Түркістан: “Мен өз елімнің патриотымын!” атты сынып сағаттары өтуде

29 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды.

Аталған заңға сәйкес 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні болып белгіленді. Осыған орай, Түркістан қаласы Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектебінде төмендегі мерекелік іс-шара өтілді.

1. “Мен өз елімнің патриотымын!” атты сынып сағаттары

2.“Менің Отаным-Қазақстан” атты тақырыпта эссе,өлең шумақтары,ән-жырлар байқаулар

3.“Бүгінгі ұрпақ-ел ертеңі” бастауыш сынып оқушыларының арасында концерттік бағдарлама

4. “Тарихты білу-ұрпаққа парыз” атты танымдық сұрақ-жауап ойыны өткізілді.

Апталық мерекелік іс-шаралар жалғасын табуда.

ҮШІНШІ МЕГАПОЛИС БАСШЫСЫ ДІНИ БІРЛЕСТІК ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов діни бірлестік өкілдерімен кездесіп, Рухани келісім күнімен құттықтады.

Қазақстан - зайырлы мемлекет, сол себепті дәстүрлі діни конфессиялардың жұмыс істеуіне ешқандай шектеу жоқтығын тілге тиек еткен шаһар басшысы мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаты - бейбітшілік пен келісімді нығайту екенін атап өтті.

“Конституция барлық азаматтарға, оларды наным сенімдері бойынша тең құқық берді. Биыл қыркүйек айында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың басшылығымен "Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі" өтті. Сонымен қатар, Рим Папасы Францисктің елімізге жасаған тарихи сапарын атап өткен жөн. Мемлекеттік саясат біздің діни бірлестіктеріміздің бейбітшілігі мен рухани келісімі негізінде дами түседі”,-деді М.Әйтенов.

Айтып өтейік, қала аумағында 12 конфессияны білдіретін 121 діни бірлестік тіркелген, 9 миссионер бар.

Кездесуге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкіл имамының бірінші орынбасары Ақтамберді Мұсабек, «Свято-Никольский кафедральный собор приходы» жергілікті діни бірлестігінің протоиерейі Могилевский Александр Валерьевич, «Шымкент Евангелдік христиандық «Сун Бок Ым» шіркеуі» жергілікті діни бірлестігінің пасторы Тен Михаил Валерьевич, «Сәби Исаның - Әулие Терезасы атындағы Рим-католик приходы» діни бірлестігі жетекшісінің орынбасары Риварола Хернан Рикардо және т.б. дін өкілдері қатысып, діндегі ахуал, тұрақтылық туралы сөз етті.

Жиын соңында шаһар басшысы Мұрат Әйтенов мерекеге орай, конфессия басшыларына алғыс хаттар табыстады.

 

Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласының Орталық мешітінде 18 қазан – Рухани келісім күніне орай дәстүрлі дін өкілдері бас қосты. Дін өкілдеріне Шымкент қаласы имамының бірінші орынбасары Мұсабек Ақтамберді Орталық мешіт жұмысымен таныстырды.


Түркістан: Кассадан 10 миллион теңгеге жуық ақшаны жымқырған кассир әйел анықталды

Түркістан полициясына жергілікті тұрғын жеке кәсіпкер арызданды. Оның айтуынша, оның кассадағы қызметкерімен есептесу кезінде 10 миллион теңгеге жуық ақша кем болып шыққан. Содан жәбірленуші оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.

Тәртіп сақшылары ақпарат келіп түскен бойда бірден іске кірісті. Олар қаражаттың қайда кеткенін анықтау үшін қажетті жұмыстарды атқарды.

Полицейлердің жедел іздестіру шараларының нәтижесінде, қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Ол жергілікті тұрғын әйел болып шықты.

Анықталғандай, сезікті әйел жеке кәсіпкерлік орталықта кассир операторы болып жұмыс істеген. Күдікті кассадан 5 миллион теңгені, арада біраз күн өткен соң тағы да 5 миллион теңгеге жуық ақшаны білдірмей алған. Күдікті әйел алған ақшаның барлығын бас пайдасына жұмсаған.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеуге алып, қазіргі таңда әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық Кодексi 189-бапта «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бқл туралы былай жазылыпты:

1. Кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру – 

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

2. Мынадай: 

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 

2) алып тасталды - ҚР 21.01.2019 № 217-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол іс-әрекет – 

мүлкi тәркiленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер олар: 

1) iрi мөлшерде жасалса; 

2) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттік берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаса, егер олар өзiнiң қызмет бабын пайдалануымен ұштасса, – 

3) бірнеше рет жасалса – 

мүлкi тәркiленіп, екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға, ал 2) тармақта көзделген жағдайларда, мүлкi тәркiленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жымқырылған мүліктің он еселенгеннен жиырма еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды: 

1) қылмыстық топ жасаса; 

2) аса iрi мөлшерде жасалса, – 

мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып немесе онсыз, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

 

 

Полиция көші-қон заңнамасын бұзған 600 азаматты анықтады

Түркістан облысының полицейлері "Заңсыз келуші" жедел-профилкатикалық іс-шарасының 7 тәулігінде "Халықтың көші-қоны туралы" ҚР Заңының талаптарын бұзған 602 шетелдіктер мен Қазақстан Республикасының азаматтарын анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Оның ішінде облыс аумағында ҚР ӘҚБтК 517-бабы бойынша барлығы 408 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сот шешімімен 40 шетелдік елден шығарылды, ал 39 құқық бұзушы жеке басын анықтау үшін қабылдап-тарату бөліміне орналастырылды.

Сондай-ақ шетелдіктерге тұрғын үйді заңсыз берген Қазақстан Республикасының 157 азаматы мен шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 28 азаматқа әкімшілік шара көрілді.

Сонымен қатар қоғамдық орындарда қайыр сұраумен айналысатын 7 шетелдік анықталды. Ал мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтудің 3 фактісі расталып, қылмыстық іс қозғалды.

Түркістан облысының полицейлері "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы өз жалғасын табатынын жеткізеді.Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 517-бапта «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» былай жазылған: Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын сақтамаудан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы – он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге әкімшілік жолмен шығарып жiберуге алып келеді. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзім өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетпеуінен көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы – үш тәулік ішінде – ескерту жасауға алып келеді; үш тәуліктен астам бес тәулік өткенге дейін – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді; бес тәуліктен астам он тәулік өткенге дейін – он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы – жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге әкімшілік жолмен шығарып жiберуге алып келеді. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе жергілікті атқарушы орган өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманы немесе жұмысқа орналасуға рұқсатты алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда, мұндай анықтаманы не рұқсаттарды алмастан, Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы – жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға не Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберуге әкеп соғады. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –  он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады. Осы баптың екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –  Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. 



 

ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін қалалық әкімдіктің ғимаратында “Құтқарушылар күніне” арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков және Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Арман Алпысбаев қатысты.

“Құтқарушы қарапайым болғанымен қоғам алдында мәртебесі жоғары. Ел игілігі жолында кәсіби міндетін бұлжытпай орындап, қызмет бабында қайсарлық пен өжеттік көрсетіп, ең басты байлық – адам өмірін түрлі апаттар мен қауіп-қатерлерден сақтап қалу, төтенше оқиғаның алдын алу мақсатында аянбай еңбек етіп, қырағылық танытып жүрген батыр азаматтарға халықтың айтар алғысы мен ризашылығы қашанда зор”– деді қала әкімінің орынбасары.

Жиында Азаматтық қорғау органдарында және азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамытуға және нығайтуға өз үлесін қосқан, елдің тыныс-тіршілігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі қажырлы еңбегімен ерекшеленген қызметкерлер мен жедел жағдайлар саласына жауапты сектор мамандары марапатталды.

Жалпы жыл басынан бері шаһарда өрт, газдан улану, суға кету секілді 327 оқиға орын алды. Жергілікті құтқарушылар осындай көлденең жағдайлар кезінде жедел қимылдап, талай жанды аман алып қалған.

СЕНАТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ӨКІЛДЕРІ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ИГІ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ОҢ БАҒАЛАРЫН БЕРДІ

Түркістан облысына ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшелері келді. Сенаторлар Түркістан облысы әкімдігінің мәжіліс залында облыстық, аудандық және қалалық мәслихат депутаттарымен кездесті. Жиынды облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев жүргізіп отырды. Ол мәртебелі меймандарға өңірде атқарылып жатқан жұмыстар, мәслихаттың бастамалары туралы баяндап берді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы Сенаторлар кеңесі Төрағасының орынбасары Бірғаным Әйтімова аталған кеңестің құрамымен, жоспарымен таныстырды. Түркістандағы құрылыс қарқынын, қаланың сәулетін жоғары бағалады.

– Бүгін алдарыңызға Сенаторлар кеңесінің бір топ өкілі келіп отыр. Өздеріңізбен жүздесудегі мақсат – заң шығару саласындағы жаңалықтарды, Президенттің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформалар туралы баяндау. Еркін пікір алмасу. Сенаторлар кеңесі – бейресми ұйым. Мемлекеттік саясатты жүргізуге жәрдемші болуды мақсат тұтады. Өңірді аралап көрдік. Түркістан – Астанадан кейінгі мемлекеттік деңгейде құрылысы жылдам жүргізілген шаһар. Дамыған, сәулетті қалаға айналыпты. Түркі әлемінің рухани оталығындағы өзгерістер көзге көрініп тұр. Түркілер төрінде еркін пікір алмасып, тәжірибелі сенаторларға сұрақ қойып, ұсыныс беруге мүмкіндіктеріңіз бар, – деді. Б.Әйтімова.

Қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов мемлекетті дамыту, азаматтық қоғамды дамыту, мәслихаттардың рөлін арттыру және өзге де мәселелер туралы ой қозғады. Түлеген Түркістан төрінде ел азаматтарымен жүздескеніне қуанышты екенін жеткізді. Республика күнінің мән-мазмұны, идеологиялық мәселелер туралы да пікірін білдірді.

Жалпы жиынға Қуаныш Айтаханов, Светлана Жалмағамбетова, Орынбай Рахманбердиев, Әлімжан Құртаев және өзге де азаматтар арнайы қатысып, жергілікті мәслихаттардағы депутаттармен жүздесті.

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫ БАС ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

Белгілі драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабековтың 80 жас мерейтойына орай, Алматы қаласында 13-17 қазан аралығында өткен II халықаралық «Исабеков әлемі» театр фестивалінде Түркістан музыкалық драма театры сахналаған «Бөрте» спектаклі бас жүлдеге ие болды. Бір автордың пьесалары бойынша өткен фестивалге алыс-жақын шетелден — үш, Қазақстаннан үш театр қатысқан болатын. Ел мәдениетінің елеулі оқиғасы болған шараға келушілер қатары көп болды.

Бөрте – әлем тарихындағы ұлы қайраткерлердің бірі, Шыңғыс ханның бірінші әйелі. Бөртеге арналған тұңғыш шығарманың қазақ сахнасында қойылуы да «тұңғыш» екенін атап айту керек. Спектакльде өжет те қайсар, ажарлы да ақылды, батыр да батыл, бір басында драмасы мен трагедиясы жетіп артылатын қайсар әйел Бөрте ханымның ғұмыры баяндалады. Қойылым декорацияның шынайлығымен, сахналық киімдердің тартымдылығымен, реквизиттерді шеберлердің арнайы дайындауымен ерекшеленеді.

«Бөрте» спектаклінің режиссері — италиялық Давиде Ливермор, көркемдік жетекшісі – Айнұр Көпбасарова, композиторы – Хамит Шанғалиев, әдеби редакторы – Шынар Омарова, ғылыми кеңесші –тарихшы, т.ғ.к., Нұрлан Атығаев. Рөлдерде – Еркебұлан Дайыров, Лейло Ақназар, Әділ Ахметов, Қонысбек Бекайдаров, Зәмзагүл Бекайдарова, Алихан Идрышева, Нартай Сауданбекұлы, Ақбота Рахат, Әшім Ахметов, Толқын Нұрбекова және Түркістан музыкалық драма театрының әртістері.

Еске сала кетейік, 13 қазан күні аталмыш спектакль Алматы театрында халықаралық театр фестивалінің шымылдығын ашқан болатын.

Түркістан: Жастар арасында ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті

25 қазан Республика күніне орай Түркістан қаласына тарту «40 күн той мен ой» іс-шарасына сәйкес Арыс қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Ұлттық ойындар» сайысы өтті.

Байқаудың мақсаты - Жастар арасында қазақ халқының ұлттық ойынын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын дәріптеу. Сонымен қатар, ұлттық ойын түрлерін қайта жаңғырту, дамыту болып табылады.

Сайыс ұлттық ойындардың қол күрес, гір тасын көтеру, ләңгі тебу және асық ату түрлерін қамтыды. Жастар қауымы алдын ала тіркелу арқылы сайыс қатысушысы атанды. Қатысуға ниет білдірген жастар саны арқылы ұлттық дәстүріміздің дамып келе жатқанын байқаймыз.

Тартысты сайыстың нәтижесі төмендегідей болды:

Асық ату:

1 орын - Бадиров Рамазан

2 орын - Сәрсенбай Нұршат

3 орын - Османов Давлат;

Ләңгі тебу:

1 орын - Асанов Еділжан

2 орын - Кененбай Арыстан

3 орын - Бадиров Рамазан;

Гір тасын көтеру:

1 орын - Баби Орынбасар

2 орын - Саматұлы Ерсін

3 орын - Сламбек Нұрасыл;

Қол күрес:

1 орын - Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледж;

2 орын - Халықаралық Туризм және меймандостық университеті;

3 орын - Түркістан көпсалалы медицина колледжі студенттері иеленіп, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Е.Төлебаевтың алғыс хатымен марапатталып, Арыс қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы М.Сарыпбекованың арнайы сыйлықтары табысталды.

Түркістандық жастарға «Жастарды-Отанға!» бағдарламасы түсіндірілді

"Amanat"партиясы Түркістан қалалық филиалы ғимаратында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың "Жастарды отанға жол картасын жүзеге асыру"тақырыбындағы Жолдаудың негізгі басым бағыттарын түсіндіру мақсатында кездесу өтті.

«Жастарды– Отанға!» бағдарламасы сапалы, әрі уақтылы жүзеге асуы тиіс. Президент жолдауында жастарды қолдауға басымдық берілгенін атап айтылған.

Бағдарлама жастарды елді дамыту жолындағы жұмыстарға біріктіруге және олардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, жан-жақты дамуына жағдай жасауды көздейді. Бағдарламаны тиімді іске асыру мақсатында 2025 жылға дейінгі жол картасы әзірленді. Атқарылатын әр іс-шараға жауапты мемлекеттік органдар мен жастар өкілдері белгіленіп, есеп беретін басқармалар нақтыланды.

Жол картасында жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, өзін-өзі басқаруды дамыту, жастардың сапалы білім алуына қолдау көрсету, жұмыссыздық деңгейін төментету, жастарды жұмысқа тарту жоспарлары енгізілген..

Жастардың саяси өмірге қатысуын жандандыру, волонтерлік қызметті қолдау, жастар мен студенттік ұйымдарды дамыту, жастардың сапалы білім алуын қамтамасыз ету, жастарды жұмыспен қамтуға ықпал ету, жастардың кәсіпкерлікке тарту, жас отбасылардың, жұмыс істейтін жастар мен студенттердің тұрғын үй мәселесін шешу үшін нақты жағдай жасау, жас буынды мәдениет пен спортқа, игі істерге бағыттау жөнінде де тапсырма беріп, ол міндеттер хаттамаға енгізілді.

 

 

 

 

Түркістан: «Транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту» жайы айтылған жиын

Түркістан қалалық "Amanat"партиясы филиалының ұйымдастыруымен ақпараттық түсіндіру тобы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына «Елдің –транзиттік –көліктік әлеуетін дамыту» атты Жолдауын насихаттау мақсатында "Жолаушы "ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Жиында ақпараттық түсіндіру тобы «Транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту» тақырыбын толық түсіндіріп өтті.

Президентіміз Қ-Ж.Тоқаев Қазақстан халқына жасаған кезекті жолдауында Қазақстандағы көлік саласын және көлік дәліздерінің транзиттік әлеуетін дамыту үшін зор күш-жігер, бірқатар салалық бағдарламалар іске асырылып, саланың құқықтық негізі қалыптастырылды. Көлік қызметтерін көрсетудің қолайлы бәсекелестік ортасы құрылды,автокөліктерді сатып алу жөнінде бірыңғай ағым жүйесін енгізу,кеден жұмысына "бір терезе" қағидатын енгізу,экономикадағы инвестиция жүйесін тәртіпке келтірумен қатар жаңа инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру, тиісті реформалар жүргізу және басқа да бірқатар өзекті мәселелер бойынша нақты ұсыныстары мен тапсырмаларын орындау бағыттарын айқындап айтты. «Қазақстанның даму үдерісі енді басталды,сондықтан тек алға жылжуымыз керек,реформаларды жүзеге асыратын болсак, біз әділетті Қазақстанға қол жеткіземіз»

Жиын соңында «Жолаушы» БПҰ мүшелері жолдаудағы аса басым бағыттарға назар аударып, бірауыздан қолдап, насихаттауға үлес қосатындықтарын жеткізді.