Cауран ауданында айына 350-ге жуық орындық жасап шығаратын кәсіпорын бар

Сауран ауданының Иассы ауылдық округінде орналасқан «Хайдаров ЖК» жиһаз кәсіпорны айына 350-ге жуық орындық дайындайды. Кәсіпорын басшысы Валид Бабирұлы өзі де жиһаз ұстасы болып кәсіпті бастаған. Бүгінде аталмыш цех жергілікті 12 тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Өнімдер еліміздің түкпір-түкпіріне жөнелтіліп жатыр.

Түркістанда «Жас кәсіпкерлер клубы» құрылды

Түркістанда жас кәсіпкерлерден құралған «Жас кәсіпкерлер клубы» атты ұйым өз жұмысын бастады. Клубтың алғашқы отырысына облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ербол Әуелбеков, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев және рухани астананың белсенді кәсіпкерлері қатысты.

Түркістан: Жайлы мектептердің іске асырылу барысы талқыланды

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында 2023-2025 жылдары 63 жаңа мектеп бой көтереді. Келешекте онда 49 мың бала білім алады. Салынып жатқан мектептердің саны әр өңірдің қажеттілігін әрі демографиялық ахуалын ескере отырып анықталған. Сондықтан «Жайлы мектеп» жобасы – өңірімізде мектеп тапшылығын шешуге берілген үлкен мүмкіндік. 

Түркістанда отан қорғаушылар күні аталып өтті

Биылғы Отан қорғаушылар күні мерекесі – Ұлы Отан соғысының батыры, алғашқы Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов пен Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Осы тұлғалардың құрметіне отаншылдықты, ерлікті дәріптейтін іс-шаралар өтуде.

Түркістан: «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясы басталғалы 370 мыңнан астам адам атсалысқан

Мемлекет басшысының бастамасымен 6-сәуірден бастап республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Шараның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.

Шымкенттіктер "Гауһартас" қойылымын тамашалады

«Гауһартас» әннің әсерімен Дулат Исабеков 25 жасында өзінің ең алғашқы туындысы «Гауһартасты» жазды. Бұл шығарма халықтың шығармасына, Гауһартас халықтың сүйіктісіне айналды. Бүгінде бұл шығарманың жаңа дәуірі басталды десек болады. Олай дейтініміз Астана қаласының музыкалық жас көрермен театры сахналаған «Гауһартас» қойылымы бүгінде аншлагпен өтетін, көрерменнің жүрегіне жол тартқан үздік туынды. 

Шымкентте Avtobys жүйесі іске қосылды

Шымкентте қалалық көлік қызметін жақсарту мақсатында инновациялық Avtobys басқару және диспетчерлік жүйесі енгізілуде. Бұл жаңалық тұрғындарға жол ақысын ыңғайлы және жылдам төлеуге бірегей мүмкіндіктер береді және қалалық көлік қызметінің сапасын жаңа деңгейге көтереді.

Шымкент: Аппараттық мәжілісте бірқатар мәселелер қаралды

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте жұмыс орындарын құру, бюджеттің атқарылуы, көктемгі егіс жұмыстарының қорытындылары баяндалды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы К.Тұрлыбеков Тұжырымдамалар мен Даму жоспары шеңберінде жұмыссыздықты төмендету мақсатында биылғы жылға азаматтарды жұмыспен қамту шаралары бойынша баяндама жасады. 

Шымкентте есірткімен күрес күні аталып өтті

26 маусым - Халықаралық есірткімен күрес күні.  Жалпы елімізде синтетикалық есірткіні тұтыну деректері артқан. Соңғы 3 жылда айналымнан алынған «синтетика» көлемі 10 есе өскен. Мұның себебін мамандар,  синтетикалық препараттар жыл сайын арзанырақ және қолжетімді болуынан деп түсіндіреді.