Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Арыс қаласында кезекті штаб отырысын өткізіп, Марокко шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу жұмысының есебін тыңдады. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Түлкібас, Сайрам, Созақ, Отырар, Төлеби, Сауран аудандарында алқаптарды дәрілеу қарқын алды.
Ордабасы ауданында ошақтар толық жойылып, аймақтарды тазалау жалғасуда. Келес, Сарыағаш, Арыс аумақтарында ауданаралық шекаралардың бойына техникалар жұмылдырылған. Ал, Қазығұрт, Шардара аудандарына егістіктерді зиянкестен қору бойынша кезекшілікті күшейту ескертілді.
Химиялық өңдеуге жұмсалған препарат 100 тоннадан асты. Республикалық бюджет қаражаты есебінен 192 мың гектарда (аумақтық инспекция – 192,0 мың га), жергілікті бюджет арқылы 180 мың гектар және аудан, қаладағы кәсіпкерлердің демеушілігімен 300 мыңнан астам гектар жерде жұмыс жүрді.
Облыс әкімінің орынбасары жұмыстарды осы қарқынмен жалғастыруды тапсырды. Кезекші техникалар тәулік бойы ауыссыммен жұмысын жалғастыруы тиіс. Бақылаулышарға азаматтардан түскен кез-келген хабарламаны шұғыл назарға алып, өзектілігі мен қажеттілігін саралап, мезгілінен кешіктірмей тиісті жұмыстарды ұйымдастыруды тапсырды.