Түркістанда кітап оқуға құштар директорлар, ұстаздар мен оқушылар жарысты

«KitapХАН» кітап оқыту әдісінің жылдық қорытындысы өтті. Бұл бастама ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы аясында ұйымдастырылды. Оқу-ағарту саласындағы Шараға Түркістан облысы білім басқармасының басшы міндетін атқарушы Жандос Маханбетов қатысып, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Түркістандық 30-ға жуық колледж студенті Түркияда кәсіптік тәжірибеден өтеді

Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің 2023-2027 жылдарға арналған жылдық жоспары аясында халықаралық ақпараттық қоғамға бейімделген жаңа мамандарды тәрбиелеу бағытында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша оқитын білім алушылардың академиялық ұтқырлығын енгізу және шетелдік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен шетелдік компаниялармен халықаралық ынтымақтастық бойынша Туркия елінің озық инновациялық технологияларын игеру, үйрену мақсатында “Caspian Center” ЖШС 2024 жылы 18 қаңтарда меморандум түзілген.

Түркістан: мектеп оқушылары оқу жылының аяғында жетістіктерімен қуантты

Түркістан қаласындағы Ж.Тәшенов атындағы №23 ІТ мектеп-лицейі түрлі білім сайыстарына қатысумен қатар жүлдегер атанудан алдыңғы қатарда келе жатқан үлгілі білім ордаларының бірі. Жыл сайын жоғары нәтижелерімен қуантып келе жатқан мектеп оқушылары оқу жылының аяғында тағы қос жетістіктерімен қуантып отыр.

Түркістан қаласында 170 оқушы «Алтын белгіге», 171 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер

Бүгін – 2024-2025 оқу жылының соңғы күні. Бұл күн еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңырау үні сыңғырлап, оқушылар жазғы демалысқа асығатын күн. Сонымен қатар, 11-сынып оқушылары мектеп бітіріп, үлкен өмір сахнасына жолдама алатын ұмытылмас күндерінің бірі.

Түркістан қаласындағы 76 мектепте білім алып жатқан 52668 оқушы сынып сағаттарына қатысты

Бүгін 2023-2024 оқу жылының соңғы оқу күні. Бұл күн әдеттегідей емес, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бастамасымен «Білімім – Отаныма» тақырыбындағы бірыңғай сынып сағаттарымен басталды. Түркістан қаласындағы 76 мектепте білім алып жатқан 52668 оқушы сынып сағаттарына қатысып, өздерінің Отанға, мектепке, ұстазға деген жылы лебіздерін білдіруде.

Еліміздің әнұранын орындаудан басталған сынып сағаттарында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың оқушыларға құттықтауы ұсынылды. Сонымен қоса, педагогтар да сәтті аяқталған жылды қорытындылап, оқуда озат болған оқушыларға марапат қағаздарын тапсырды.

Білім - адам өмірінің ең маңызды құндылығы. Еліміздің болашағының жарқын болуы тікелей білімді ұрпаққа байланысты. Білім арқылы жастарымыз өз мүмкіндіктерін ашады, дүниетанымы кеңейеді, өзінің болашағын қалыптастырады. Сонымен қатар, жасында терең білім алған адам болашақта елдің гүлденуіне, экономикасының дамуына, мәдениеті мен ғылымының өркендеуіне үлес қосады. Сондықтан да еліміздің асқақ арманын жүзеге асыратын жастарымыз өздерінің күнделікті алған білімін Отанымыздың болашағын жарқын етуге арнауы тиіс.

Қаламыздағы №28 мектеп-лицейінде өткен бірыңғай сынып сағаттарына білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы Қолдасова қатысып, педагогтар мен оқушыларды оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтап, жылы лебіздерін жолдады, оқушылармен сұхбат жүргізіп, пікірлерін тыңдады. Өз кезегінде білімде озат атанған оқушыларды марапаттап, болашақтарының жарқын болуына тілектестігін білдірді.

Түркістанда «Барыс бала» байқауы қорытындыланды

Биылғы жылы үшінші рет өткізіліп, талай шығармашылыққа ден қойған жасөспірімдердің талантын ашқан, талапты шәкірттерді ынталандыра білген «Барыс бала» байқауы қорытындыланды.

«Жемқорлық және Заң» газеті, оның бас редакторы Қаламқас Алиакбарқызының бастамасымен өткізіліп жатқан байқау биыл «Түркістан – тарихи туристік қала» тақырыбын арқау етті. Оған жүзден астам оқушылардың шығармалары түсіп, білікті қаламгерлердің сараптауынан өтті.

Киелі топырақтың әр баласы – дарынды, зор талант иесі! Бүгін сондай оқушыларымыздың бір бөлігі аталған байқауға қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерімен танылды. Байқаудың ережесі бойынша шығармашыл оқушыларымыз эссе жазып өздерінің ойларын ашық жеткізе білу қабілеттерін, поэзия бағытында ақындық қабілеттерін жоғары деңгейде жеткізу арқылы жүлделі орындарға ие болып, марапаттау салтанатына шақырылды.

Оқу жылы бойына оқушыларымыздың білімдерін, шығармашылықтары мен өнерлерін таразылайтын талай сайыстар өтіп жатады. Солардың ішінде «Барыс бала» байқауын да ерекше атап өтуге болады. Себебі, мұндай байқаулар оқушыны шығармашылыққа баулумен қатар, кітап оқуға, бос уақыттарын тиімді пайдалануға зор ықпал етеді.

Байқаудың салтанатты марапаттау шарасына қала әкімі Нұрбол Әбдісаттарұлы Тұрашбеков, қалалық мәслихат хатшысы Ғаппар Амантайұлы Сәрсенбаев, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, қалалық білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы Қолдасова, Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Кеңесбекұлы Букебаев, аудан әкімінің кеңесшісі Мұхамеджан Ергешбайұлы және тағы басқа қонақтар қатысып, жас шығармашылық иелерін жүлделерімен құттықтады.

Жүлдегер оқушыларға марапат қағаздарымен қатар сый-сияпаттарын табыс етті. Байқауды ұйымдастыруға атсалысқан жандар да марапаттан тыс қалмады. Олардың ішінде білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы да бар екендігін айта кеткен жөн. Өз кезегінде байқаудың бастамашысы болған Қаламқас Алиакбарқызына ризашылықтарын білдірді. Ал, қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары мерекелік концерттік бағдарламасымен жоғары көңіл-күй сыйлады.

 

Түркістан қаласында «Білім берудегі инновациялар: идеядан іскер асыруға дейін» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды

Түркістан «Оқушылар сарайы» ШЖҚ МКК және Қазақстан педагогикалық ғылымдары академиясымен бірлескен «Білім берудегі инновациялар: идеядан іскер асыруға дейін» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Ол Оқушылар сарайының 4 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған.

Түркістандық жас спортшылардың жарқын жеңісі

Бүгінде Түркістан қаласында жастайынан спортты өздеріне серік етіп, жарқын жеңісімен қуантып келе жатқан балалар баршылық. Еліміздегі спорт алаңдарында жеңіс тұғырынан көрініп, әлемдік ареналарда да қаламыздың ғана емес, еліміздің намысын абыроймен қорғап жүрген жасөспірімдер түркістандықтардың мақтанышына айналуда. Сондай жасөспірімдердің бірегейі – М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясының оқушылары Әсия Асылхан мен Нұрислам Сұлтанхан бүгінде тағы бір жарқын жеңістерімен қуантып отыр.

Түркістанда «Өнегелі ұрпақ тәрбиесі – ортақ міндет» атты тақырыпта келелі жиын өтті

Осы тақырыпты арқау еткен ауқымды басқосу қала төріндегі «Ұлы Дала Елі» музейінде өтті. Қала әкімі Н.Тұрашбеков, қала Прокуроры К.Нәрікбаев, Полиция басқармасының басшысы Б.Жанаев, білім бөлімінің басшысы О.Қолдасова және мектеп басшылары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен ата-аналар қатысқан басқосуда ұрпақ тәрбиесі сөз болды.