажай ашу жоспарлануда

Түркістан облысында биыл жыл басынан бері түрлі жағдайларда 30 адам тілсіз жаудың құрбаны болған. Оның 13-і жас балалар. Бұл туралы өткен брифингте облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Оразгелді Дүйсен мәлімдеді.

Түркістан облысының аудан-қалаларында қиын жағдайдағы отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетілуде

Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде 2024-2025 жылдары Түркістан облысының барлық аудан және қалаларында «Отбасын қолдау орталықтары» ашылды. Қазіргі таңда 17 орталық жұмысістеп тұр.