С. ЖАҚЫПОВА ҚАЗАҚСТАНДА ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТУРАЛЫ ХАБАРДАР ЕТТІ
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Үкімет отырысында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және еңбек саласын цифрландыру туралы айтты. Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді іске асыру үшін Еңбек министрлігі 10 бағыт бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.