ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Түркістан қаласында «25 қазан – Республика күні. Кеше. Бүгін. Ертең» атты дөңгелек үстел өтті.

Келелі басқосуда Республика күні мерекесінің мән-маңызы, еліміздің тәуелсіздік жылдардағы негізгі жетістіктері, қоғамда тұрақтылықты сақтауға бағытталған мәселелер талқыланды.

Жиынға ғалымдар, үкіметтік емес ұйым мүшелері, мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктердің, жастар қанатының өкілдері қатысты.

Кездесуде алғаш болып сөз алған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев Қазақстанның егемендігі туралы декларация тәуелсіздікке қарай жасалған алғашқы қадам екенін, оның қабылдануы еліміз үшін оң өзгерістер әкелгенін жеткізді.

– Биыл Президентіміздің бастамасымен 25 қазан - Республика күні ұлттық мереке ретінде аталып өтіледі. Дәл осы күні 1990 жылы Қазақстанның егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бабаларымыз үш ғасыр армандаған тәуелсіздік құжат ретінде тіркелді. Осы декларацияның арқасында еліміздің жеке территориясы, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді. Республика күні осындай тарихи құндылығымен бағалы, - деді Аңсар Жаңабайұлы.

Басқарма басшысы сондай-ақ биыл облыста Республика күнін атап өтуде елдік пен бірлікті дәріптейтін қайырымдылық, экологиялық және патриоттық акцияларға басымдық беріліп отырғанын жеткізді. Бұл ретте, ұлттық мерекенің тұжырымдамасы негізінде Түркістан облысында 30 іс-шарадан тұратын жоспар бекітілген. Мереке аясында аудан, қалаларда өтетін 1200-ден астам шара жоспарланып отыр. Сонымен бірге мереке қарсаңында Түркістан өңірінде жаңа әлеуметтік нысандар ел игілігіне тапсырылады. Мұның барлығы мерекенің маңызын арттыруға бағытталған.

Сондай-ақ жиында сөз алған ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Айнұр Идрисова 25 қазанды Жаңа Қазақстан құру жолындағы маңызды күн деп атап өтті.

– Соңғы 13 жылдан бері елеусіз қалған атаулы күнді, ел Президенті қайта жаңғыртты. Еліміздің тәуелсіздігі расымен де осы күннен бастау алады. Сондықтан, бұл күннің ұлттық мереке ретінде бекітілуі тәуелсіздік тұғырын асқақтата түсетін маңызды қадам. Бұл мерекені тарихымызды, дәстүріміз бен тілімізді, құндылықтармызды дәріптеу деп қабылдауымыз керек, - деді ол.

Жиынды қорытындылаған басқарма басшысы қатысушыларды Республика күні мерекесімен құттықтап, елдік пен бірліктің жолында күш біріктіріп, елге қызмет ете беруге шақырды.

ТҮРКІСТАН: СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ-БАСТЫ НАЗАРДА

 Жедел-алдын алу шарасы шеңберінде Түркістан қалалық Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары шаһардағы “Түркістан жоғары медицина” және "Яссы" колледжінің жатақханасында профилактикалық шарасын өткізді.

Шараның негізгі мақсаты- студенттер арасында әлімжеттік пен бопсалаудың алдын алу, құқық бұзушылықты болдырмау және кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігін алдын алу.

Жиында студенттерге және кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта сағат 23:00-ден кейін көшеде заңды өкілсіз жүруі, 22:00-ден кейін ойын-сауық орталықтарында (компьютерлік клубтарда отыру) жүрген кезде бірінші ескерту беріліп, қайталанған жағдайда айыппұл салынатыны айтылды. Тәртіп сақтамаған жасөспірімдер арнайы есепке алынатыны ескертілді.

Сонымен қатар, колледж басшылығына, топ жетекшілеріне әр баланың бос уақытын тиімді пайдалануын ұйымдастыру, тәрбие сағаттарында құқықтық тәрбиелеуге, профилактикалық іс-шаралар жүргізу қажеттігі жөнінде ұсыныс берілді.

Басқарма тарапынан қазіргі уақытта жастар арасында, әсіресе кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі жөнінде профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан мектептерінде «Өз мәртебеңді біл!» атты кездесу өтті

Түркістан қаласы Хамзаатындағы2 жалпыортамектебіндеағымдағыжылдың 19 қазанкүніТүркістаноблысы «ОблыстықЖИТС-тіңалдыналужәнеоныменкүресорталығы» МКҚК-ныңұйымдастыруымен 10-11 сыныпоқушыларыарасындаАИТВинфекциясыныңалдыналумақсатында «Өзмәртебеңдібілтақырыбындакездесуұйымдастырылды. КездесугесалауаттыөмірсалтынқалыптастыруорталағыныңатқарушыдиректорыШыңғысАбдикулов, дәрігер-эпидемиологҚуанышДихамбаев, әлеуметтікқызметкерЭлшодТуяқов, мұғалімМаратКенжегуловтарқатысты. Іс-шарамақсаты - оқушыларғаАИТВ/ЖИТСтуралышынайыақпаратбереотырып, олардымінез-құлықдағдысынаүйретужәнеАИТВ-менөмірсүрушіадамныңқұқықтарынақұрметкөрсетугетәрбиелеу. Дәрігермамандароқушыларғажұқпалыаурудыңалғашқыбелгілері, одансақтанужолдары, алдыналутәсілдерітуралымәліметтерберді. ОқушылардыАИТВ-ныңалдыналушараларытуралыбілуге, өзденсаулықтарынажауаптыболуға, салауаттыөмірсалтынұстануға, психикалықденсаулығынсақтауға, зияндыәдеттерденаулақболуғашақырды. Оқушыларғаақпараттықплакаттарменброшюралартаратылды.

Түркістан: Алаяқтардың жолын кесу үшін полицейлер, прокурорлар мен банк қызметкерлері бас қосты

Бүгінгі таңда халық арасында кеңінен тарап, тұрғындарды сазға отырғызып жатқан алаяқтардың саны артып кетті. Күн өткен сайын ұрлық емес, адамды алдап-соғуды оңай санап алаяқтық қылмысына баратындар көбейді. «Қайтсем оңай жолмен байлыққа кенелем, қайтсем еңбексіз әп-сәтте ақша табамын» деген пиғылмен қарапайым халықты алдайтындар азаяр емес. Әсіресе күнделікті қолданатын ұялы телефон арқылы интернет алаяқтығы жыл сайын өсуде.

Полицейлердің тиянақты еңбегі мен күндіз-түні із-кесіп, соңғы технологияны пайдалана отырып, атқарған жұмыстарының арқасында алаяқтар ұсталуда. Соның нәтижесінде бұл қылмыстың ашылымы да артып жатыр. Алайда тәртіп сақшылары үшін бастысы тек бұл емес, олар неғұрлым тұрғындар алданбай, алаяқтардың тұзағына түспесе деген мақсатты ұстанып, Түркістан облысы Полиция департаментінде «Ғаламтор желісінде жасалған алаяқтық қылмыстармен күресу үшін, тіркелген сотқа дейінгі тергеп-тексеру құжаттарын тергеу барысында туындаған проблемалық мәселелерді талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Оған Түркістан облысы Прокуратурасы 1-басқармасының аға прокуроры Сұлтан Батталов, екінші деңгейдегі банктердің (халық, форте, альфа, нур, банк центр кредит. т.б. банктер), ұялы байланыс операторларының өкілдері (Кселл, Кар-Тел, Теле 2), тергеушілер мен жедел уәкілдер қатысты.

Дөңгелек үстел Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция подполковнигі Құрманбек Саховтың төрағалығымен өтті.

Алаяқтық қылмыстарының ашылуы мен жедел жұмыстарды атқаруды тікелей бақылап, қызметкерлерге тапсырма беріп жүрген басшы Қ.Сахов алғы сөзді сөйлеп, күн тәртібіндегі мәселеге кеңінен тоқталды.

«Қылмысты ашуда, қылмыскерді ұстауда біз жедел шараларды жасап, тиісті жұмыстарды жандандырып жатырмыз. Десек те осы алаяқтарға алданып, банк қызметкерімін деп айтты, ұялы телефоныма байланысып жеке мәліметтерді сұрады деушілер өте көп. Сондықтан қарапайым тұрғындар сан соғып қалмас үшін бірлесіп, алаяқтарға тосқауыл болайық. Халықты банк қосымшаларына арнайы ескертпелерді жазып, сақтандырайық. Қылмыстың алдын алайық!», - деген полиция полковнигі Қ.Сахов 9 нақты проблемалық мәселелерді ортаға салды.

Бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену арқылы талай адамды осындай қиындыққа душар болатынын мамандар жасырмайды. Бұл жөнінде Қылмыстық кодексінің 190-бабында алаяқтық 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Соған сәйкес мүлікті тәркілеу, өмір бойы құқығынан немесе белгілі бір қызмет түрімен айналысуына шектеу қойылады. Әдетте, соттың назары алаяқтықтың міндетті белгісі кінәлі адамның пайдакүнемдік мақсатының болуы жағдайына назар аударады. Қоғамға қауіпті кеселге айналған аталған жат қылық алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы жасалады. Олардың ықпалымен меншік немесе мүліктің өзге иесі мүлікті немесе оған құқықты басқа адамдарға өз еркімен береді. Осыған қатысты қылмыстық істерді саралап көрсек, көп түйткілді мәселеге көз жеткізуге болады. Алдау бөтен мүлікті жымқыру немесе бөтен мүлікке құқықты иемдену мақсатында жүзеге асады. Бұл алаяқтық жасау тәсілі болып табылады.  Алаяқтық кезінде алдау ауызша, сонымен қатар жазбаша нысанда болуы мүмкін. Жымқыру кезінде жалған құжаттарды пайдалану алдау нысандарының бірі болып табылады. Басқа адам әзірлеген жалған ресми құжатты пайдалана отырып жасалған жымқыру алаяқтық құрамымен толық қамтылады. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша қосымша саралауды талап етпейді. Егер адам құқық беретін немесе міндеттерден босататын жалған ресми құжатты қолдан жасау жолымен аляқтық жасаса, жасалған әрекетті ҚК-нің 385-бабының бірінші бөлігінде және ҚК-нің 190-бабының тиісті бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша саралаған жөн. Сондай-ақ, қазіргі технология дамыған кезеңде алаяқтық жағдайы күрделене түсті. Интернет пен цифрлы технологияны пайдалана отырып, өзінің жымысқы әрекетін жүзеге асыратын адамдар бар. Бұл оған қатысты қылмыс түрлерін түебегейлі өзгертті.  Рас, интернет пен цифрлы технологиялардың кеңінен таралуы жаһандану құрылымын ғана емес, қылмыс әлемінің сипатын, соның ішінде қылмыс түрін түбегейлі өзгертті. Қазір бәріміздің өмірі­мізде цифрлы технологиялар маңызды рөл атқарады. Бүгінде жаһандық желі игілігін пайдалана отырып, виртуалды қызметтер мен өнімдерге қол жеткізуге мүмкіндік алған едік. Нәтижесінде кейбір тауарлар түріне сол арқылы тапсырыс беруге қолайлы жағдай туды. Дегенмен соңғы 10 жылдың көлемінде интернет көзі арқылы жасалатын қылмыстық құқық бұзушылық түрінде айқын көріне бастады. Бас прокуратура интернет-алаяқтыққа байланысты ел тұрғындарына үндеу жариялаған болатын. Жат әдеттің көбейіп бара жатқанын айтып, қазақстандықтарға ескерту жасады.Ведомство мәліметінше, статистика бойынша, кейінгі 5 жылда елімізде интернет-алаяқтық дерегі 10 есе өскен, Ол 2017 жылы 2 мыңды құраса ол 2021 жылы 21 мыңға дейін жеткен. Азаматтардың әлеуметтік желілердегі онлайн сауда мен танымал сайттар арқылы алаяқтық құрбаны болу көрсеткіші айтарлықтай жоғары. Сонымен қатар, қылмыскерлер онлайн - қарыз алу жолымен және банк карталарынан ақша жымқырады. Алаяқтар көбіне құрбанына инвестиция салу, бәс тігу, ойын және лотереяны жарнамалайды. Сонымен қатар, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірге заңсыз онлайн несиелер бойынша ақпарат алмасу туралы Меморандум жасалған. Бұл интернет алаяқтарына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңызды бөлігі. Қазірдің өзінде алдын алу шаралары оң нәтиже берген. Жалпы айтқанда, интернет алаяқтықтың көбейіп кетуіне себепкер болып жүрген жағдайлар аз емес. Елімізде интернеттегі түрлі хабарландырулар бойынша тауар немесе қызмет үшін алдын ала төлем алу кеңінен етек жайып барады. Кейбір тұрғындардың сеніміне кіре отырып, олардан қомақты қаржыны алаяқтық жолмен алуға тырысады. Жалпы интернет алаяқтық жағдайының  жартысы дәл осындай жолмен жасалғанын назарға алуымыз қажет. Сондай-ақ, микрокредиттік ұйымдардың сайттары арқылы онлайн қарыз рәсімдеу жағдайы кездеседі. Еліміздің ішкі істер министрлігі мәліметі бойынша қарағанда, жыл басынан бері осы тәсілді қолдану арқылы алаяқтар 3 мыңға жуық қылмыс жасаған. Қазіргі таңда қаржы пирамидалары өзін жоғары табысты инвестициялар саласындағы табысты ұйымдар ретінде көрсетеді. Өздерін жарнамалау мәселесіне ерекше назар аударады. Бұл бағытты «инновациялық жоба», «жоғары табысты бизнес», «табысқа кепілдік береміз» деген жалған уәделерді үйіп-төгеді. Осы мақсатта заңды микроқаржылық ұйымдар, букмекерлік кеңселер, тұтыну кооперативтерін пайдалануға тырысады. Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар әлеуметтік желі беттерінде қарқынды әрекет жасайды. Белсенді жұмыс жүргізіп, онлайн-табыс немесе жоғары табысты онлайн-жобаны ұсынады, танымал мессенджерлерде чаттар құрып, қатысушыларды түрлі ұтыс ойындарымен, сауалнамалармен және басқа да маркетингтік амалдармен тартады. Осы себепті полицейлер жастарға алаяқтарға алданбау керектігі ескертіліп, тура жолмен жүруге кеңес берілді. Полицияны қорғаным деп біліп, кез келген мәселеде көмек сұрауға болатындығы айтылды.

Сондай-ақ полиция басшысы 6 ұсыным ұсынды. Яғни: мобильдік қосымшаларға басты бетке 2 тілде сақтандыру, банк бөлімшелеріне ескерту шаралары бар баннерлер орналастыру, 2-ші деңгейлі банк операторлары арқылы тұтынушыларға ескерту, тұрғындар алаяқтың құрбаны болған жағдайда банк жедел түрде алынған ақшаның түбірін анықтап, тез арада бұғаттау жасауы.т.б.

Кездесуге жиналғандар да өз пікірлерін білдіріп, полицейлер тарапынан берілген ұтымды ұсыныстарды қолдайтынын жеткізді. Осылайша алаяқтық қылмыстарын азайтуды мақсат тұтқан дөңгелек үстел қорытындыланып, ұсыныстар бойынша жұмыстар атқарылып, жарты жылдықта тағы да кездесетін болып уәделесті.

Киелі өңірдің сақшылары алаяқтарды азайту мен қарапайым тұрғындарды олардың құрығынан сақтандыру үшін жүйелі жұмыстарды одан әрі қарай жалғастыра беретін болады.

Облыс полицейлері барша азаматтарға ұялы телефонға хабарласып, ақшаны кері аудару үшін код жолданды, соны айтып жіберіңіз деген сылтауларды тек алаяқтар ғана айтатынын, банк қызметкері мұндай мәліметті сұрамайтынын тағы да еске салады. Алаяқтарға алданбаңыздар!

 

ШЫМКЕНТТЕ БІРЕГЕЙ ТҰЛҒА АСАНБАЙ АСҚАРОВТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың 100 жылдық мерейтойына орай Шымкентте арнайы конференция өтті. Оған шаһар басшысы Мұрат Әйтенов, қалалық мәслихат депутаттары мен тарихи тұлғаның көзін көрген азаматтар, ғалымдар, мәдениет пен өнер қайраткерлері, бір топ зиялы қауым өкілдері, ұстаздар мен жастар қатысты.

 

А.Асқаров - Тараз топырағында туып-өсіп, еңбек жолын қарапайым мұғалімнен бастап, мемлекет және қоғам қайраткеріне айналған бірегей тұлға. Тағдырдың талай тақсіретін тартса да адамдық, адалдық қасиетін асқақ ұстап, өмір өзегіне кір шалдырмай кеткен азамат.

 

Оның бұл қасиеттері Алматы, Жамбыл және Шымкент облыстары партия комитеттерінің бірінші хатшысы болып тұрғанда да өзгерген жоқ. Үш облыстың тізгінін ұстаған 26 жылда Асқаровтай ерен тұлға елдің қасиетін, жердің қадірін кемел жүрекпен сезініп, өзі өскен өлкесінің өркендеуі жолында аянбай еңбек етті.

Шымкент шаһарының гүлденуіне де өлшеусіз үлес қосты.

 

Осы және өзге де алашқа үлгі болар харекеттерін айтып, әңгімелеген қала әкімі Асанбай Асқаровтың басшылығымен бой көтерген көпқабатты үйлер мен дендросаябақ, хайуанаттар бағы және өзге де мәдениет үйлері мен спорт кешендері қаламыздың көрнекті жерлеріне айналғанын тілге тиек етті.

 

Асанбай Асқорав есімін ұрпақ жадында жаңғырту үшін бүгінде біршама істер атқарылып жатыр. Қазіргі таңда Шымкентте Асанбай Асқаровтың ескерткіші, ол кісінің атындағы көше мен орта мектеп және мұражай бар. Осыдан екі жыл бұрын шаһарымыздағы дендросаябаққа Асанбай Асқаровтың есімі берілді. Белгілі қаламгер Мархабат Байғұт ағамыздың «Асқаровтың ақ қайыңдары» атты драмасы Шанин атындағы қалалық драма театрда сахналанып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді,-деді М.Әйтенов.

Сонымен қатар, тау тұлғаның өнегелі өсиеттерін цитаталаған М.Дүйсенбекұлы «Тәуелсіздіктің қадірін бодан боп жүргенде емес, осындай еркіндікте, теңдікте, дербестікте білген жақсы. Ол үшін ұлттық санаға, қозғау салмай болмайды. Ұлттық санаға жетпей ұлт болудың қиын екенін ұмытпаған жөн» деп, сөзін нақтылай түсіп, конференцияға жиналған қауымды алда болатын мерейлі дата - Республика күнімен құттықтай кетті.

Өз кезегінде ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері бүгінгідей конференцияның тарихтан тағылым алып, болашаққа нық қадам жасауға арналған бағдаршам боларын айтып өтті.

 

“Асанбай Асқаров есімі - шымкенттіктер үшін ғана емес, күллі қазақ халқы үшін алтын әріппен жазылған есім. Тау тұлғаның өмір жолы мен жасаған еңбегі ұлт жадында мәңгі сақталмақ”,-деді олар.

 

ТҮРКІСТАН: "ІЗЕТ ІНІДЕН- ӘДІЛДІК АҒАДАН" КЕЗДЕСУ ШАРАСЫ ӨТТІ

 Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Үкіметтік емес ұйымы өкілдерімен бірлесе атқаратын іс-шара жоспарына сәйкес, қаладағы Төле би атындағы жалпы орта мектебінде қалалық мәслихат депуттары Ғ.Худияров және О.Сабырқызының қатысуымен кездесу шарасы болып өтті.

Кездесу барысында оқушыларға үлкенді құрметтеу, кішіге ізет көрсету, әділептілік тәрбиесінде сөз қозғап, алда келе жатқан Республика күніне орай, қаламызда болатын іс-шараларға бірге атсалысуға шақырды.

«Биыл Қазақстан 13 жылдан кейін алғаш рет Республика күнін тойлайды. Бұл күн мереке қатарынан алынып тасталғанымен, биыл президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны қайтадан атаулы күндердің бірі етіп бекітті»,-деп бастады әңгімесін қалалық мәслихаттың депутаттары.

«Алғаш рет Республика күні мемлекеттік мереке болып 1995 жылы қазанда жарияланды. Бұл жарлыққа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған. 25 қазан Республика күні болып кездейсоқ таңдалған жоқ. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің No307-XII жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған болатын. Декларацияда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының егемендігі жарияланып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды. Егеменді мемлекеттіліктің іргелі қағидаттары ретінде Қазақстанның жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді. Ал 2009 жылы аталған заңға өзгерістер енгізілді. Сөйтіп, 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні, ұлттық мереке болып жария етілді. Ал Республика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды және бұл әдеттегі жұмыс күніне айналды».

2022 жылдың 16 шілдесінде Ұлттық құрылтайда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мереке мәртебесін Республика күніне қайтаруды ұсынды. "Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. Осы құжатты қабылдаған кезде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев аса маңызды, тіпті шешуші рөл атқарды. Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Қыркүйек айының ортасында Қазақстан Республикасының парламенті "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға түзетулер енгізді. Құжатқа сәйкес, Республика күні яғни 25 қазан – ұлттық мерекеге, ал Тәуелсіздік күні яғни 16 желтоқсан – мемлекеттік мерекеге айналды.

Осылайша 23, 24 және 25 қазан  демалыс күні болып саналады. Осы күндері үйымдастырылған барлық шараға жастар атсалысып қатысуы қажет,-деген депутаттар жастарға үміт артатындарыд да жасырмады.
Кездесудің соңы оқушылардың сұрақтарына жауап беріліп, еркін форматқа ұласты.

Сайрам: 350 дана электронды темекі құрылғыларын жымқырған 2 ер адам анықталды

Сайрам АПБ-ға жергілікті тұрғын хабарласып, белгісіз біреулердің дүкеніне ұрлыққа түскенін айтқан. Ақпарат алысымен тәртіп сақшылары шұғыл түрде ұрлық болған жерге шықты. Содан полицейлер әккі ұрылардың дүкенге кіріп, 350 дана электорнды темекі құрылғыларын жымқырғандарын анықтады. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді. Дүкен иесіне келтірілген шығын көлемі 1,5 миллион теңгені құрайды.

Бұл ұрлық қылмысы бойынша тәртіп сақшылары жан-жақты тексеру жұмыстарын жүзеге асырып, көрген-білгендерден жауап алды. Бейнебақылау камераларын тексерді, барлық қажетті шараларды атқарды. Соның нәтижесінде ақпарат көздері арқылы, күдікті ретінде жергілікті тұрғын 2 ер азамат анықталды.

Яғни күдікті екеу қылмысты алдын ала жоспарлы түрде ұйымдастырған. Олар таңғы сағат 05:30 шамасында дүкенге терезе арқылы кіріп, өз арам ойларын жүзеге асырған. Бүгінде сезіктілерден айғақты зат ретінде ұрланған электрондық заттар алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда сезікітлерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Айта кетейік, ҚР Қылмыстық Кодексi 188-бап. Ұрлық

1. Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру – 

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

2. Мынадай: 

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 

2) алып тасталды - ҚР 21.01.2019 № 217-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

3) алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

4) ақпараттық жүйеге заңсыз кіру не телекоммуникациялар желісі бойынша берілетін ақпаратты өзгерту жолымен жасалған ұрлық – 

мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

3. Мынадай: 

1) ірi мөлшерде; 

2) бірнеше рет: 

3) тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық – 

мүлкi тәркiленіп, екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

4. Мынадай: 

1) қылмыстық топ жасаған; 

2) мұнай-газ құбырынан; 

3) аса iрi мөлшерде жасалған ұрлық – 

мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

 

ШЫМКЕНТТІҢ ШАЛҒАЙ ЕЛДІМЕКЕНДЕРІНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖЕТКІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласының маңындағы елдімекендердің тұрғындары коммуналды қажеттіліктерге қол жеткізіп келеді. Бүгін кезекті екі тұрғын алабына жарық пен табиғи газ қосылды. Абай ауданына қарасты нысандарды қала әкімі Мұрат Әйтенов жауапты мамандармен бірге аралады.

Алдымен Жаңаталап елдімекенінде шағын қосалқы станция іске қосылып, тұрғындарға сапалы электр қуаты беріле бастады. Қала әкімінің қатысуымен монтерлар желіні салтанатты түрде іске қосты.

– Бұл шағын қосалқы станцияның қуаттылығы – 4 мың киловатт. Мұндағы электр желілерін тарту жұмысы өткен жылдың тамыз айында бастаған болатынбыз. Жоспар бойынша биылғы желтоқсан айында аяқталуы тиіс болатын, ал біз мерзімінен бұрын толық аяқтап отырмыз, – деді «Шымкентгаз» ЖШС директоры Жарас Момбаев.

Нәтижесінде, Жаңаталаптағы 1 361 абонент сапалы электр қуатымен қамтылады. Қазіргі уақытта құжаттары дайын үйлерге «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесі тарапынан абоненттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұдан кейін қала әкімі Көкбұлақ елдімекеніне барды. Мұндағы тұрғындардың үйлеріне табиғи газ қосылуда.

– Шымкент қаласының тұрғындарын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда. Бұл бағытта бірнеше жылдық тиісті жоспар бекітілген. Тұрғындар түсінуі тиіс бір нәрсе – елдімекендерге инфрақұрылым желісі жеткізілген соң ары қарай әр үйге, нысанға бөлек желі тартып, қосып алу тұрғындардың өздері тарапынан атқарылуы тиіс, – деді қала әкімі Мұрат Әйтенов.

Көкбұлақ елдімекенін табиғи газбен қамту жұмысы 2021 жылы басталған. Бүгінге дейін 16,1 шақырым газ құбыры тартылып, жоспар толығымен орындалды. Қазіргі уақытта магистралды құбырға газ беріліп, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Шымкент өндірістік филиалы тарапынан абоненттеу жұмыстары басталды.

 

Кентау:Корея еліне жұмысқа тұрғызып беремін деп, ақша жымқырған алаяқ анықталды

Кентау қаласының полицейлері кезекті алаяқты қолға түсірді. Нақтырақ айтсақ, полицияға жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын айтып арызданған. Оның айтуынша, танысы Корея еліне жұмысқа тұрғызып беретінін айтқан. Және ол үшін тұрғыннан 500 мың теңге қаражат алған.Алайда бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысты да, не өз ақшасын да ала алмаған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену мүлкі тәркіленіп, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 Мынадай: 

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 

2) алып тасталды - ҚР 21.01.2019 № 217-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып; 

4) ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен; 

5) мемлекеттік сатып алу саласында жасалған алаяқтық мүлкi тәркiленiп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Мынадай: 

1) ірі мөлшерде; 

2) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған алаяқтық, егер ол өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса; 

3) екі немесе одан да көп адамға қатысты; 

4) бірнеше рет жасалған алаяқтық мүлкi тәркiленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға, ал 2) тармақта көзделген жағдайларда, мүлкi тәркiленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жымқырылған мүліктің он еселенгеннен жиырма еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды: 

1) қылмыстық топ жасаса;

 

2) аса iрi мөлшерде жасалса, мүлкi тәркiленiп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Кентаулық полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған Кентау қаласының тұрғынын анықтап, жеткізді. Күдікті азамат жәбірленушіге жалған ақпарат беріп, ақшаны өзіне алған. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеруде. 

 

Ордабасы:Футбол ойнап жүрген жігіттің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен азамат анықталды

Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адам өз арызында, стадионының алдында тұрған «Нексия» маркалы көлігін белгісіз біреулер рұқсатсыз айдап кеткені бойынша шағымданды. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 200-бабы «Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша тіркеуге алып, бірден іске кірісіп кетті.

Қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары оқиға орнына шығып, жедел-тергеу амалдарын бастады.

Полицейлер тарапынан көлік ұрлаған күдіктіні құрықтау мен түр-тұлғасын анықтау үшін, қажетті барлық шаралар атқарылды. Тәртіп сақшылары, небары тәулік ішінде жәбірленушінің көлігі тұрған орын мен және күдіктінің жеке-басын анықтады.

Яғни ұрланған көлік көше бойындағы дүкеннің алдынан табылды.

Анықталғандай күдікті мас халде келе жатып стадионның алдында есігі кілттеусіз тұрған көлікті көріп, мініп кеткен. Бұл сәтте автокөлік иесі сол стадионда футбол ойнап жүрген. Кейіннен қайтар уақытында көлігінің жоқ екенін көріп, бірден сақшыларға шағымын жеткізген. Көлік иесіне қайтарылды. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталады. 

ҚР Қылмыстық Кодексi 200-бапта «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» төмендегідей жазылған:

1. Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) – 
бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
2. Мынадай: 
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 
2) бiрнеше рет; 
3) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi емес күш қолданып не сондай күш қолдану қатерін төндіріп жасалған дәл сол іс-әрекет – 
үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бec жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топ жасаған не iрi залал келтiрген іс-әрекеттер – 
бес жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген, өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып не сондай күш қолдану қатерін төндіріп жасалған іс-әрекеттер – 
алты жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.