Түркістан: Ордабасыда биыл алюминий профильдерін өндіретін зауыт іске қосылады
Бұл туралы Ордабасы ауданында өткен брифингте аудан әкімі Азат Оралбаев айтты.
Бұл туралы Ордабасы ауданында өткен брифингте аудан әкімі Азат Оралбаев айтты.
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері Ордабасы ауданындағы Шұбар ауылында орналасқан «Сұлтанберді» жылыжай кешенінің жұмысымен танысты. Кешеннің инвестициялық құны - 420 млн теңге. 2 гектар аумақты алып жатқан жылыжайда 2020 жылы іске қосылған.
2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Түркістан облысында негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң өсім сақталды. Бірқатар салада көрсеткіш жақсара түскен. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 680,6 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,7%-ды құрады.
Түркістан өңірінде жиһаз кластерін қалыптастыруға толық мүмкіндік бар. Осылай деген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сауран ауданының кәсіпкерлерімен және инвесторларымен бизнес саласын талқылау бойынша кездесу өткізді.
Қытай инвесторларының қатысуымен Түркістан облысында жаңартылатын энергия көздерін дамыту мақсатында жел және күн электр станцияларын салу бойынша бірнеше жоба жүзеге асырылады. Жалпы қуаттылығы 1260 МВт электр станцияларын салу үшін Сауран, Созақ, Бәйдібек, Ордабасы және Түлкібас аудандары қарастырылуда.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды шағын, орта және ірі бизнес өкілдерімен кездесті. Мұндай кездесу тұрақты түрде өтеді. Бұл жолы Түркістан қаласында бизнесін дамытуға ниет білдірген Алматы, Қарағанды облыстарынан арнайы келген кәсіпкерлер қатысты. Сондай-ақ туризм, агроөнеркәсіп, өңдеу өнеркәсібі және басқа салалардан 50-ге жуық кәсіпкер жиналды. Мемлекеттік органдардың өкілдері де қатысып, ұсыныстарды тыңдады. Бизнес өкілдері қордаланған мәселелері мен жаңа ұсыныстарын айтты. Кездесу еркін форматта өтті.
Түркістан облысында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға тұрақты қолдау көрсетіліп келеді. Мемлекеттік қолдаудан бөлек, облыс басшысы жергілікті кәсіпкелермен жиі кездесіп, ашық диалог орнатып тұрады.
Түркістан облысының аудан әкімдері мен кәсіпкерлерінің Қытай Халық Республикасына іссапарынан кейін өңірде бірнеше зауыт - фабрика ашу қолға алынды. Ынтымақтастық, экономикалық, сауда және ауыл шаруашылығын арттыру бойынша бірқатар меморандумдарға қол қойылды.