ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫНА МАМАН ҚАЖЕТ!

Түркістан облысы Полиция департаментінің бос лауазымдарға конкурстық негізде орналасуға қабылдау  туралы хабарлайды.

Жиналған құжаттарды Түркістан облысы Полиция департаментіне тапсыруы қажет. Мына мекен-жай бойынша: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Ерубаев көшесі, № 197Е.

Анықтама телефондары: 8-725-33-5-98-36, 5-85-88, Факс: 5-85-72

ШЫМКЕНТ: БИЫЛҒЫ ЖОСПАР - 102 КӨШЕ

Шымкент қаласында 2020 жылы 39 көше жарықтандырылып, қаланы қамту көрсеткіші 24 пайыздан 29,5 пайызға өсті.

2021 жылдан бастап қала әкімінің тапсырмасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында 104 көшеге жарықшамдар қойылды. Нәтижесінде бүгінде 747 көшенің 324-і жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 43,4 пайызға жетті. Қосымша 12 көшенің жарықшамы қайта жөнделді.

Биыл да аталмыш жоба аясында 102 көше жарықтандырылмақ. Жұмыстар кезең-кезеңімен жыл соңына дейін жүргізіледі. Нәтижесінде 2022 жыл қорытындысына сәйкес Шымкент көшелерінің 57 пайызын түнгі жарықпен қамту жоспарланған.

2023 жылы 106 көшені жарықтандырып, қамту көрсеткішін 70 пайызға өсіру жоспарға қойылған. Айта кетейік, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 2021-2023 жылдары 312 көшені жарықтандыру жоспарланған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үлкен қалаларда тұрғындарға қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруды тапсырған болатын. Осы тапсырманы орынау мақсатында Шымкент қаласының әкімдігі «Шымкент қаласын жарықтандырудың құрылысын салу, қайта құру және пайдалану» жобасын әзірлеген. Жобаның аясында 2021 жылы Шымкентте 136 көше жарықтандырылды. Солардың арасында шалғай елді мекендер мен шағын аудандардағы Гүлдала, Жоламан, Ағайынды Тәжібаевтар, Сыздықов, Егемен ел, Қазына, Әлмахан қажы және Жабай ата, Аргоферма Қарасу, Ақсуат секілді көшелерді атап көрсетуге болады. Мұнан бөлек 2021 жылы 30 көшедегі ескі жарық шамдар, заманауи LED шамдармен алмастырылды. Шамы жаңарғандардың арасында Темірлан тас жолы мен Ю.Гагарин, Түркістан, Төле би секілді орталық көшелер де бар. Қаладағы жарықтандыру желілері автоматтандырылған басқару жүйесіне қосылып жатыр. Диспетчерлік орталықта қай көшелер қосылып немесе өшіп тұрғандығын, қай көшеде қанша жарықшам істен шыққандығын көрсететін бұл жүйеге әзірге 40 көше қосылған. Жыл соңына дейін 100 көше қосылады деп жоспарланып отыр.

 

 

ШЫМКЕНТ: БИЫЛҒЫ ЖОСПАР - 102 КӨШЕ

Шымкент қаласында 2020 жылы 39 көше жарықтандырылып, қаланы қамту көрсеткіші 24 пайыздан 29,5 пайызға өсті.

2021 жылдан бастап қала әкімінің тапсырмасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында 104 көшеге жарықшамдар қойылды. Нәтижесінде бүгінде 747 көшенің 324-і жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 43,4 пайызға жетті. Қосымша 12 көшенің жарықшамы қайта жөнделді.

Биыл да аталмыш жоба аясында 102 көше жарықтандырылмақ. Жұмыстар кезең-кезеңімен жыл соңына дейін жүргізіледі. Нәтижесінде 2022 жыл қорытындысына сәйкес Шымкент көшелерінің 57 пайызын түнгі жарықпен қамту жоспарланған.

2023 жылы 106 көшені жарықтандырып, қамту көрсеткішін 70 пайызға өсіру жоспарға қойылған. Айта кетейік, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 2021-2023 жылдары 312 көшені жарықтандыру жоспарланған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үлкен қалаларда тұрғындарға қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруды тапсырған болатын. Осы тапсырманы орынау мақсатында Шымкент қаласының әкімдігі «Шымкент қаласын жарықтандырудың құрылысын салу, қайта құру және пайдалану» жобасын әзірлеген. Жобаның аясында 2021 жылы Шымкентте 136 көше жарықтандырылды. Солардың арасында шалғай елді мекендер мен шағын аудандардағы Гүлдала, Жоламан, Ағайынды Тәжібаевтар, Сыздықов, Егемен ел, Қазына, Әлмахан қажы және Жабай ата, Аргоферма Қарасу, Ақсуат секілді көшелерді атап көрсетуге болады. Мұнан бөлек 2021 жылы 30 көшедегі ескі жарық шамдар, заманауи LED шамдармен алмастырылды. Шамы жаңарғандардың арасында Темірлан тас жолы мен Ю.Гагарин, Түркістан, Төле би секілді орталық көшелер де бар. Қаладағы жарықтандыру желілері автоматтандырылған басқару жүйесіне қосылып жатыр. Диспетчерлік орталықта қай көшелер қосылып немесе өшіп тұрғандығын, қай көшеде қанша жарықшам істен шыққандығын көрсететін бұл жүйеге әзірге 40 көше қосылған. Жыл соңына дейін 100 көше қосылады деп жоспарланып отыр.

 

 

Дінді радикализациялау – қоғамға қауіп төндіреді

Дінді радикализациялау – қоғамға қауіп төндіреді

Радикализм (лат. radix – түбір, түп, тамыр) – белгілі бір көзқарасты бұлтартпай ұстану, тек соны жақтау деген мағынаны білдіреді. Радикализм ұстанымы қалыптасқан қоғамдық дәстүр мен үрдістерді, көзқарас пен институтты өз идеологиясына қарай өзгертуге бағытталады. Зерттеушілердің пікірінше, тарихтың ауыспалы кезеңдерінде пайда болатын бұл феномен қоғамның саяси-әлеуметтік саласында жиі көрініс беріп жатады. Радикализм сипаты мен ұстанымына қарай саяси, діни және философиялық деп бөлінеді.

Кез келген дінді бір қырынан ғана танып, қатаң түрде ұстану салдарынан діни радикалдық көзқарастың пайда болатындығын әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Діни радикалдық идеология экстремистік, террорлық ұйымдарды қалыптастырудың негізгі «құнарлы топырағы» болса, діни экстремистік және террорлық актілердің жиі орын алуы өз кезегінде әлемде «исламофобия» түсінігін қалыптастырды.

Радикалдық идеологияның кез келген түрі қоғам үшін аса қауіпті. Ол қоғамда ұлтаралық, дінаралық араздықты қоздырып, бірлік пен ынтымаққа нұқсан келтіреді. Рухани құндылықтар шетке ысырыла бастайды.

Қазақстандағы діни радикализм факторы

Қазақстанда этникалық құрамы жағынан қазақтар басым тұрғанымен өзге де этникалық топтардың аз емес екені белгілі. Олардың да өзіне тән тарихи діни наным-сенімдері бар.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің ресми дерегіне сүйенсек, елімізде 18 конфессия бар. Атап айтқанда олардың ішінде ислам, православие, католицизм, елуіншілер, баптистер, меннониттер, пресвитериандар, жетінші күн Адвентистері, лютерандар, методистер, жаңа апостолшылар, мормондар, Ехоба куәгерлері, кришна санасы қоғамы, бахаилар, иудаизм, буддизм, мунниттер бар. Ал ел көлемінде ресми тіркелген діни ұйымдардың жалпы саны – 3808. 

Жоғарыда аталған конфессиялардың бір-бірінен ерекшеленетін өзіндік ұстанымдары, қағидалары бар. Әрқайсысы өзіне көбірек адам тарту, жақтар санын көбейту үшін қызмет етеді. Мұны сәйкесінше байыппен қарамаса көзге көрінбейтін рухани талас-тартыстың басты себепкері деп атауға болады.

Бұл ретте, тәуелсіздік жылдары діни радикализм көріністері, деструктивті діни ағымдардың теріс ықпалы Қазақстанды да айналып өтпегенін айта кеткен жөн. Автохтонды қазақ халқы ежелден ислам дінін ұстанатындықтан елімізге негізінен тәуелсіздіктен кейін шетелден келген ислам дініне қатысты радикалды көзқарастар, ағымдардың қызметі тән саналады. Сан ғасыр халқымыздың дәстүрлі құндылықтары мен ислам дінінің канондары біте қайнасып, бүгінге дейін жеткенін тарихтан жақсы білеміз. Алайда Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін көбінесе Араб түбегінен, Таяу Шығыс елдері мен Кавказдан келген деструктивті діни ағымдардың ықпалы артты. Осылайша қысқа уақыттың ішінде қазақ халқының байырғы уақыттан бері ұстанып келген қағидаларына, дәстүріне қатысты түрлі келіспеушілік пен дүрдараздық пайда болды. Ол әсіресе ислам дінінің қағиларын, шарттарын аса радикалды мағынада қабылдап, қазіргі зайырлы мемлекеттің заңдарына шекеден қарайтын, оны қабылдауға, мойындауға қарсылық танытушы уаххабизм, Таблиғи жамағат, Хизб-ут – Тахрир, Джунд-аль-Халифат, тәкпіршілер, сәләфиттер, сопылықтың кейбір ағымдары діни бағыттар арасында жиі көрініс тапты.

Қазіргі күнде аймақтағы діни радикализмнің қанат жаюына осындай бағыттағы ағымдардың идеяларының таралуы себеп болғаны жасырын емес. Тәкфір және жиһад ұғымдарын ту еткен осындай деструктивті ағымдардың салдары әсіресе 2013-2015 жылдары өте анық көрінді. Осы кезеңде әлемде бейбітшілік пен сан түрлі ұлттар мен діндердің келісім тапқан ортасы ретінде танылған Қазақстанды «дінді өтеуге еш мүмкіндік бермейтін ел» ретінде тәрк етіп, соғыс өрті лаулаған Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдеріне «Ислам мемлекетінің» содырларының «халифатын» іздеп кеткен қаракөздеріміздің саны күрт өсті. 

Әсіресе соңғы он жылда алыстағы Сирияға «дінді қорғау» деген сылтаумен аттанып, тек өзі ғана емес отбасын, бала-шағасын ертіп, шетел асқан қандастарымыз көбейді. Бұл теріс саяси сипаттағы діни идеолгиямен уланған сананың айқын көрінісі болса керек. Мемлекеттік органдар тарапынан бірнеше рет ұйымдастырылған «Жусан» операциясы арқылы олардың көпшілігі елге қайтарылды.

Сондай-ақ, санасы теріс дінге шарпылған біраз отандасымыздың өңірлерде дүрбелең салғаны ел есінде. 2011 жылғы 17 мамырда Ақтөбе қаласында болған жарылыс, шілде айында аталған облыстың Шұбарши және Кеңқияқ ауылдарында қаруланған содырлармен күресте бірнеше әскеридің қаза табуы, сол жылы 12 қарашада Тараз қаласында ҰҚК қызметкерлерін өлтірілуі және келесі айда, яғни 3 қарашада Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай елді мекеніндегі радикалды топтармен айқаста қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің қаза табуы, 2016 жылғы 18 шілдеде Алматыда Руслан Күлекбаев атты лаңкестің бірнеше ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлеріне шабуыл жасап, жалпы 10 адамның өліміне себепкер боулы және осыған ұқсас бірнеше ірілі-ұсақты қылмыс мұның айқын дәлелі. Мұның бәрі дін саласындағы радикалды топтардың қызметіне тұсау салу, осындай жағдайға жеткізетін идеялардың алдын алу бағытында нақты шешімдер қабылдап, әрекет етуді талап етті. Жалпы діннің қағидаларына радикалды сипат беру, оны бүгінгі заман тұрғысынан ұғынбаудың соңы ауыр зардапқа алып келетіні осы оқиғалардан көрініс тапты.

Бұдан бөлек Қазақстанда протестанттық христиандықтың арасында да көп дау туғызған ұйымдар да жоқ емес. Ол әсіресе тәуелсіздіктен кейін елімізде пайда болып, өз қатарына түрлі тәсілмен көбінесе этникалық қазақтарды тартқан ұйымдар арасында байқалды. Мұндай дау әсіресе ресми тіркелсе де азаматтар арасында, БАҚ беттерінде жиі көтеріліп келген Ехоба куәгерлері және т.б. бірқатар протестанттық ұйымдарға тән. Осындай діни наным-сенімнің қазақ халқының тарихи қалыптасқан дүниетанымына қайшы келгендіктен отбасы шырқының бұзылуы, қоғамда теріс пікірлердің қаптап кетуі жиі байқалды. Оның ішінде, қан беруге тыйым салу, әскерде Отан алдындағы борышын өтеуді қажетсіз санау, сан ғасырлық дәстүрлі мансұқтау, адамды өз отбасынан алшақтату сынды себептер аталған діни ұйымдарға деген сын-пікірдің өршуіне әкелді.

Бұл Қазақстанның этносаралық және конфессияаралық татулықты қамтамасыз етуге арналған негізгі ұстанымына қайшы келеді. Қазақстан тек өз ішінде ғана әлемде діндердің, түрлі конфессиялардың арасында бейбіт келісімнің, өзара тату қарым-қатынастың орнығуына мүдделі екендігін білдіріп, 2003 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласында әр үш жыл сайын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының дәстүрлі съезін өткізіп келеді. Бұл басқосуларға әлемдегі ең ірі діндердің көшбасшылары мен беделді саясаткерлер және БАҚ өкілдері қатысып келеді. Әр съезде әлемнің әр қиырынан, түрлі дін мен конфессиядан тарайтын делегаттар әлемдегі сенімге, дінге, қатысты түйіткілдерді шешу бағытында өзара келіссөздер жүргізіп, дүйім жұртқа бейбітшіл мазмұнда үндеу жолдауда. Бірін бірі сан ғасырлар бойы жау көріп, араз болып келген көптеген дін лидерлері Қазақстан астанасында бір үстелдің басына жиналып, бір-бірімен диалог құруды дәстүрге айналдырды. Мұны еліміздің әлемде бейбітшілік қалыптастыру және діни радикализм үрдістерінің алдын алу бағытында қолға алған маңызды бастамаларының бірі деп санауға болады.

Қазақстанла діни радикализмнің етек жайып кетуіне байланысты 2011 жылы 11 қазанда «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң қабылданды. Осы заң арқылы елдегі барлық діни бірлестіктер ресми қайта тіркеуден өтуге мәжбүр болды. Сондай-ақ, миссионерлерді тіркеу үрдісі реттеліп, олардың бұрынғыдан көшеде, қоғамдық орындарда емін-еркін дінді насихаттауына және көшелерде діни мазмұндағы кітаптарды таратуына сыйым салынды.

Қорыта келгенде, радикалды діни идеялар қоғамдағы тыныштықты бұзатыны әлдеқашан дәлелденген. Ғылым мен білім салтанат құрған ХХІ ғасырда дінді ақылмен, байыппен және қазіргі заманның қалыптасқан шарттарымен қатар ұстанбаса радикалды көңіл-күйге әкеліп соғатыны анық. Сондықтан сөз соңында мақаланы әйгілі ғалым Мырзатай Жолдасбековтың мақаласында айтылғандай «Дініңді ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің» деген оймен аяқтағым келіп отыр.

 

Түркістан облыстық ішкі саясат бөлімі

Түркістан: Жастардың деструктивті діни ағымдарға кетуінің салдары

Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ мамандары осындай тақырыпта қалам қаузады. Деструктивті діни ағым жақтастары жастарды өздерінің мақсаттарына пайдалану барысында түрлі әдіс-тәсілдерін қолданып жатады. Қолданған әдіс-тәсілдерінің барлығы адамның психо-физиологиялық болмысын жаулап алудың жолдары. Егер олардың айтқандарын орындаған адам, сол ортада сол бағыттағылармен жалған ұғым түсінік деңгейінде болса да еркінен тыс қосақталған болса, көп жағдайда олардың құлақкесті құлдарына айналады. Тіпті, еліктіру-желіктіру әдістері шалық, экстаз, транс әлеуеті шегіне жеткенде кісілік қарым-қабілетін жоғалтып қатты әсерленеді. Бұл олардың зомбиға айналған түрі. Яғни ақылдың қызметін гипноз, бейтараптау амалдары ауыстырғанда оның өзіндік «мені» істен шығады. Адам шын мен жалғанның арасында ақиқатты түйсіну, түсінуден шеттеп қалады. Бұл арада міндетті түрде діни орта, немесе діни ұғым-түсініктер талаптары мен шарттары араласуы қажет етілмейді. Дін бұл арада тек қана «бүркеншік» (масканың) қызметін атқарады.

Қазіргі таңда түрлі ағымдардың жетегінде кеткен азаматтарымыздың барлығының дерлік діни сауаты төмен екені белгілі. Олардың кейбірі мүлдем білім алу қажет емес десе, енді біреулері тек қана өздерінің шетелдегі шейхсымақтарынан ғана тәлім алуға шақырады. Осылайша онсыз да тар болған түсініктері одан әрі саяздана береді.

Қараңғылықты жарық жояды, надандықты білім. Сондықтан, қараңғылықтың жауы – жарық, надандықтың жауы – білім. Діни сенім адамдардың дүниеге, жаратылысқа, өмірге, қоғамға және өзіне деген көзқарасын айқындайды. Қазіргі тоталитарлық деструктивті діни ағымдарды бір сәт шолып көрсеңіз, бұлардың өз топтарының өміріне толығымен иелік етіп, толығымен өз уысында ұстап, билеп-төстейтінін байқайсыз. Ал өз бағыттарына қосылмаған жандарды олар жақтырмайды, тіпті, өз идеологияларына қарсы пікір білдірушілерді алуан түрлі айла-шарғымен бопсалауға, қоқан-лоқы жасауға, үркітіп-қорқытуға дейін барады.

Деструктивті діни ағымдармен күресудің ең басты жолы ғылым-білім арқылы күресу. Оқыған, білімді, әлемде болып жатқан жаңалықтардан жан-жақты хабары бар, еркін ойлау қабілетінен айырылмаған, санасы уланбаған, көзі ашық, гуманизм принциптеріне берік, елінің болашағын ойлайтын, ілгерішіл, талапты да талантты қоғам ғана әлемдегі ең ауқатты және дамыған елдердің қатарынан көріне алады.

 

ҚАЛАНЫҢ ИНФРАҚҰЛЫЛЫМЫ БАСТЫ НАЗАРДА!

Қала әкіміне энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков 6 айдағы индикаторлардың орындалуы бойынша есеп берді.

Оның берген есебіне сенсек, Шымшаһар тұрғындары сапалы ауыз суға да, электр энергиясына да жақын күндері қол жеткізеді.

ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ 100% САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Шымкент қаласындағы 81 елдімекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ елдімекендері ауыз суды кестемен тұтынады. Қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту көрсеткішін арттыру мақсатында биыл 7 нысанда құрылыс жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Олар: Құрсай 1,2 – кезек, Асар-2 екінші кезек, Нұртас ВС, Текесу е/м, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс аумақтары және Қайнарбұлақ е/м. Ал, Сайрам елдімекенінде құрылыс жұмысын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі таңда Құрсай елдімекенінде екі кезеңнен тұратын жобаның 80 пайыздан астам құрылыс жұмыстары аяқталып, 270 шақырым су құбыры орнатылды. Қайнарбұлақ тұрғын алабына ауыз су құбырын тарту құрылысы 2023 жылға өтпелі.

Осы жылдың қорытындысымен Құрсай, Асар-2, Текесу елдімекендері мен Нұртас су жинақтағыш ғимаратының құрылыс жұмыстары аяқталады. Нәтижесінде қала тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 99%-ға жетеді. Жоспарға сәйкес, Шымкент қаласының тұрғындары 2023 жылы 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтылады.

 43 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН САПАЛЫ ЭЛЕКТРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Шымкент қаласын электр қуатымен қамту көрсеткішін биыл 98 пайызға жеткізу жоспарға қойылған. Бұл мақсатта 5 елдімекен – Жаңаталап, Достық, Тұран, Нұртас, Сәуле шағын ауданында және Бозарықта 1 қосалқы станция, «Ақжар» 110 кВ қосалқы станцияларында құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі. Ал, Ынтымақтағы қосалқы станция, Нұрсат, Қайнарбұлақ, Батыс, Солтүстік саяжай шағын аудандарында құрылыс жүруде, келер жылы аяқталады. Нәтижесінде 2023 жылы қаланың электр қуатымен қамтылу деңгейі 100 пайыздық көрсеткішке жетеді.

Алғашқы жарты жылдықтағы жұмыстар нәтижесінде - Ақжардағы қосалқы станциясы жұмысы 97 %, Сәуле 97 %, Cолтүстік саяжай 88 %, Достық 80 %, Жаңаталап 67 %, Тұран 2-3 64%, Батыс 56 %, Нұртас 50%, Қайнарбұлақ 45 %, Бозарық 45 %, Нұрсат 33% орындалған.

 

ШЫМКЕНТ: ДОСТЫҚ ШАҒЫН АУДАНЫНА ГАЗ БЕРІЛДІ

Шымкент қаласы, Қаратау ауданына қарасты Достық шағын ауданының халқы енді газдан тапшылық көрмейді.

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жергілікті халықпен жүздесіп, атқарылған жұмыстарды тексерді. Бұл кездесуге қоғам белсенділері, ауыл билері мен Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов те қатысты.

- 2021 жылдың желтоқсан айында 46,06 шақырымға газ жүйесі тартылған болатын. Көгілдір отынмен қамтуда АГРС-3 нысанының іске қосылуын күттік. Енді міне, көптен күткен жұмыс толық аяқталып, сіздерге газ беріліп жатыр. Құжаттары дайын үйлерге газ қосылды. Енді қалғандарыңыз да күз басталмай құжаттарыңызды әзірлеп үлгеріңіздер,-деді шаһар басшысы.

Жалпы Достық шағын ауданында 2686 үй, нақты 15 750 тұрғын бар. Абонемент саны: 2 625. Мердігер мекеме «ГХ Шымкентгаз» ЖШС-гі жобаны 957,838 млн. теңгеге атқарып, жұмысты мерзімінде аяқтады.

Айтпаақшы, Тассай елді мекенін де табиғи газбен қамту құрылысы жалғасуда. Мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС тарапынан құрылыс жұмысы 2021 жылы басталған. Бүгінгі күнге дейін 36 шақырым газ құбыры тартылып, жұмыстардың 50 пайызға жуығы аяқталды. Ішкі орамдық газ құбырын тарту жұмысы толығымен 2022 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Айта кетейік, биыл табиғи газбен қамту бойынша 1 магистралды желі, 15 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде табиғи газбен қамту көрсеткіші 93%-дан, 94,7%-ға дейін көтеріледі. 2023-2025 жылдары аралығында қаланың даму жоспарына сәйкес, жартылай қамтылған 17 елді мекенде және мүлдем қамтылмаған 3 елді мекенде табиғи газ жүйелерінің құрылысы салынып, қала тұрғындары, басқада нысандар 100% табиғи газбен қамтылады. 2025 жылы мегаполис тұрғындарының 100 пайыз көгілдір отынмен қамтылуы жоспарлануда. Шымкент қаласын газбен қамту көрсеткішін 2022 жылы 94,7 пайызға ұлғайту жоспарланып отыр.


 

 

Түркістанда «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Оның ішінде Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының полиция патрульдік батальонының қызметкерлері республикалық маңызы бар жолдарда рейдтік-профилактикалық шаралар ұйымдастырылуда. Жүргізушілерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, түрлі құқық бұзушылықтар анықталуда.

Мәселен тәртіп сақшылары «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолының Қазығұрт-Сарыағаш бағыттарына қарай жалған мемлекеттік нөмір таққан 3 жайтты, мас халде көлік жүргізген – 3 жайтты, жолдың қарама қарсы бағытына шыққан – 4 жайтты анықтап, құқық бұзушы жүргізушілерге әкімшілік хаттама толтырды.

Сондықтан Түркістан облысының полицейлері жол апаттарының алдын алу, болдырмау үшін: арақашықтықты ұстануға, жылдамдықты асырмауға, жолда жүру ережесін сақтауға, ішімдік ішіп көлік тізгіндемеуге, көлік басқарып отырып, ұялы телефонмен сөйлеспеуге кеңес береді.

Түркістан полицейлері жол-көлік оқиғасын жасаған мас жүргізушіні жауапқа тартты

Бәйдібек АПБ-ның полиция қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізудің кезекті жайтын анықтады. Яғни, ауыл көшелерінің бірінде жол-көлік оқиғасы орын алған.

Белгілі болғандай, "Опел-вектра" автокөлігі қарсы жолаққа шығып, "Ваз-21144" автокөлігімен соқтығысқан. Жол апатынан зардап шеккендер жоқ, алайда көліктерге материалдық шығын келген.

Тексеру кезінде тәртіп сақшылары " Опел-вектра" жүргізушісі көлікті мас күйінде басқаруы мүмкін деген тұжырымға келді.

Бұл жайттың анық-қанығына жету үшін оған медициналық сараптама тағайындап, нәтижесі бойынша жүргізушінің алкагольдік ішімдік қолданғаны белгілі болды. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша тіркеп іс құжаттар жинақтап, заңды шешім шығару үшін аудандық сотқа жолдады.

Аудандық соттың қаулысымен жүргізуші кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру туралы шешім қабылданды.Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға мас халде көлік жүргізбеуге кеңес береді. Ішімдік ішіп, заң бұзатындарға, оның ішінде көлік айдайтындарға қатаң жаза қарастырылған. Сондықтан өзіңіздің және өзгенің өміріне қауіп төндірмеңіз!

Түркістан: Тұрғындардың ұялы телефонын ұрлаған жас жігіт ұсталды

Отырар аудандық полиция бөліміне ұйықтап жатқанда ұялы телефондарынан айырылған жергілікті 2 тұрғын арызданды. Ер адамдардың айтуынша, түнде белгісіз біреу ұялы телефондарын ұрлап кеткен. Жәбірленушілерге келген жалпы шығын көлемі 110 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары оқиға орнына бірден жетті. Олар қылмысты ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырып, көрген-білгендерден жауап алды. Полицейлердің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, осы қылмысқа қатысы бар жергілікті тұрғын анықталды. Белгілі болғандай, күдікті жәбірленушінің бірінің үйінде құрылыс жұмыстарын жүргізген. Ол түнде тұрғынның ұйықтап жатқан сәтін пайдаланып, ұялы телефонын ұрлаған.

Дәл осы жайтты күдікті бірнеше күннен соң қайталаған. Яғни, сезікті өзінің туысының үйіне түнде барып, оның да ұялы телефонын ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен. Полиция қызметкерлері ұялы телефонның бірін тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда жас жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлық қылмысын болдырмас үшін есік-терезені мықтап жауып, темір тор орнатуға кеңес береді.