Шыммкенттік жас асықшылар Ел чемпионатында бақ сынады
Аралда Ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Арал қаласындағы №19 Арал ауданы олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде 4 күнге созылған Асық атудан 2004-2007 жылдары туған жастар (ұлдар, қыздар) арасындағы жекелей-командалық және жекелей блицтен Қазақстан Республикасы чемпионаты өз мәресіне жетті. Нәтижесінде, Шымкент қаласының ұлттық және ат спорт түрлері бойынша кешенді спорт клубының спортшылары ұлдар арасында жекелей сында Жақыпбек Диас 1 орынды иеленсе, Жорабек Санжар екінші орынға жайқасты. Жалпы командалық есеп бойынша Шымкенттік командасы 3 орында.
Айта кетейік, Шымкент қаласының ұлттық және ат спорт түрлері бойынша кешенді спорт клубына қарасты "асық ату" бөлімінің жаттығу залы қаладағы нөмірі 72, 68 және 90 мектептерде орналасқан. Клубта 100 спортшы мен 3 жаттықтырушы бар. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысқан Нұрқанат Молжігітов сол жаттықтырушылардың бірі. Шымкент қаласының ұлттық және ат спорт түрлері бойынша кешенді спорт клубының оқу ісі жөніндегі орынбасары Талапбек Қыпшақбаев асық ату спорты соңғы жылдары өте қатты қарқынмен дамып жатқанын айтады.