Шымкентте лифтілердің жаңартылуы мен қауіпсіздігіне басымдылық берілуде

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен «Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының 2024 жылдың 8 айында атқарылған жұмыс қорытындылары туралы» тақырыбындағы баспасөз конференциясында айтылды.

Шымкент қаласында лифтілердің қауіпсіздігі мен тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Қалада жалпы 1233 лифт бар, оның ішінде 941-і тұрғын үйлерде, 58-і денсаулық сақтау мекемелерінде, 50-і мектептерде, ал 184 лифт сауда орталықтары мен қонақ үйлерде орналасқан.

2024 жылдың басынан бері 70 лифтке комиссиялық сынақтар өткізіліп, 69 лифт ресми тіркеуге қойылды. Қазіргі уақытта жүк көтергіш құралдарды тіркеу «Egov.kz» порталы арқылы электронды түрде жүзеге асырылуда.

Лифт шаруашылығының жаңғыртылуы да назардан тыс қалған жоқ. Үкіметтің «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында жергілікті бюджет есебінен ағымдағы жылы 24 лифтіні жаңарту жоспарланып отыр. Бұл жұмыстарға «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС жауапты.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қызмет көрсетуші мекемелердің жауапкершілігін арттыру мақсатында, тұрғындардан келіп түсетін шағымдар мен өтініштер «Айкөмек 109» байланыс орталығымен интеграцияланған. Нәтижесінде, лифттердің тоқтап қалуы немесе ішінде адам қалып қою жағдайлары тіркелген жағдайда, қызмет көрсетуші мекемелер жедел әрекет етіп, мәселелерді уақтылы шешуге міндеттелген.

Қала әкімдігі бұл бағыттағы жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстап, тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын басты назарда ұстап отыр.

АЭС – энергетикалық тәуелсіздіктің кепілі

Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі туралы әркім әртүрлі пікірлер айтып жүр. Дегенмен соңғы уақытта қолдаушылардың қатары артып келеді. Сала мамандары, энергетиктер мен ғалымдар АЭС-ті салу елдегі экономиканың дамуы мен әлеуметтік жағдайдың жақсаруына әкелер еді деген пікірді қашаннан бері айтып жүр. Жасыратын несі бар, қалай айтсақ та қазіргі күні экономиканы алға қарай жылжыту үшін бар мәселе электр қуатына байланысты болып тұрғанына халықтың көзі жетіп келеді.

Шымкент: Аппарат мәжілісінде 3 басқарманың 8 айда аиқарған жұмыстары талқыланды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте Цифрландыру, Туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия, Орта сапасы және бақылау басқармаларының 8 айда атқарған жұмыстары талқыланды. 

Дүниежүзілік тазалық күнінде Қошқар ата өзенінің бойы тазаланды

«Таза Қазақстан – тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастама». Мемлекет басшысы Жолдауда осылай деді. Елімізде көктемнен бері жалпыұлттық экологиялық акция жүріп жатыр. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен миллиондаған адам атсалысты. Әлі де жалғаса береді. 

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Шымкенттік асықшылардың асығы алшысынан түсті

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы асық атудан жеңімпаз атанды.  Олар: 12 мемлекеттен келген 39 спортшыдан баса озып, алтыннан алқа тағынды. Асық атудан ел намысын 8 асық атушы:  Жомарт Нұрланов, Керім Жаздықбай, Амандос Айтқұлов, Перизат Елемес, Камила Даниярова, Сания Әскер, Көгершін Думан.мен Ұлттық құраманың бас капитаны жерлесіміз, шымкенттік Нұрқисса Молжігітов қорғады. 

Шымкентте газ құбырларын жаңғырту: Инвестициялық бағдарлама өз мақсатына жетті

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті және «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Шымкент өндірістік филиалы газ тасымалдау және сату қызметтерінің инвестициялық бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысу үшін баспасөз турын өткізді.

Шымкентте тұрғын үй және құрылыc саласының сапалары оң өзгерістермен толығуда

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен «Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының 2024 жылдың 8 айында атқарылған жұмыс қорытындылары туралы» тақырыбындағы баспасөз конференциясында айтылды.