Шымкент: Әскери мамандардың іс-қимылдарының үйлесімдігін арттыруға арналған оқу-жаттығу жиыны аяқталды

Шымкент қалалық аумақтық қорғаныс бригадасының әскери міндеттілермен 10 күндік арнайы тактикалық оқу-жаттығу жиыны қорытындыланды. Қорғаныс министрлігінің жоспарына және Шымкент қаласы әкімінің қаулысына сәйкес запастағы жүз елу алты әскери қызметшіге арналған әскери жиын аяқталды. Осы уақыт ішінде оқу бағдарламасын жақсы меңгергендерге кезекті әскери атақтар берілді. 

Шымкенттің энергетикалық инфрақұрылымын кешенді дамытуға арналған меморандумға қол қойылды

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков энергетикалық жүйені тұрақты дамыту мақсатында «Қазақстандық коммуналдық жүйелері» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы Дінмұхамет Ыдырысовпен кездесті. Кездесу барысында стратегиялық серіктестік туралы меморандумға қол қойылды.

Екіжақты серіктестік қала энергетикалық инфрақұрылымын кешенді дамытуға бағытталған. Сондай-ақ, жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды жүзеге асыру, электр энергиясын беру және тарату жүйелерін жаңғыртуды қамтиды. Бұл қала тұрғындары мен кәсіпкерлік субъектілерінің қажеттіліктеріне сай тұрақты әрі экологиялық таза энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, электр көлігі инфрақұрылымын жақсарту маңызды міндеттердің бірі. Биыл меморандум аясында қалада алғашқы электр қуаттау станциясы орнатылады. 2026 жылға дейін олардың санын онға жеткізу жоспарланып отыр.

Энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыру және қаланың жаңа шағынаудандарында өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін қуаттылығы 80 МВт жаңа төмендету қосалқы станциясы салынады

Сонымен қатар, 336 км тарату желілерін қайта құру, 139 трансформатор бекетін жаңарту, 50 трансформаторды ауыстыру және үш қосалқы станцияда релелік қорғанысты жаңарту жұмыстары атқарылады.

Әлеуметтік жауапкершілік аясында Шымкентте әлеуметтік тұрғын үй құрылысын бастау да жоспарланған.

Меморандум аясындағы жобаларды жүзеге асыру қала экологиясын жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және энергетика секторына қосымша инвестиция тартуға елеулі үлес қосады.

Кездесу соңында «біз үшін Шымкент қаласының тұрғындарын сапалы әрі үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету аса маңызды»-деді, әкім.

 

Спорт саласының қызметкерлерімен кездесу өтті

«Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелік ұйымы - Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов және мекеме директорының орынбасары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Сембек Сариев ұжымдағы кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізіп, қал-жағдайларымен танысты. 

Кездесу қорытындысымен жиын өткізіліп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.

Осы орайда, Жолдаудағы спорт мәселесі бойынша: «Бұқаралық спортты дамыту, жастарымыздың дені сау, мықты азамат болып өсуіне, ұлт саулығын сақтау үшін бұқаралық спорттың маңызы айрықша екеніне көбірек тоқталып, жақында өткен Олимпиадаға қатысудың қорытындысы қаралып, алдағы спорттағы нақты міндеттер мен басымдықтар белгіленіп, іс-шаралар жоспары қабылданды. Бұл саладағы Заңға енгізілетін өзгертулер бұқаралық спорт пен балалар спортын дамытуға зор серпін беруі керектігі» айтылды.

Ұжым мүшелері толық қатысқан жиында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы мекеменің қызметкерлерін алда келе жатқан «10  қазан  - Қазақстан кәсіптік одақтары күні» мерекесімен құттықтап, ұжым мүшелеріне филиалдың кәсіподақ наградаларын табыстады.

Атап айтқанда, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жаттықтырушылары Емельянов Михаил Александрович және Подойникова   Ольга Александровна «Еңбек озаты» төс белгілерімен, аға жаттықтырушы Алексеев Евгений Петрович және жаттықтырушы Ким Григорий Фарленович «Құрмет Грамоталарымен», оқытушы - жаттықтырушы Бидарев Юрий Васильевич және бөлме тазалаушы Бекботаева Әлия Саметқызы «Алғыс хаттармен» марапатталды.

Жиын соңында мекеме директорының орынбасары Сембек Даулетбайұлы «Қызмет» салалық кәсіподағының атына шынайы алғысын білдіріп, алдағы істеріне сәттілік тіледі.

2024 жылы Шымкентте тауар нарықтарына талдау жүргізіліп, нормативті құжаттарға өзгерістер ұсынылды

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің 2024 жылдың 9 айында атқарған жұмысының қорытындылары туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

Шымкентте монополияға қарсы әрекеттер: «ҚТЖ» филиалы мен кәсіпкерлерге ескертулер жасалды

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің 2024 жылдың 9 айында атқарған жұмысының қорытындылары туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Департамен басшысы бүгін Қосбаев Ернар Тұрдалыұлы - Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Шымкент қаласындағы бірқатар кәсіпкерлік субъектілеріне монополияға қарсы заңнаманың бұзылуына байланысты шаралар қабылданғанын айтты.  

Шымкентте кәсікерлік қызметте заң бұзушылықтар анықталып, айыппұлдар салынды

2024 жылы Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті кәсіпкерлік саласындағы бірқатар заң бұзушылықтарды анықтап, қатаң шаралар қабылдады.

Шымкент әкімі бірқатар құрылыс нысандарын аралады

Шаһар басшысы Ғабит Сыздықбеков өз әріптестеріммен бірге қалалық нысандарды аралап, жұмыс барысымен танысты. Аралау барысында Абай ауданы, «Бозарық» шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын тексерді. Құрылысты жүргізіп жатқан мердігер ұйымға және тиісті басқарма басшылығына аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына ерекше назар аударуды тапсырды.

Шыммкенттік жас асықшылар Ел чемпионатында бақ сынады

Аралда Ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Арал қаласындағы №19 Арал ауданы олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде 4 күнге созылған Асық атудан 2004-2007 жылдары туған жастар (ұлдар, қыздар) арасындағы жекелей-командалық және жекелей блицтен Қазақстан Республикасы чемпионаты өз мәресіне жетті. Нәтижесінде, Шымкент қаласының ұлттық және ат спорт түрлері бойынша кешенді спорт клубының спортшылары  ұлдар арасында жекелей сында Жақыпбек Диас 1 орынды иеленсе,  Жорабек Санжар екінші орынға жайқасты. Жалпы командалық есеп бойынша Шымкенттік командасы 3  орында.

Айта кетейік, Шымкент қаласының ұлттық және ат спорт түрлері бойынша кешенді спорт клубына қарасты "асық ату" бөлімінің жаттығу залы қаладағы нөмірі 72, 68 және 90 мектептерде орналасқан. Клубта 100 спортшы мен 3 жаттықтырушы бар.  V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысқан Нұрқанат Молжігітов сол жаттықтырушылардың бірі. Шымкент қаласының ұлттық және ат спорт түрлері бойынша кешенді спорт клубының  оқу ісі жөніндегі орынбасары Талапбек Қыпшақбаев асық ату спорты соңғы жылдары өте қатты қарқынмен дамып жатқанын айтады.

 

Шымкент: кітапхананың 125 жылдығына орай ғылыми-практикалық конференция өтті

Биыл А. С. Пушкин атындағы кітапхананың құрылғанына 125 жыл толып отыр. Осыған орай, Шымкент қаласының әкімдігі және Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының қолдауымен кітапхананың 125 жылдығына орай «Кітапхана: Іздену. Жаңалық. Болашақ» тақырыбымен халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.