Super User

Super User

Сауран: аудан әкімі жүйнектіктермен кездесіп, қордаланған мәселелерімен танысты

Сауран ауданының әкімі Ғ.Рысбеков 2022 жылдың 9 айы бойынша атқарылған жұмыстарымен және алдағы уақытта жүзеге асырылатын жұмыс жоспарлары туралы бекітілген кестеге сәйкес, Жүйнек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

МАҚТААРАЛДЫҚТАРҒА «ЗАҢ КЕРУЕНІ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КӨМЕКТЕР КӨРСЕТІЛДІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2022 жылғы 7 қазандағы ведомствоаралық жедел кеңес хаттамасының 2.2-тармағына сəйкес, Мақтаарал ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында құқық қорғау жəне жергілікті атқарушы органдарының бірлескен «Заң керуені» акциясы өтті.

Шараға Түркістан облысы прокурорының орынбасары Саян Шаймұратұлы, Түркістан облысы полиция Департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Асылхан Сейдыханұлы, Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тасболатұлы және жергілікті құқық қорғау органдарының басшылары, жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.

Жергілікті жерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мəдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ əлеуметтік топтарды анықтау, прокуратураның құқық қорғау рөлін іске асыру, елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тəртіпті нығайту үшін азаматтық қоғам мен құқық қорғау органдарының күш-жігерін біріктіру мақсатында өткізілген жиында тұрғындар тарапынан қойылған көкейкесті сұрақтарға тиісті сала мамандары тарапынан тұщымды жауаптар берілді.

Ауыл шаруашылығы, жер даулары, сот актілерінің заңдылығы, қоғамдық тәртіп, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік салаларға қатысты айтылған мәселелер назарға алынды.

Алдағы уақытта акция нәтижесі бойынша айтылған әрбір мәселе хаттамаға енгізіліп, талдау жұмыстары жүргізіліп іс-шаралардың нақты жоспарлары әзірленіп, көтерілген негізгі проблемалық мәселелерді шешу үшін жауаптылар бекітілді.

Айта кетейік, жиыннан соң облыс прокурорының орынбасары Саян Шаймұратұлы тұрғындарға жеке қабылдау өткізді.

 

Мақтаарал: “Жастардің діни көзқарасы және діни экстремизм” атта кездесу өтті

МақтааралауданыішкісаясатбөлімініңұйымдастыруменМақтааралауылдықокругінеқарасты9 жалпыортамектебіндеЖастардіңдіникөзқарасыжәнедіниэкстремизматтытақырыптакездесуұйысдастырылды. Кездесубарысындакерағардіниағымдардансақтанужолдары, дінибілімарттыруқалайарттырудыңкөздерітүсіндіріліпөтті.

 

Бүгінгі күнде түрлі жат ағымдар мен миссионерлік топтар өздерінің теріс пиғылдарын жүзеге асырып бағуда. Әлі тұлға ретінде қалыптаспаған, ақ пен қараны, оң мен солды ажырата алмаған жастарымыздың, сонымен қатар ес тоқтатқан азаматтардың да санасын улап, жат ағымның жетегіне кетуге мәжбүрлеуде. Тіпті, теріс діни ағым қоғам дертіне айналып бара жатқаны өкінішті?!

Адамзат баласының ортақ құндылықтарының бірі - дін. Дін дегеніміз – нәзік құбылыс, тұлғаның рухани дүниетанымын қалыптастыратын қасиет. Ондағы кейбір термин заманға сай атауын өзгерткенімен, ішкі мағынасын жоғалтқан емес. Солардың бірі – деструктивті діни ағым. Қоғамда дәстүрлі дінге қайшы ағымдарды «деструктивті немесе кереғар діни ағымдар» деп атаймыз. «Деструктивті» деген сөз латын тілінен «құлату», «қалыптасқан жүйені бұзу» деген мағынаны білдіреді.

Қазіргі таңда, өзекті мәселенің бірі - дін екені  баршамызға мәлім. Шынайы дініміздің құндылықтары, қағидалары, шарттары мен бағыттары адам баласын жақсылыққа, ізгілікке шақыратыны айқын. Ал діннің атын жамылған кереғар діни  ағымдардың іс-әрекеттері адамды кері кетіруге, адасушылықтарға жетелейтіні анық.

Деструктивті діни топтардың ықпалына түскен адамдардың бойында мынадай типтік белгілер кездеседі:

  • діни тақырыптарға шамадан  тыс көп әуестенуі;
  • ата-анасына, жақын туған-туыстарына бағынбау;
  • араласып жүрген адамдарына, отбасына, достарына, кәсібіне қарым-қатынасының өзгеруі;
  • өзінен-өзі тұйықталу;
  • еш себепсіз үйінен жиі кетіп қалу;
  • отаншылдық сезімге, өз елінің төл мәдениетіне, салт-дәстүріне, ата-бабасына мысқылдап қарау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуден қалу.

Жат ағымды насихаттаушылар өз мүшелеріне заттай қарағандарымен қоймай, оларға бейэтикалық тәсіл қолданып өздерінің ырықтарына бағындырғысы келеді. Мысалы; психологиялық қысым көрсету, бопсалау, қорқыту, ұрып-соғу және т.б. НЛБ (нейро лингвистикалық бақылау) яғни сананы бақылауға алу арқылы жат ағым насихаттаушылары жергілікті халық көп шоғырланған елдімекендерде тұрып, қызметтерін табысты атқару үшін сол халықтың тілін, әдет-ғұрпын, мінез-құлықтарын жеткілікті деңгейде зерттеп, үйренеді. А.Котляровтың пікіріне сүйенетін болсақ, беймаза және күмәншіл адамдар, перфекционизмге бейім тұлғалар мен өзінің ішкі әлеміне терең қарайтындар,  инфантильді  адамдар (жасы егде тартқан кей адамдардың ой-өрісі мен іс-әрекеті балаға ұқсап, өздерін бала сияқты сезінетін жандар), рухани күйзелісте жүргендер, өмірлік ұстанымдары қалыптаспаған адамдар теріс діни ағымның ықпалына тез түседі. 

Психологтар жүргізген зерттеу нәтижесіне тоқтала кетер болсақ, 14-25 жас аралығындағы жастар аутоагрессивті әрекеттерге сезімтал екені анықталған. Жасөспірімдердің санасы енді бүршік атып келе жатқан ағаш іспетті, жаңа қалыптасып келе жатқандықтан, кез келген нәрсені өзіне жақын қабылдауға дайын тұрады. Бұл кезеңде оғаш мінез-құлық белгілерінің көрінуіне әсер етуші бірден бір фактор – оның ата-анасы және отбасындағы жалпы психологиялық ахуал. Егер әрбір ата-ана осы шақта баласына дұрыс көңіл бөліп, баласымен жақсы қарым-қатынас орнатып, сонымен қатар материалдық және рухани құндылықтармен қамтамасыз ететін болса, жасөспірімде болатын ауытқу ахуалдарының алдын алуға мүмкіндігі болады. Жасөспірімнің психологиясы енді қалыптасып жатқан тұста санасына дұрыс қасиеттерді сіңіру қажет. Тәрбие арқылы, баланың бойындағы жаман әдет пен теріс қылықтан арылтуға болады. Сондай-ақ, жасөспірімнің жаны таза, көңілі ақ, рухани сезімге бай тұлға етіп қалыптастырған абзал.

 Бүгінгі күні статистикалық мәліметтер бойынша, дінге қызығушылық білдірген азаматтардың 73% қажетті мағлұматтарды ғаламтор желісінен іздейді екен. Бұл көрсеткіш еліміздегі жастардың басым бөлігі діни сауатын ең алдымен интернет арқылы ашатынын көрсетеді. Яғни, шырпы жақсаң тұтануға шақ тұрған қазіргі қоғамда ғаламтор сайттары, видеохостингтер, әлеуметтік парақшалар («ВКонтакте», «Facebook», «Instagram», «Telegram», «Tik-tok», «Одноклассники», «Twitter», «Мой Мир»), блогплатформалар және басқа да байланыстырушы масс-медиа құралдары әлемде заманауи мүмкіндіктермен қатар, жаңа қауіптердің туындауына септігін тигізуде. 

Сол қауіпті сейілтудің бірнеше жолдары:

  • Әр саланы өз маманынан біліп, үйренгеніміз жөн. Егерде сізді қандай да бір діни сауалдар мазаласа, өзіңздің тұрғылықты жеріңіздегі ҚМДБ филиалдарына яғни мешіттерге барып, имамдардан өз жауабыңызды ала аласыз.
  • Егерде діни сауатыңызды ашқыңыз келсе, ең алдымен ғаламтор беттерін парақтамай, мешіт имамдарынан, медресе ұстаздарынан дәріс алған жөн.
  • Егерде сізге белгісіз адам діни материалдарды (фото, бейне-аудио жазба) жіберсе, не себепті жібергенін сұрап, іштей сараптама жүргізгеніңіз абзал.
  • Қазақта: «Отыз екі тістен шыққан сөз, отыз екі елге тарайды»- деген дана сөз бар. Бейтаныс адамдарға сырыңызды айтудан, жан-тәніңізбен ашылудан  сақтаныңыз. Теріс діни ағым өкілдері   сіз туралы мәліметтерді өзіңізге қарсы қолданудан тайсалмайтыны хақ.
  • Хәкім Абай: «Сен де бір кірпішдүниеге, Кетігін тап та, бар қалан!»- демекші, өмірден өз орныңызды тауып, алға қойған арман-мақсаттарыңызды нақтылағаныңыз өзіңізге жақсы. Сонда ғана жат діни ағымның жетегіне еріп кетуден аулақ боласыз.
  • Абайша айтқанда «Өзіңе сенөзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап!»- дегендей, тек қана өзіңіздің күшіңізге, өзіңіздің ақылыңызға арқа сүйеңіз.

Қорытындылай келе қауіптің алдын алу үшін жастардың құқықтық және діни сауатын арттыру мақсатында жүйелі ақпараттық түсіндіру шараларын өткізіп, діни ағартушылық бағдарламалар ұсыну қажет. Тағы да атап өтер жайт, ғаламтор кеңістігінде орналастырылған діни мақалалардың дұрыстығына көз жеткізіп, тек қана ресми сайттардан ғана оқу маңызды.

 

ЖЕТІСАЙ: «ЗАҢ КЕРУЕНІ» АКЦИЯСЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ӨТУДЕ

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2022 жылғы 7 қазандағы ведомствоаралық жедел кеңес хаттамасының 2.2-тармағына сəйкес құқық қорғау жəне жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қолға алған «Заң керуені» акциясы өңірлерде, яғни, Жетісай ауданы, Ш.Ділдәбеков ауылдық округінде өтті.

Жиында аудан прокурорының орынбасары Мақсат Ералиевпен әкімшілік, қылмыстық, қылмыстық процестік заңдарға енгізіліп жатқан өзгерістер мен толықтырулар, полиция, прокуратура, сот өкілеттігінің аражігі түсіндірілді.

Сонымен қатар, халыққа, заңсыз қаржы пирамидасы, оның ішінде қаржылық ұйымдарға инвестициялық салым ретінде ақша салып, кейіннен қайтарып ала алмай алданып жүрген адамдар, ол үшін қарастырылған жауапкершіліктер (ҚР ӘҚБтК-нің 150-бабы, ҚР ҚК-нің 217, 190-баптар);

- "атаулы әлеуметтік көмек (АСП) қайтарымсыз (580 000 теңге) алып беремін" деп алдау;

- адамдардың жеке мәліметтерін алдау не ұрлау арқылы атынан жасырын несие рәсімдеу секілді алаяқтық тәсілдері өршіп тұрғаны;

- сондай-ақ, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және оның тәртібін бұзғаны, көшелерді, трассаларды жауып, көлік құралдарының қозғалысына кедергі жасағаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 488, 614-баптарында әкімшілік, ҚР ҚК-нің 400-бабында қылмыстық) жауапкершіліктер туралы;

- ҚР ҚК-не мал ұрлығына арнайы 188-1 бап енгізілгені, үйге, қораға, көлікке кіріп ұрлық жасағаны үшін жазаның ауырлап, ауыр санаттағы қылмыстық құқық бұзушылыққа ауыстырылғаны;

- малды сырғалау, босатып жібермеу, бұл үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 406, 408-баптарында әкімшілік) жауапкершіліктер қарастырылғаны туралы;

- егістік алқаптарға мал жаю, ол үшін ҚР ӘҚБтК-нің 147-бабымен 20 АЕК, егер бір жыл ішінде қайталап жасағаны үшін 40 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл түріндегі жауапкершілік көзделгені, келтірген материалдық шығынды азаматтық тәртіппен сот арқылы өндіріп алу тәртібі;

- халықтың жайылымдық жерге қажеттілігін қамтамасыз ету және төрт түлік малдың жайылуына жағдай жасау;

- мақта бағасы, мақтаны өткізу кезінде мақта қабылдау пункттерінің таразыны дұрыс тартпай, кем өлшеуі, бұл үшін ҚР ӘҚБтК-нің 190-бабымен әкімшілік жауапкершілік көзделгені;

- жол көлік оқиғасы және оның мас күйінде жасау, ол үшін жаза ауырлап 15 тәулікке қамаққа алу және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру, қайталап жасалса қылмыстық жауапкершілік көзделгені және тағы басқа да мәселелер бойынша ақпараттар мен мағлұматтар айтылып, халықтың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің артуына ықпал етілді.

Осы RSS каналға жазылу