Super User

Super User

ШЫМКЕНТТЕГІ ҚАРАТАУ АУДАНЫНА ҚАРАСТЫ 18 ЕЛДІ МЕКЕН ТОЛЫҚТАЙ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ

Ағымдағы жылы Қаратау ауданына қарасты Сайрам және Қызылсу елді мекендеріне ауыз су құбырын тарту жұмыстары атқарылуда. Құрылыс жұмыстарының аяқталуына орай, аудан аумағындағы барлық елді мекендер сапалы ауыз сумен 100% қамтылады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы Бозарық саяжайының жаңақұрылыс аумағындағы 1200 абонентті электр жарығымен қамту жұмыстары атқарылатын болады. Одан бөлек, ОЖТ тарапынан инвест бағдарлама аясында Тассай, Таскен, Қайтпас және Сайрам елді мекендерінде электр желілері мен трансформаторлар алмастырылуда.

2023 жылы Тұран шағын ауданында газ құбырын тарту құрылысы аяқталып, абоненттеу жұмыстары жүргізілуде. Тассай т/а, Нұртас ш/а құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталып, жыл соңында елді мекендерді табиғи газбен қамту көрсеткіші 96% құрайтын болады деп жоспарлануда. 2025 жылға дейін аудан халқын табиғи газбен қамту көрсеткішін 100%-ға жеткізу жоспарлануда.

Санитарлық тазалау жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру мақсатында аудан территориясы 7 аумаққа бөлініп, оған Қаратау ауданы әкімі аппаратының жауапты мамандары бекітіліп, жұмыс атқарылуда. 2023 жылдан бастап аудан аумағындағы санитарлық тазалық жұмыстары «Қаратау» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан атқарылуда.

2023 жылы аудан тұрғындарының қатысуымен орталық көшелердің бойына және көп қабатты үй аулаларына 5000 түп ағаш көшеті отырғызылды.

190 мыңнан астам тұрғыны бар ауданда 2022 жылы қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын мекемелермен тұрғындар арасында келісім-шарт түзу көрсеткіші 99% құрап отыр. Аталған көрсеткішті ағымдағы жылы 100%-ға жеткізу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Көп қабатты тұрғын үй аулаларындағы қоқыс алаңшаларына 2022 жылы аудан әкімі аппараты тарапынан 375 жаңа қоқыс контейнер орнатылып, 46 қоқыс алаңшасының орны абаттандырылса, 2023 жылы 127 жаңа қоқыс контейнері орнатылды.

ШЫМКЕНТ: ПИЛОТСЫЗ ҰШУ АППАРАТТАРЫМЕН АЭРОВИЗУАЛДЫ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ ПРАКТИКАДА ҚОЛҒА АЛЫНҒАН

Бүгінгі таңда, Шымкент қаласының аумағында Шымкент қаласы әкімдігінің теңгеріміндегі «Жасыл Белдеу» және Түркістан облысы әкімдігіне қарасты «Бадам» орман шаруашылықтары орналасқан. Екі орман шаруашылығының жалпы жер көлемі 6 мың 286 га, оның ішінде орманды аймақ 5 мың 053 га, жабылмаған аймақ 1 мың 233 га. құрайды.

Орман қорын қорғау мақсатында осы екі шаруашылықтың балансында, жалпы 22 бірлік бейімделген техника және 186 өрт сөндіру құралдарымен 14 бірлік мотопомпа бар. Қазіргі таңда, жабдықтау мен адам құрамы дайындыққа келтірілген.

Жалпы өрт қауіпті кезең басталғалы орман және бидай алқаптарында 2 өрт оқиғасы орын алды. Материалдық шығын 3 млн. теңгені құрады.

Өрт қауіпті кезеңінің қарсаңында «Шымкент қаласының аумағында орман және дала өрттерінің туындау және оларды жою тәуекелдерін төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспары» түзіліп, бекітілді.

Сонымен қатар, жоспарлы іс-шараларды өткізу шеңберінде қалалық Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясы екі отырыс өткізіп, тиісті мекемелерге тапсырмалар берді.Барлық мүдделі қызметтерді тарта отырып, шартты орманды- дала өртін сөндіру бойынша 2 өрт-тактикалық оқу-жаттығу, 1 өрт-тактикалық сабақ өткізілді.

Ықтимал табиғи өрттерді жер жырту жолымен оқшаулау мақсатында жалпы ұзындығы 1075,3 км. құрайтын минералды жолақтарды құру жұмыстары толық көлемде жүргізілді.

Департамент тарапынан орман қоры аумағында және басқа да табиғи және техногенді төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында пилотсыз ұшу аппараттарымен аэровизуалды бақылау жұмыстарын жүргізу практикада қолға алынған.

Бұдан бөлек, Департаментте, болуы мүмкін орман дала өрттерін сөндіруге жоғары өтімді 13 бірлік техника және 84 адам жеке құрамы ұдайы дайындыққа келтірілген.

Күнделікті орман және дала өрттеріне мониторинг, профилактикалық, рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, халықтың, орман және шаруа қожалықтарының қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстары белсенді түрде атқарылуда, бұқаралық ақпарат құралдарында үгіттеу іс-шаралары жүргізілуде.

Өрт қауіпті кезеңде ауа райының +39 градустан аса көтерліуінен «101», «112» қызметіне құрғақ шөптің немесе қоқыстың жануы туралы күніне 20-30 қоңырау түсіп отырады.

Осыған орай, қала тұрғындарына Төтенше жағдайлар департаменті құрғақ шөпті ору, қоқысты тазалау жұмыстарын жүргізу, сөндірілмеген сіріңкелер мен темекі қалдықтарынан, шыны ыдыстарының қалдықтарынан, дала, орман алқаптарында бақылаусыз от жағудан бас тарту қажеттілігін хабарлайды. Бұл өз кезегінде өрт қауіпті кезең ішінде өрттің алдын алуға және материалдық шығынның азаюына алып келері сөзсіз.

БИЫЛҒЫ ЖЫЛЫ ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУДЫҢ ІІ КЕЗЕҢІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы Заңына сәйкес 2021 жылдың 1–ші қаңтарынан бастап Салық кодексінің 71–тарауы «Жалпыға бірдей декларациялау» қолданысқа енгізілді.

2021 жылы декларация тапсырушылар қатарында жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары, мемлекеттік функцияларды орындауға уәклеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары, «ҚР сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңына және «Банктер және банк қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларацияны табыс ету міндеті жүктелген адамдар бар.

Қазіргі таңда, яғни 2023 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Жалпыға бірдей декларациялаудың ІІ-ші кезеңі жүзеге асырылуда.

250.00-нысан активтері мен міндеттемелері туралы декларацияларын жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңінде Шымкент қаласы бойынша 392 мекемелерден барлығы 55 745 жеке тұлға күтіліп отыр.

Екінші кезеңде квазимемлекеттік сектордың, білім беру, мәденеиет спорт саласының мемлекеттік қызметкерлері тапсырады. Олар: балабақшалар, мектептер, ауруханалар. Квазимемлекеттік сектор дегеніміз бұл – құрылтайшысы және қатысушысы мемлекет болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар, ЖШС-тер, АҚ-дар, Ұлттық компаниялар және холдингтер.

Жалпыға бірдей декларацияны қағаз тасығышта ұсыну мерзімі 2023 жылдың 15 шілдесіне дейін. Ал 2023 жылдың 15 қыркүйегіне дейін кешіктірмей электронды түрде тапсыру міндетті. Сондай-ақ жеке тұлға декларацияны тұрғылықты жері бойынша тапсырады.

 

 

ШЫМКЕНТТЕГІ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДАҒЫ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ 60%-НА СЫҒЫМДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкент қаласы әкімдігінің Өңірлік коммуникациялар орталығында Еңбекші ауданының әкімі Есілбек Досбол Күздікбайұлы 2023 жылдың алты айындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есептік брифинг берді.

Қазақстан Республикасы Президентінің әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы №826 жарлығын орындау бойынша:

2023 жылы аудан тұрғындарымен жалпы 22 рет кездесу өткізіліп, оған 690 нан астам тұрғын қатысты.

Оның ішінде, қала әкімі Еңбекші ауданының тұрғындарымен кестеге сәйкес және кестеден тыс екі кездесу өткізіп, нәтижесінде 59 тапсырма берді. Бүгінгі таңда оның 28-і орындалып, 31 мәселе орындалу барысында.

Сонымен қатар, Мәслихат бекіткен кестеге сәйкес аудан әкімі Исфиджаб, Азат, Абдулабад, Тоғыс, Қаратөбе, Базарқақпа, Елтай тұрғын алаптарында кездесу өткізіп, тұрғындар тарапынан 75 мәселені қарауға алды. Оның бүгінде 36-сы шешімін тапса, 39 мәселе бойынша жұмыстар орындалу барысында.

Жаңа «Тұран» ауданының құрылуына байланысты Еңбекші ауданының шекарасы өзгерді. Қаратау ауданынан «Исфиджап», «Орманшы», «Достық» тұрғын алаптары мен «Азат» шағын ауданы қосылса, Әл-Фараби ауданынан «Бадам» шағын ауданының 2-ші бөлігі қосылды. Сондай-ақ, Еңбекші ауданынан Қаратау ауданына «Шапағат», «Мирас», «Тараз», «Солтүстік Шығыс» шағын аудандары, Әл-Фараби ауданына «Теріскей», «Сайрам», «Күншығыс», «Шымкентстрой», 15-ші, 16-шы, 17-ші, 18-ші шағын аудандары, орталықтағы үйлер берілді.

Қазіргі таңда аумағы 22 800 гектарды алып отырған Еңбекші ауданындағы халық саны 228 830 құрайды.

Жалпы аудан аумағындағы 17 тұрғын алап пен 12 шағын ауданда 728 көше мен өткел, 1 саябақ, 2 гүлзар, 283 көпқабатты және 37 061 жеке тұрғын үйлер орналасқан.

Инфрақұрылыммен қамту:

Ауданның халық шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған. Атап айтқанда, ауыз сумен 94,5%, электр жарығымен 98,3%, табиғи газбен 90,7%, кәріз жүйесімен 41%, асфальт жолмен 74% қамтылған.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Еңбекші ауданында инфрақұрылым жүйелерін дамыту туралы 2022-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасымен бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде.

Ауыз сумен қамтамасыз ету:

2022 жылы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 94,5% құраса, биылғы жылдың қорытындысымен халық шоғырланған аумақтар толық ауыз сумен қамтылады. Ал жаңақұрылыс аумақтары 2024-2025 жылдары 100 пайыз ауыз сумен қамту жоспарланған.

Сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету:

Аудандағы елді мекендердің 98,3% мемлекеттің сапалы электр жарығымен, 1,2% жекеменшік жүйедегі жарықпен қамтылса, қалған 0,5% электр жарығымен қамтылмаған жаңақұрылыс учаскелері. 2024-2025 жылдары аудан аумағын толығымен сапалы электр желісімен қамту жоспарланған.

Табиғи газбен қамтамасыз ету:

Табиғи газ жүйесімен қамту көрсеткіші 2022 жылы 90,7% құраған болса, 2023 жылы жаңа шекараның белгіленуіне сәйкес, қамту көрсеткіші 87,2% төмендеді.

Оңтүстік, Қарабастау, Жұлдыз, Жалын, Қаратөбе тұрғын алабының жаңақұрылыс аймағындағы 3739 абонентке жобалау-сметалық құжат әзірленіп, сараптамадан өткізуге тапсырылған. Оның ішінде, Қаратөбе тұрғын алабының жаңақұрылыс аймағына әзірленген ЖСҚ сараптаманың оң қортындысын алды.

2025 жылдың қорытындысымен 5992 абонентті құрайтын жаңақұрылыс аймақтарын көгілдір отынмен қамтамасыз етіп, көрсеткішті 100%-ға жеткізу жоспарланған.

Кәріз жүйесімен қамтамасыз ету:

Кәріз жүйесімен қамтылу көрсеткіші 2022 жылы 57%-ды құраған болса, қазіргі таңда әкімшілік аумақтың өзгеруіне байланысты кәріз жүйесімен қамтылу жағдайы 41%-ды құрап отыр.

Оның ішінде, «Ұлағат» шағынауданында кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде, нысан құрылысы 2023 жыл қорытындысымен аяқталатын болады. Жұлдыз тұрғын алабындағы көпқабатты 27 үйге кәріз жүйесі жүргізілді. Қазіргі уақытта пәтер иелеріне абоненттеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Автожолдар сапасы:

Ауданда ұзындығы 732,91 шақырымды құрайтын 728 көшелер мен өткелдер бар. Жолдардың 73,1%-ын асфальт, 21,6%-ын тастақ 5,3%-ын топырақты жол құрайды.

2023 жылы ұзындығы 45,5 шақырымды құрайтын 73 көшені жөндеу жоспарланған. Қазіргі таңда 38 көше асфальтталды, 25 көшеде жұмыстар жүргізілуде, 9 көше бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде.

«Исфиджап» т/а ауыз су құрылысы жүргізілетіндіктен 1 көше 2024 жылға ауыстырылды. 2027 жылға дейін жаңақұрылыс аймағындағы инфрақұрылым жүйесімен қамтылғаннан аудан аумағын қанағаттанарлық жол үлесін 100%-ға жеткізу жоспарда бар.

Көшелерді жарықтандыру:

Еңбекші ауданы аумағындағы жарықтандырылған көше саны - 89.

Биылғы жылы 28 көшені жарықтандыру, 2024 жылы 21 көшені, 2025 жылы 22 көшені жарықтандыру жоспарлануда.

Ирригациялық арықтар орнату:

2023 жылдың І-кезеңімен 3,5 шақырымды құрайтын 10 мекен-жайға, ІІ-кезеңімен 2,8 шақырым болатын 3 мекен-жайға ирригациялық арықтар салу жоспарланып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Қалған 23 көшеге ирригациялық арық орнату 2024-2025 жылдарға жоспарланған.

«Халық қатысатын бюджет» жобасы:

Еңбекші ауданы бойынша 283 көпқабатты үй 132 аулаға біріктірілген. 2021 жылдан бастап «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында тұрғындар өз ұсыныстарын жасау арқылы, жергілікті бюджеттің қалыптасуына қатысып келеді.

2021 жылы 41 көпқабатты үйдің 32 ауласы абаттандырылып, ойын алаңшалары құрылса, 2022 жылы 75 көпқабатты үйдің 42 ауласы абаттандырылып, жеке секторда 11 кешенді балалар ойын алаңшалары құрылды.

2023 жылы 35 үйдің ауласын абаттандыру және 4 жеке секторда балалар ойын алаңшасын құру жоспарланған.

2024-2025 жылдары 62 ауланы абаттандыру жоспарлануда.

Спорт алаңшаларын салу:

Қазіргі таңда аудан аумағында 55 ашық спорт алаңшасы орналасқан.

2023 жылы 7 спорт алаңшасын орнату жоспарланса, 6 алаңшаның құрлысы аяталу сатысында, ал, 1 алаңшаны құру бойынша жер телімі дайындалуда.

Жылыту маусымына дайындық:

Еңбекші ауданына қарасты 283 көпқабатты тұрғын үйдің 175-і орталықтандырылған жылумен қамтылған. 2023-2024 жылдары көпқабатты тұрғын үйлерді қысқы жылу маусымына сапалы және уақытылы дайындау мақсатында аудандық жұмыс штабы құрылған. Сонымен қатар, «Қуат жылу орталық-3» МКК мен бірлескен іс-шаралар жопары бекітілген.

Қазіргі таңда аудан аумағындағы 105 (60%) көпқабатты тұрғын үйлерге сығымдау жұмыстары жүргізіліп, дайындық актісі алынды.

Сонымен қатар, түсіндіру жұмыстарының нәтижесі бойынша 6 үй тұрғындары сервистік компаниямен келісім-шарт түзді, ал 7 үйдің тұрғындары сервистік компаниямен келісім-шарт түзіуде, 5 үйде сығымдау жұмыстарына дайындық жүргізілуде.

Әлеуметтік нысандардың жылыту маусымына дайындығы:

Аудан аумағында жалпы саны 61 әлеуметтік нысан орналасқан, оның ішінде орталық жылуға қосылған 16, автономды жылыту қазандығы бар 45 нысан бар.

10 нысанға сығымдау жұмыстары жүргізілген, 6 нысанда сығымдауға дайындық жүргізілуде. Қатты отынымен жылытатын №124 мектепке көмір түсірілді, ал № 67 мектепке бір апта көлемінде түсірілетін болады.

Қызмет көрсететін сервистік компаниялар:

Еңбекші ауданында 64 үйге 7 сервистік компания қызмет көрсетуде. Олар:

- «Теплокомсервис» ЖШС-ы (16 шағынауданы, тел: 8-702-655-05-82),

- «Нұр-Арыстан» ЖШС-ы (Түркістан көшесі №314, тел: 8-701-727-45-47),

- «NUR-D» ЖШС, ЖК «Шоманбаев» (Ш.Уалиханов көшесі №213А, тел: 8-705-483-85-54),

- ЖК «Аскар» (Елшібек батыр көшесі №114, тел: 8-705-885-77-30),

- «Kaz construction service-2020» ЖШС (Кожановкөшесі №1/10, тел: 8-708-478-60-38),

- ЖК «МолИз» (Академгородок №61, тел: 8-701-728-56-98).

Қатты отын қоры бойынша:

Еңбекші ауданы бойынша жеке секторда көгілдір отынмен қамтылмаған 1212 тұрғын үй бар. Ағымдағы жылдың қысқы жылу маусымында қатты отын қажеттілігі – 4242 тоннаны құрайды. Аудан тұрғындарын көмірмен қамтамасыз етумен «Азамат-Мұнай» ЖШС-ы (Қойкелді батыр көшесі) және ЖК «Арганат» (К.Цеткин көшесі 159) мекемелері айналысады. Қоймада – 3200 тонна қатты отын бар (бағасы – 18300 тг). Қазіргі таңда 1100 тонна (25%) көмір сатып алынды.

Осы RSS каналға жазылу