Super User

Super User

Созақ ауданының орталығында ауқымды жобалардың құрылысы басталды

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Шолаққорған ауылының ішкі көшелерінде атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысып, кешенді дамыту шараларының сапасын бақылауға алды.

Созақ ауданы: Құмкентте «Жылыбұлақ» каналы толықтай іске қосылып, ағын су мәселесі шешімін тапты

Өткен жылы Құмкент ауылдық округі тұрғындары көптен бері көтеріп жүрген «Жылыбұлақ» каналының құрылысы жүзеге асырылып, бүгінде канал толықтай іске қосылды. Бұл жоба ауылдың егіс алқаптарын суландыру мәселесін оңтайландырып, ауыл шаруашылығы саласына оң өзгерістер әкелді.

Созақ ауданының әкімі Таукент кентінің тұрғындарымен кездесіп, алдағы жоспарлар туралы айтып берді

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Таукент кентінің тұрғындарымен кезекті кездесуін өткізіп, ауданның даму жолында жеткен жетістіктер мен алдағы жоспарлар туралы сөз қозғады. Осы жылдың маңызды жаңалықтары мен атқарылған жұмыстарға тоқталған аудан басшысы, тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселеге айрықша көңіл бөлініп жатқанын атап өтті.

Созақ ауданында жүзеге асып жатқан ауқымды жобалар кеңінен баяндалды

Биылғы жылы Созақ ауданында құрылыс және инфрақұрылымдық жобаларға басымдық беріліп, ауданның дамуына айтарлықтай ықпал етуде. Шолаққорған ауылындағы «Достар» стадионы күрделі жөндеуден өтеді. Сонымен қатар, Шолаққорған ауылында 200 орындық заманауи «Спорттық-сауықтыру» кешенінің құрылысы жақын уақытта аяқталса, осы жылы Созақ ауылынан да «Спорттық-сауықтыру» кешенінің құрылысы басталды.

Осы RSS каналға жазылу