ШЫМКЕНТТЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

 

Бүгінгі өткен Үкімет отырысында Шымкент әкімі М.Әйтенов қалада жүзеге асыралатын ірі инвестициялық жобаларды атады.

«KAZALPACK» - соның бірі. Аталмыш компания биыл құны 23,4 млрд. теңгені құрайтын алюмин банкілерінің өндірісі жобасын іске қосып, 150 жаңа жұмыс орны құрылды. Қосымша 2023-2025 жылдары алюмин тақталары мен листтер өндірісі жобасы іске асырады. Инвестиция көлемі  40 млрд. теңге, 350 жаңа жұмыс орны құрылады.

Келесі жоба - «Karlskrona». Бұл компания  құны 26 млрд. теңгені құрайтын гидравликалық насостар өндірісі  жобасын жүзеге асырады. Онда 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.

 Өзбекстандық инвестордың қатысуымен «Orient Ceramic» компаниясы құны  13 млрд. теңгеге керамикалық тақталар өндірісі жобасын жүзеге асыруды жоспарлауда.  300-ден астам жаңа жұмыс орындары құрылады.

1 000 орындық көпфункционалды университеттік клиника мен заманауи емхана жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Инвестиция көлемі 120 млрд.теңге, 3 мыңға жуық жұмыс орны. Қазіргі таңда жобалау жұмыстары аяқталып, сараптамадан өтуде.

«Asia Trafo» компаниясының құны 7 млрд. теңгені құрайтын трансформатор өндірісі. Жоба аясында Орталық Азияда теңдесі жоқ жоғары кернеулі реакторлар шығарылады.

Айта кетейік, Шымкентте жалпы аумағы 743 га құрайтын 4 индустриялық аймақта 185,3 млрд.теңгеге 130 жоба іске асырылып, 8 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Қала экономикасының қарқынды дамуына және инвесторлар тарапынан сұраныстың артуына байланысты жаңадан 4 өндірістік алаң ашу жұмыстары басталды.

Атап айтсақ,  «Жұлдыз» индустриялық аймағы. Аумағы 306 га, қазір инженерлік инфрақұрылымның құрылысы жүргізілуде. Бұл аймақта 200 млрд. теңгеге 50-ден астам ірі инвестициялық жобаны іске асыру күтілуде. 5 мыңға жуық адам жаңа жұмыс орындарымен қамтылады. Бүгінгі таңда 17 жобаға жер телімдері беріліп, инвесторлар жұмыстарын бастап кетті.

Аумағы 132 га құрайтын «Бозарық» агро-индустриялық аймағы. Басты бағыты - ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу. Инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде. 21 инвестициялық жоба іске асырылатын болады. Бүгінгі таңда 7 млрд. теңгеге 6 жобаны іске асыруға жер телімдері ұсынылды.

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын кеңейту. Аймақты кеңейту бойынша қосымша 175 га жер учаскесі анықталды. Бұл аймақта құны 150 млрд. теңгеге 30-дан астам ірі жобаны жүзеге асырып, 3 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.

«Стандарт» жекеменшік индустриялық аймағы. Бұл аймақтың ерекшелігі -  инвестор өз қаражаты есебінен 176 мың шаршы метр дайын өндірістік алаңдарын салып, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынады. Кәсіпкерлерге қаржы институттары мен мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдау көрсетіледі. Бүгінгі таңда аумақтың құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

Шымкент: Тауарлар 15-20 пайызға арзан сатылды

Жеміс-жидектер, көкөніс пен азық-түлік. Ет, сүт өнімдері,  макарон, шұжық, тұрмыстық химия, текстиль жəне өзге де өнімдер осында тиімді бағада саудалануда. Базар нарқынан тауар түрлеріне қарай  10-15 пайызға төмен ұсынылуда.

Шымкентте  ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Бұл жәрмеңке өзгелерден ерек. Себебі, ауқымды түрде өтіп жатқан бұл іс-шара Шымшаһардың туған күніне орай ұйымдастырылды. Жалпы халық күнделікті бірінші кезекте тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері және олардың бағалары басты назарда. Бұл бойынша Шымөаламызда бірқатар іс-шаралар атқарылуда. Қала күніне орай ұйымдастырылған жәрмеңке - соның бірі.

Мақсат - әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру, халықты тиімді бағадағы қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету және делдалдық қызметті шектеу болып табылады.Жәрмеңкеге Шымкенттегі тауар өндірушілермен қатар Түркістан облысының көрші аудандарынан ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілер, дихандар мен шаруалар қатысуда.

– Дәстүрлі жәрмеңкеге 200-ге жуық кәсіпкер қатысуда. Олар өз өнімдерін базар нарқынан 10-15 пайызға төмен сатуда. Жалпы көлемі 100 тоннадан астам өнім ұсынылған, – деді Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Жандос Ханаев.

Айта кетейік, жәрмеңкеде құмшекер де сатылуда. Жалпы салмағы 4 тонна шекер әр адамға бес келіге дейін, келісі 480 теңгеден босатылуда.

Тілге тиек етсек, ауылшаруашылығы - мемлекет экономикасының өсіміне септігін тигізетін сала. Бұл ретте, Шымкент өзінің болашағын ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеумен және АӨК саласындағы логистикамен тығыз байланыстырады. Өйткені, қала - аграрлық аймақтың орталығы.

 

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

ШЫМКЕНТТЕ 30 МЫҢ ГЕКТАРҒА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАҚЫЛДАРЫ ЕГІЛДІ

 

Биыл қала аумағындағы егіс егілетін жер 30 мың гектарға жетіп отыр.  Бұл 2021 жылдан 0,7 мың гектарға, ал 2019 жылмен салыстырғанда 1,9 мың гектарға артық. Осы егіс алқабынан диқандар 90,1 мың тонна өнім жинауды жоспарлап отыр.

Осы және басқа да ақпараттармен Шымкент қаласының ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Джанбатыров Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте мәлімдеді.

-   Егістік алқабы өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 0,7 мың гектарға артқан.  Жалпы дәнді-дақылдар -13,0 мың га., жүгері - 0,1 мың га., майлы дақылдар - 3,6 мың га., мал азықтық дақылдар - 9,6 мың га., картоп - 0,4 мың га., көкөніс және бақша дақылдары - 3,4 мың га.  жерге егілді,-деді А.Джанбатыров.

Оның мәліметтеріне сенсек, қазіргі таңда көкөніс алқаптарынан 17,9 мың тонна өнім алынса, 10,1 мың тонна мал азықтық шөп жиналған.

-       Биыл мал азықтық өнімдерін өндіруге басымдық беріледі. 2021 жылы 8,9 мың га жерден мал азығы жиналса, осы жыл 10,1 мың гектардан өнім жинау көзделуде, -деді А.Джанбатыров.

Сондай-ақ, шаруалардың өтінімдеріне сәйкес, көктемгі дала жұмыстарына бөлінетін жанармай жеңілдетілген бағамен литріне 189 теңгеден босатылуда.  Бүгінгі күнге дизель отынының нарықтағы бағасы 220-230 теңгені құрап отыр.

 2022 жылы ауылшаруашылығы саласында өнімділікті арттыру мақсатында

- минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бағдарламасына - 122 146,0 мың теңге. Бүгінгі күнге 32,1 мың тонна тыңайтқыш субсидияланды.

- тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 20 480,0 мың теңге бөлініп, бүгінгі таңда бірінші ұрпақ будандарының 141,0 мың дана тұқымдары субсидияланды.

 - пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялауға 600,0 мың теңге бөлінген. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 12%-артық (2021ж.-128,0 млн.тг.).

 

 

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

 

 

"ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ -2022" АНЫҚТАЛМАҚ

Шымкент қаласындағы Орталық саябақта «Қазақстанның үздік тауары-2022» өңірлік көрме-байқауы өтіп жатыр. Шара қалалық әкімдік пен жергілікті кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өтуде.

Шараға қала әкімі мен  қалалық мәслихаттың хатшысы Бахадыр Нарымбетов қатысты. Құттықтау сөз сөйлеген қалалық мәслихат хатшысы кәсіпкерлік саласының дамып келе жатқаны көз қуантатын жағдай екенін жеткізді.

–Кәсіпкерлік әлеуетті халыққа таныстыру үшін осындай көрмелерді тұрақты түрде өткізу қажет. Статистика бойынша Шымкенттің өнімдері республикадағы үлестің 30 пайызын, ал фармацевтика 26 пайызын қамтиды. Мегаполистің потенциялы жоғары. Кәсіпкерліктің алға басуы қосымша жұмыс орнын арттырады. Халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарады. Қаншама отбасы нәпақа тауып, бала-шағасын асырауға мүмкіндік алады, - деді Бахадыр Мәдәліұлы.

«Қазақстанның үздік тауары-2022» деп аталатын  өңірлік байқау-көрмесіне азық-түлік, фармацевтика, машина жасау, химия, жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы саласы мен құрылыс индустриясының 70-тен астам тауар өндірушілері өз экспозицияларын таныстырды. Мұндағы мақсат - халық арасында сапа идеясын насихаттау дейді,- Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры.

Бұл жылғы көрмеге алғаш рет оннан астам жаңа компания қатысуда, олардың ішінде «Бесқұдық тас» ЖШС (декоративтік тастар өндірісі), «Topseller of chemical products» ЖШС (дезинфекциялаушы және жуғыш заттар өндірісі), «Qut-Bereke Qurylys» ЖШС (металл құрылымы), «Quraq group» ЖШС (трансформер жиһазы), «Alem Luxury» ЖШС (жиһаз), «БАРАКА» ЖК (сүт өнімдері), «NURTAU distribution company» ЖШС (сұлы шоколад кәмпиттері мен сағыз өндірісі), «Петухова» ЖК (бөлмеаралық есіктер) бар. Мұнда ірі компаниялар ғана емес, шағын және орта бизнес өкілдері де өздерін таныта алады.
Конкурс шартына сай, тәуелсіз сарапшы аудитор, бизнес-қауымдастық, салалық қоғамдық бірлестік және мемлекеттік орган өкілдерінен құралған. Аталған сараптамалық комиссия «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша үздіктерді таңдайды.

«Қазақстанның үздік тауары-2022» өңірлік көрме-байқауының жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталумен қатар, жыл соңында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық байқауға қатысу құқығына ие болады. Өңірлік көрме-байқауы үш күнге созылады.

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

ШЫМҚАЛАНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫ 28,6 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ

2022 жылдың 5 айында Шымкент қаласының экономикасына 130,9 млрд. теңге тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 28,6% артқан (2021 жыл қаңтар-мамыр – 96,9 млрд. теңге). Осы көрсеткішпен Шымкент елімізде инвестиция тартудан көш бастады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Ә.Қуантыров Үкімет отырысында белгілі болды. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен селекторлық жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов пен салалық басқарма басшылары қатысты.

 Министр негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 2,5 пайызды құрағанын атап өтті. Инвестициялар білім беруде – 71,7, мемлекеттік басқару мен әлеуметтік қамсыздандыруда – 55,1, ғылым мен техникалық қызметте – 35,9, денсаулық сақтауда – 27,8, жылжымайтын мүлік операцияларында – 20,4, саудада – 13,9, құрылыс саласында 10,7 пайызға өсті. Өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіш Шымкент және Алматы қалаларында, сондай-ақ Ақмола облысында байқалған.

  Шаһарда 2021-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылатын құны 2,7 трлн.теңгеге 296 инвестициялық жобалардың базасы жасақталды. Осы жаңа бастамалар арқылы 20 мыңнан аса жұмыс орындары құрылмақ. Оның ішінде 2022 жылы құны 241 млрд.теңгені құрайтын 65 инвестициялық жоба іске асырылып, 2500 жаңа жұмыс орны ашылуы жоспарланып отыр.

 Сонымен бірге, жалпы кәсіпкерлік қолдау картасы аясында биыл қалада 52,3 млрд.теңгеге 16 жоба іске асырылып, 1 043 жұмыс орны құрылады.

 Шымкенттің инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін кәсіпкерлер мен инвесторларға «бір терезе» қағидатымен «Бизнеске арналған үкімет - Shymkent Invest» фронт-кеңсесі жұмыс жұмыс істейді. Мекеме кеңес беру, мемлекеттік қызметтерді көрсету, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға сүйемелдеу және инвесторларға жолығатын шектеулерді жоюға көмектеседі.

 Ал, инвестциялық жобаларға мониторинг жасап, мәселелерін шешу және қаланың жалпы инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы инвестициялар тарту мәселелері жөніндегі штаб құрылған. Апта сайын өтетін штаб отырысында қала әкімі Мұрат Әйтенов инвестициялық жоба бойынша жауаптыларға тапсырмалар жүктеп, олардың орындалуы тұрақты бақылауға алған.

 Жүйеленген жұмыс нәтижесінде 4 өнекәсіп аймағында 294,5 млрд. теңгеге 191 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылуда. Соның ішінде қазір 161,8 млрд.теңгеге 8,1 мыңға жуық жұмыс орнымен 128 жоба іске асырылған.

 

 

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

ШЫМКЕНТ ЖЫЛЫЖАЙЛАРЫНЫҢ ӨНІМІ МОЛ

Бүгінде Шымкент қаласында 204 гектар жерде 113 жылыжай кешені орналасқан. Оның ішінде аумағы 71 га құрайтын 23 өнеркәсіптік жылыжайда ауылшаруашылық өнімдері өсірілуде. Бұл жылыжайларда жылына 17 мың тоннадан астам қызанақ, қияр және басқа да көкөніс өнімдері өндіріледі. Қаладағы жылыжайлардың өнімдері бүгінде базар, дүкендерде самсап тұр және жыл бойы үзілген емес. Өнімдер ішкі нарықты қамтып қана қоймай, көрші елдерге де экспорт жасалады.

Шымкент көкөніс, жеміс-жидегімен елімізге ғана емес, шетелге мәлім қала. Қалада ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекелестікке қабілетті етіп өндірілетініне ілгеріде күмәндана қарайтындар көп болатын. Алайда, енгізіліп жатқан жаңа технологиялар көптің күмәнін сейілткен. Оған  – Бозарық тұрғын алабында орналасқан «Зауре» жылыжайы дәдел. Аумағы 3 гектарлы өндірістік жылыжай кешені 2020 жылы іске қосылған.

Жаңа технологияларды қолданған «Зәуре» жылыжайында өнім сапасына да аса мән беріледі. Соның дәлелі мұндағылар тозаңдау жүмыстарына арнайы араларды пайдаланады екен.

Тозаңдаушы араларды  Голандия мен  Украйнадан алдырған. Шетелдік жәндіктердің ерекшелігі еңбекқорлығында. Сонымен қатар ұясынан алыс кетпей бір жерге тез бейімделеді екен.

Жылыжай «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау» және тыңайтқыш құнын субсидиялау бағдарламалары бойынша мемлекеттен қолдау алғаннан кейін көкөніс өндіру ісі өркендеді. Туркияның алдынғы қатарлы технологиясымен жабдықталды. Жылына 600 тонна өнім өндіріліп отырған агрокешенде 30-дан астам адам жұмыспен қамтылып, қызанақтың органза, мэрлис және тарелино түрлері өсіріліп жатыр. Өнімдер қала нарығы мен еліміздің солтүстік өңірлеріне саудаланады.

 

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

ШЫМҚАЛАДА 9 ЖАҢА ЖОБА ІСКЕ АСАДЫ

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен кезекті инвестиция штабының отырысы өтті. Жиын барысында 2022 жылдың 4 айында негізгі капиталға салынған инвестициялардың игерілуі мен хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы талқыға түсті.

Инвесторлар «zoom» платформасы арқылы байланысқа шыққан қала басшысына жаңа жобалар туралы баяндады. Негізінен құрылыс, жеңіл өнеркәсіп және әлеуметтік сала бойынша жалпы 9 жаңа жобаның жүзеге асыру мәселесі қаралды.Соның бірі - керамика плитасы өндірісі. Жоба құны 13,5 млрд теңге. Жоба жүзеге асса 200 адам жұмыспен қамтылады. Қазіргі таңда «Жұлдыз» индусриалды аймағынан 25 гектар жер беру қарастырылуда.

Жылына 100 млн метр тамшылатып суаратын таспа мен 9000 тонна дайын полимер бұйымдарын шығаратын өндіріс те жаңа жобалардың қатарында. Ол үшін «Жұлдыз» индустриалды аймағынан 3 га жер бөлу жоспарланып отыр. Жобаның құны 1,3 млрд теңге. Жылына 10 000 тонна электр энергиясы өндірісіне қажетті жабдық шығаратын зауытқа да 10 га жер телімі қажет.

 Келесі бір жоба – асфальт зауыты. Асфальт битиумдарын өндіретін және сақтайтын жобаның құны 300 млн теңгені құрайды. Жеке инвестор жылына 255 мың тонна асфальт өндіруді қолға алмақ. Ал, 897 адамды жұмыспен қамтуға арналған текстил жобасының құны 15,2 млрд теңге. Кәсіпорын жылына 10 440 тонна иірілген мақта жіп пен18,9 млн шаршы метр мата тоқуға қауқарлы. Сондай-ақ, жылына 3,6 млн орам қағаз шығаратын мекемеге «Оңтүстік» индустриалды аймақтан жер бөлу жұмысы қаралуда.

Қала әкімі жаңа өндіріс орындары қаламыз үшін маңызды екенін, ұсынылған жобаларға қолдау көрсетілетінін мәлімдеді. Индустриалды аймақтардан қажетті жер беріледі. Шаһар басшысы жобаның жүзеге асырылуы барысында кездесетін мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.

 

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

Түркістан облысында кәсіпкерлерді несиелендіру басталды

Өңір кәсіпкерліктің саны бойынша республикада көш бастап тұрШағын және орта бизнестің қарқынды дамуының нәтижесінде бүгінде олардың қарасы 147 мыңнан асты. Пандемияға қарамастан былтыр жалпы кәсіпкерліктің саны 6,8 мыңға артқанӨндірілген өнім көлемі 47%-ға ұлғайып, 1,2 трлнтеңгеге жеттіБұл жөнінде облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде баяндалды.

Атап өтерлігі, өткен жылдың қорытындысымен шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 26%-ды құрап, алдағы төрт жылдық көрсеткіш асыра орындалып отыр. «Қарапайым заттар экономикасы» арқылы бүгінгі күнге 42,9 млрдтеңгеге 315 жоба қаржыландырылыпбағдарламаны жүзеге асыру жөнінен Түркістан облысы алдыңғы қатарда.

Оған қоса «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы да ширақ орындалуда. Бағдарлама бюджеті биыл 43%-ға артып 11,6 млрд. теңгеге жеткен. Қазіргі таңда несиелеу жұмыстары басталды.

2022 жылға бюджеттен бөлінген қаражат шеңберінде несиелерді субсидиялау арқылы кәсіпкерлерге жеңілдетілген 6%-бен 40 млрд. теңгеге несие беру мүмкіндігі бар. Жеңілдетілген несиелерді кәсіпкерлерге барынша бағыттау үшін аудан және қала әкімдіктерімен жұмыстар жүргізілуде.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен жергілікті деңгейде бірқатар жобалар іске қосылып, сәтті жүзеге асырылуда. Ірі кәсіпкерлердің көмегімен микробизнесті, стартаптарды қолдау мақсатында өңірде «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алған-ды. Жобаның арқасында 16 стартап жобаларға менторлар қолдау көрсетті. Жоба жалғасын табады.

«Бастау Бизнес» түлектерін қаржыландыру мақсатында «Атамекен – Түркістан» микроқаржы ұйымы құрылған болатын. «Бастау Бизнес» түлектеріне бүгінгі таңға 1,4 млрд. теңге несие берілген, оған қосымша 1,1 млрд. теңгеге несиелендіру жалғасуда.

Сондай-ақ «Керуен Сарай» және «Эко Базар» саудагерлеріне арналған «YassyBusiness» бағдарламасы іске асып жатыр. Қазіргі таңда 180 млн. теңгеге 10 жоба қаралуда. Бағдарламаның жалпы қаржысы — 1 млрд. теңге, оның ішінде 330 млн. теңгесі — жергілікті бюджеттің, 670 млн. теңгесі — «Даму» қорының қаржысы. Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлерге 25 млн. теңгеге дейін 7 жылға 4%-бен несиелер беріледі.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.