Түркістан: Кәсіпкерлер бақылау-кассалық машиналарын қолданатын болады

Түркістан облысы әкімінің орынбасары М.Мырзалиевтың төрағалығымен «Бизнесті көлеңкеден шығару, шағын және орта бизнестің өнім көлемін ұлғайту» жөнінде жиын өтті. Басқосуға облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы, Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер, бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменттері, облыстық кәсіпкерлік палатасы, «Қазақстан Ұлттық Банкі» (Екінші деңгейлі банктер), «Қазпочта» АҚ облыстық филиалдарының басшылары қатысты.

Түркістан: Цифрлық жүйе-қылмысқа қарсы қарымды күрес

Мемлекеттік қызмет көрсетуді Цифрлық жүйеге көшірудің сыбайлас жемқорлықтың жолын кесудегі рөлі айрықша. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен Түркістан облысы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның онлайн отырысында айтылды.

Шымкенттіктер азық-түлікті делдалсыз һәм арзан бағада алады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азық-түлік пен көкөніс бағаларының тұрғындар үшін қолжетімді болуын тапсырған болатын. Осы ретте каладағы бірқатар жылыжай иелерімен келіссөздер жүргізіліп, базарларда өз өнімдерін делдалсыз, төмен бағада сатуы үшін арнайы орындар берілді. Бұл жөнінде Шымкент қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Түркістан: Түлкібас ауданында мал бордақылау алаңдарының саны 117-ге жетті

Түркістан облысы Түлкібас ауданында мал шаруашылығы қарқыны өсіп жатыр. Атап айтқанда, Түлкібас ауданында мал бордақылау алаңдарының саны 117-ге жетті. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Шымкент әуежайындағы терминал құрылысы тоқтаусыз жүріп жатыр

Шымкенттегі халықаралық әуежай аумағында салынып жатқан жаңа жолаушылар терминалының құрылысы қарқынды жүруде. Бұл жұмыстар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шымкент қаласын дамыту жөніндегі тапсырмалары негізінде жүзеге асып жатқанын атап өткен орынды