Шымкент: қоғамдық аумақтарды ластағандар айыппұл арқалады

«Баршаңызға мәлім, елімізде көктемнен бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жүріп жатыр. Бұл – тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастама. «Таза Қазақстан» шарасына бірнеше айдың ішінде 3 миллионға жуық азамат атсалысты. Жүздеген мың үйдің ауласы тазартылды, 1 миллион тоннадан астам қоқыс жиналды. Осындай игі шаралардың арқасында қоғамда жаңа мәдениет, жаңа қоғамдық этика орнығып келеді. Мұны туған елге деген сүйіспеншілік, жанашырлық деуге болады. Ұлттың жаңа сапасы осындай нақты шаралар арқылы қалыптасады», деді Президент Қазақстан халқына Жолдауы барысында.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл – уақытша науқан емес. Осы маңызды жоба жыл бойы жалғаса беруге тиіс. Себебі, шынын айтқанда, кейбір санасыз азаматтарымыз табиғатты, көшелерді әлі де ластап жатыр. Осындай адамдардың әрекетіне заң бойынша тосқауыл қою керек. Бір сөзбен, қоршаған ортаның тазалығы әркімнің күнделікті дағдысына айналуы қажет. 

Шымкент: Қытайлық компания ірі қоқыс өңдеу кешенін салу жобасына инвестиция салмақ

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қытайлық «Shaanxi Construction Engineering» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуде шетелдік инвесторлар Шымкент қаласында электр энергиясын өндіруге арналған ірі қоқыс өңдеу кешенін салу жобасын жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.

Қазақстан орталық референдум комиссиясының хатшысы Шымкент қаласында болды

Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман инспекциялық сапарлар барысында Шымкент қаласында 2024 жылғы 6 қазанға белгіленген республикалық референдумға дайындық мәселелері бойынша жиын өткізді.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Шымкенттік балуандар жеңіс тұғырынан көрінді

Әне-міне дегенше, бүкіл түркі әлемін аузына қаратқанV Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары да өз мәресіне жетті.Қазақстанның ұлттық құрамасы 44 алтын, 33 күміс, 37 қола жүлде алып, командалық есепте бірінші орынға ие болды.  Этникалық спорт түрлері бойынша ең ірі халықаралық жарысқа 10 спорт түрінен 18 шымкенттік атлет қатысты. Ерекше атап өтерлігі шымкенттік балуандардың  өнері. Жарысқа Шымкентен 4 балуан қатысып, барлығы жүлдемен оралды.

Шымкент: Әуежай аумағы тазаланды

Шымкент қаласында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясындағы іс-шаралар жалғасын табуда. Бүгін Абай ауданына қарасты Ынтымақ шағын ауданында, әуежай аумағында тазалық іс-шарасы ұйымдастырылып, оған «Жасыл ел» еңбек жасақтары, ерікті жастар мен тұрғындар, аудан әкімдігінің және әуежай қызметкерлері белсенді түрде атсалысты. Іс-шараға қатысушылар әуежай аумағын ретке келтіріп, қоқыс жәшіктерін сырлау, ағаштарды әктеу, шөп ору жұмыстарын жүргізді. 

Шаһар тазалығына әр шымкенттік жауапты

Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімдігіне қарасты «Нұрсәт» шағын ауданында тазалық жұмыстары жүргізілді. «Таза Қазақстан» акциясына бұл жолы тек тұрғындар ғана қатысқан. Олар 110-118 көп қабатты үйлердің маңын тазалап, балалар ойын алаңшаларындағы кемшіліктерді ретке келтірді.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында шымкенттік спортшылар 16 жүлде алды

7 алтын, 5 күміс, 4 қола. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында шымкенттік спортшылар жалпы 16 жүлдеге ие болды. Басқармадағылардың берген мәліметіне сүйенсек, Шымкент қаласынан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 10 спорт түрінен 18 атлет бақ сынады.