МАҚТААРАЛДА ЖАСӨСПІРІМ ҚОҒАМ НАЗАРЫНДА!

 Жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың, нашақорлықтың алдын алу және кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі мезгілде беймезгіл жүруін қадағалау мақсатында Мақтаарал АПБ ЖПҚ ЮПТ, Достық а/о Және Жаңа жол а/о қызметкерлері мен жастар ісі жөніндегі инспекторларының қатысуымен ойын-сауық орталықтары мен орталық көшелерінде «ЖАСӨСПІРІМ ҚОҒАМ НАЗАРЫНДА» атты түнгі рейдтік жұмыстары жүргізілді.

Рейд барысында кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер анықталып, тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, заңды өкілі ата-аналарына ескерту берілді.
 Рейд барысында жеке кәсіпкерлерге түнгі 22:00-ден кейін кәмелетке толмаған жасөспірімдерді,заңды өкілдерінсіз ғимаратқа кіргізбеу,оларға мүлдем темекі бұйымдарымен спиртті ішімдіктерді сатуға болмайтындығы жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілген түнгі рейд барысында кәмелетке толмағандарға үй-жайынан тыс жерде заңды өкілдерінсіз жүруге болмайтындығы айтылып,түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Түркістанда шалбарының қалтасына есірткі жасырған күдікті ұсталды

Тәртіп сақшылары тұрғындарға есірткіні тасымалдау, сақтау қылмыс екенін үнемі еске салып отырады. Яғни есірткімен күрес - олардың күн тәртібінен түскен емес.

Мәселен, Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қарасора» профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында жергілікті тұрғынның есірткі сақтайтынын анықтады. Полицейлер күдіктіні тінту кезінде оның шалбарының қалтасынан ақ қағазға оралған есірткіге ұқсас затты тапты. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекусорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеуге алды. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған зат «кептірілген марихуана» болып шықты. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер, сіз де, есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға хабарласыңыз.

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Төлебиде 800 келіден астам ет алып, ақшасын бермей қойған алаяқ ұсталды

Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оған бейтаныс әйел сойылған мал еттерін көтерме бағада сатып беремін деп сеніміне кірген. Ол жәбірленушіден 310 келі болатын жылқы етін, 555 келі болатын бұқа етін алып, алғашқы жарна ретінде 500 000 теңге ақшасын берген. Осылайша әйел сенімге кірген соң, қалған ақшасын қайтармай қойған. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 1 300 000 теңгеге жуық. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

Тәртіп сақшылары ақпарат алысымен алаяқтық қылмысын ашуға бағытталған шараларды жүзеге асырды. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті Қазығұрт ауданының тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бүгінде алаяқтық күннен-күнге белең алып бара жатыр. Адамдар кез-келген сәтте алаяқтың құрбанына айналып кетуі мүмкін. Сондықтан Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға барынша қырағы болып, алаяқтарға алданбауға шақырады. Сондай-ақ кез-келген бейтаныс адамдарға сенім артудан абай болыңыздар. Және ақша беру, ақша алу сынды операциялар кезінде мұқият болуды ескертеді.

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Қазығұртта біреудің малын сатып жіберген бақташы ұсталды

Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, мал бағумен айналысатын танысына құны 700 000 теңгелік құлынды биесін, 600 000 теңгелік жылқысын сеніп тапсырған. Арадан 2 айдай уақыт өткенде жәбірленуші малын түгендеуге барғанында жылқылары жоқ болып шыққан. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 1 300 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-1-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеуге алды.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында бақташы ер адамды ұстады. Сезікті жас жігіт сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін сатып, ақшасын бас пайдасының қажеттілігіне жаратып жібергені анықталды.Белгілі болғандай, күдікті ер адам мұндай әрекетке қаражат тапшылығына байланысты барған. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері ауылдықтарға қырағы болуды және өз малдарын бейтаныс адамдарға бақтырмауды ұсынады. Сондай-ақ мүмкіндігінше үй малын таңбалап, ен салдыру керек, ал қора-жайларды сенімді қоршаумен нығайтыңыздар. Егер, сіз, малыңызды жоғалтып немесе ұрлатып алсаңыз тез арада 102 телефонына хабарласыңыз.

 «AQ-QARA.KZ»- ақпарат

 

 

ШЫМКЕНТ: БАС ЖОСПАРДЫ БЕКІТУДІҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

Қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов бастаған жұмыс тобы мегаполистің бас құжатын қала әкімі Мұрат Әйтеновке және мәслихат депутаттарына таныстырды. Бас жоспар 21 маусымнан бастап бір айға көпшілік талқылауына ұсынылып отыр. Кез келген шымкенттік тұрғын құжатпен танысып, өзінің ұсыныс-тілегін қалдыра алады. Жауапты мамандардың айтуынша, бұл – бас жоспарды бекіту жұмысының бірінші кезеңі.

– Шымкенттің бұған дейінгі бас жоспары 2012 жылы бекітілген болатын. Әрине, ол кезде қаланың көлемі басқаша еді. 2015-2018 жылдар аралығында сол бас жоспарға өзектендіру енгізілді. Ал жаңа бас жоспар қаланың 2035 жылға дейінгі даму жоспарын қамтиды. Бұл құжаттың ерекшелігі сол – қаланың аумағы жалпы 275 кадастрға бөлінді. Алғаш рет Шымкенттің 117 мың гектар аумағының барлығына 1:10 000 масштабда векторлық топотүсірілім жасалды. Жаңа бас жоспарға сәйкес, қаланың дамуы полиорталық принципімен жүреді. Яғни, қаланың бір ғана орталығы мен басқа шеті деген ұғым болмайды, әр ауданның өз білім беру орталықтары, демалыс аймағы, әлеуметтік нысандары сияқты орталығы болады. Бұған қоса жаңа құжатта ЛРТ, БРТ сияқты көлік желілері орналасады. ЛРТ – жеңіл рельсті көлік, ал БРТ – арнайы жолақтағы автобус. Бұған қоса тағы бір ерекшелік, 2012 жылғы бас жоспарда қалаға соғатын желдің бағыты ескерілмеген. Қалаға жел көбінесе шығыс жақтан соғады. Ал қазіргі жоспарда желдің бағыты ескеріліп, ірі өнеркәсіп орындары қаланың батыс аймағындағы жаңа индрустриалды аймақта орналасады деп жоспарлануда. Шымкенттің солтүстік-шығыс бағытында көп қабатты үйлер көптеп салынады деп күтілуде, – деді Мақсұт Исахов.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов және мәслихат депуттаттар жаңа бас жоспардың сызбасымен танысты.

– Бас құжаттағы маңызды тұстың бірі – инженерлік инфрақұрылымды, жол салуды дұрыс жоспарлау. Соңғы бас жоспар жасалған кезде қала тұрғындарының саны басқаша еді. Жыл сайын демография және көші-қон факторларының есебінен Шымкент тұрғындарының саны көбейіп келеді. Бұған қоса көлік кептелісін азайтып, жолдарды дамыту маңызды. Осы бағытта тиісті жұмыстар атқарылып, барлық жұмыс жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс. Жалпы Шымкент заманауи мегаполис талабына сай келетін қала атанады деп жоспарлап отырмыз, – деді қала әкімі Мұрат Әйтенов.

«Aq-qara.kz» -  ақпарат

 

М.ӘЙТЕНОВ БАҚ ӨКІЛДЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов 28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесіне орай бірқатар журналистерді марапаттады.

Мерекелік іс-шара алдымен телевизия ардагері, Қазақстанның Құрметті журналисі Байдулла Қонысбекті 1 минут үнсіздікпен еске алумен басталды.  Қала әкімі ақпарат саласы – қоғамдық пікір қалыптастырушы ғана емес, қоғамдық сананы қалыптастырушы сала екенін айтты.

- Ақпарат құралдары – бұл үлкен күш. Қаламның ұшын, сөздің күшін дұрыс пайдаланса, ұлтты ұйыстырып, жасампаздыққа жол бастай алады, ал бұрыс пайдаланса, қоғамды дүрліктіріп, қоғамдық-саяси ахуалды қиындатып жібере алады. Шымкентте жұмыс істейтін 170-тен аса ақпарат құралы билік пен қоғамның арасында ортасына алтын көпір бола бермек деген сенімдемін. Қала игілігі үшін бірлесе жасайтын жұмыстар жалғаса береді. Қаланың жетістігі – әрбіріміздің жетістігіміз, - деді М.Әйтенов.

Сосын, БАҚ үздіктерін 13 номинация бойынша марапаттады. Атап айтар болсақ, ұжымдық жұмыс бойынша «Шымкент келбеті» — «Панорама Шымкента» газеттері «Үздік мерзімді басылым», «Оңтүстік» телеарнасының «Көзқарас» ток-шоуы «Үздік телебағдарлама», «Отырар» телеарнасының «Халық пен билік» бағдарламасы «Үздік репортаж», «Ақылдым» балалар журналы «Дарынды болашақ», «Дидарбек» ақпараттық порталы «Блогсфера үздігі», «Смарт-топ.kz» ақпараттық порталының «QazNet үздігі», «Әділет. Рухани жаңғыру» газеті «Үздік медиа-профи» номинациясын иеленді. Ал, «Айғақ» телеарнасының редакторы Ұ.Наушабаева «Үздік редактор», «Нар-тв» телеарнасының тілшісі Н.Пайзов «Үздік тележүргізуші», «Рейтинг» газетінің тілшісі А.Есімбай «Ұшқыр қалам», Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Мамыров «Үздік баспасөз хатшысы», Шымкент қаласы әкімі баспасаөз қызметінің фотографы Б.Сейтжаппар «Объектив», Қ.Момынхан «YouTube канал» номинациясымен марапатталды. Айта кетейік, әуелі бұл мейрам Журналистика күні деген атаумен 10 мамырда аталып өтетін еді. Кейін атаулы күн Қазақ КСР-нің "баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заңы қабылданған күнге орай 28 маусымға ауыстырылды.

 

 

«Aq-qara.kz»-  ақпарат


Төлебилік ару біреудің атынан несие алған

Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның ауылдас танысы ұялы телефонын пайдаланып, банктік қосымшасы арқылы 560 000 теңге, шағын несие беру ұйымынан 79 000 теңге несие рәсімдеген. Әйел адам мұны қарызыңыз көбейіп кетті деп банк қызметкері хабарласқанда ғана біледі. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 639 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

Тәжірибелі тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында сезіктінің жергілікті тұрғын екені белгілі болды.

Анықталғандай күдікті жас әйел мұндай қадамға тұрмыстық қажеттілік үшін барғанын айтты. Ол рәсімдеген несиені өзінің банк шотына аударып алған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері кез-келген адамға сенім артпауға кеңес береді. Жеке счет нөмірлеріңіз бен төлқұжаттарыңызды, ұялы телефондарыңызды сенімсіз адамдарға бермеуді ескертеді.

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Облыста «Есірткісіз болашақ» айлығына қатысушылар марапатталды

Халықаралық нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес күні аясында Түркістан облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыстық әкімдік, Жастар орталығымен бірлесіп "Есірткісіз болашақ" атты кең көлемді іс-шара өткізді. Нәтижесінде нашақорлықтың алдын алу тақырыбында түрлі акциялар ұйымдастырылды. Тәртіп сақшылары 1 айға жоспарланған акция кезінде жастарды қатыстыра отырып, спорттық марафон ұйымдастырды. Таңертеңгілік жаттығу, велосипедшілер шеруі мен спорттық үйірме қатысушылары, Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінің өнер көрсетуі мен флешмоб өткізді. Сондай-ақ полиция қызметкерлері тұрғындар арасында көпшілік баратын орындарда, саябақтар мен көшелерде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Керуен-сарай кешенінде профилактикалық акция өткізіліп, «Өмір қайығымен есірткісіз болашаққа» көрнекіліктерімен қайықтарға мініп, жұртшылықпен бөлісті. 30 күн бойы өткізілген іс-шара соңында 26 маусым күні Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Халықаралық нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне орай, Түркістан қаласындағы Амфитеатр ғимаратында мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Оған Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Асылжан Қалдарбеков, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басшысы Г.Құрман, облыстық әкімдіктің ведомстволық бағынысты басқармаларының, спорт секцияларының және жастар орталығының өкілдері қатысты. Іс-шара барысында "Есірткісіз болашақ" акциясы аясында өткізілген түрлі конкурстар мен сайыстарға қатысушыларды салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Жеңімпаздар мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар, заманауи гаджеттер, доптарм, футболкалар және бейсболкалармен марапатталды. Сондай-ақ жасөспірімдер шығыс жекпе-жегі бойынша әдіс-тәсілдерін көрсетіп, халықтың қошеметіне бөленді. Оған қоса облыстық эстрада әртістерінің концерттік бағдарламасымен жалғасты. Іс-шараға 200-ге жуық көрермен қатысып, көптеген жағымды эмоциялар мен ерекше әсер алды. Түркістан облысының полицейлері атап өткендей, мұндай іс - шаралардың негізгі мақсаты-нашақорлықтың алдын алу және құқық бұзушылықтардың алдын алу. сондай-ақ жастарды есірткіні пайдаланудан сақтандырады және әрбір тұрғынға есірткі құралдарын пайдаланудың зияны туралы жеткізеді. Тәртіп сақшылары Азаматтарды салауатты өмір салтын ұстануға және есірткіні қолданудан бас тартуға шақырады.

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Ордабасы: «Әлеуметтік желілерде» жоғалды деп таралып жатқан бала ата-анасымен қауышты

Ордабасы аудандық полиция бөліміне таңғы сағат 07:00 шамасында жергілікті тұрғын келіп, 1 сағаттан бері денсаулығында кінәраты бар 2007 жылғы ұлын таппай жүргенін және ұлының велосипеді полиция ғимаратының жанында тұрғанын жеткізді. Яғни тұрғын, мүмкін ұлым ішке кірген болар деп сұрайды. Сондай-ақ ұлын табуға полицейлердің көмек беруін өтінеді. Анықталғандай, тұрғынның баласы осыған дейін бірнеше рет үйінен шығып кетіп, әкесі өзі тауып алып жүрген. Алайда бұл жолы жасөспірім ұшты-күйлі жоқ болады. Ақпарат алысымен кезекші бөлім қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларына бағытнама берді.

Ал ордабасылық полицейлер бірден жасөпірімнің жүрген жерін анықтау мақсатында іздестіру жұмыстарына кірісті. Көрген-білгендерден сұрастырып, әрбір көшені аралап шықты. Барлық қажетті шараларды ұйымдастырды. Арадан 2 сағаттай уақыт өткенде полиция бөліміне қой бағып жүрген жергілікті тұрғынның бірі хабарласып, сөйлемейтін жасөспірімнің жалғыз жүргенін хабарлаған. Оған қоса өзінің телефонына түсіріп, әлеуметтік желі арқылы топтарға таратып жіберген. Яғни бұл таңертеңгісін ұлын таппай жүрген тұрғынның баласы болып шықты.

Жасөспірім 10 шақырым қашықтықтағы Қажымұқан ауылының күн шығыс беткейіндегі жайылымдық алқаптан табылды. Бүгінгі таңда бала ата-анасымен бірге. Өз кезегінде тұрғын ұлын тауып беруге қызмет еткен полицейлерге шынайы ризашылығын жеткізіп, жұмыстарына сәттілік тіледі. Тәртіп сақшылары ата-аналарға қырағы болуды және балаларын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Балаларыңыз немесе жақындарыңыз адасып, жоғалған жағдайда тез арада 102 телефоны арқылы полицияға хабарласыңыздар.

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

ШЫМКЕНТТЕ НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖӘНЕ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС АЙЛЫҒЫ ӨТТІ

Осы бір айда 18 жағдай анықталды. Оның 8-і есірткі сатуға, 10-ы оны заңсыз өсіру фактысы. Бұл туралы Шымкент қалалық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы,  полиция полковнигі Арман Ақшораев мәлімдеді. Бүгін Жастар ресурстық орталығында 26 маусым — Халықаралық  нашақорлық және есірткі саудасына қарсы күрес күніне арналған  іс-шара өтті. Онда Шымкент қалалық Полиция департаменті, ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық,  Психикалық денсаулық орталығының мамандары мен қала тұрғындары, белсенді жастар қатысты. Азаматтарға салауатты өмір салтын насихаттап, қоғамды нашақорлыққа, заңсыз есірткі айналымына тосқауыл қою мақсатында ұйымдастырылған іс-шара барысында бір айлық профилактикалық жұмыс қорытындыланып, белсенділік танытқан сала мамандары марапатталды.

— Бір ай көлемінде нашақорлыққа және есірткі заттарын қолдануға, сатуға қарсы республика көлемінде арнайы іс-шаралар ұйымдастырылды. Мұндай жұмыстар тек Қазақстанда ғана емес, дүниежүзінде жүргізілді. Бір айлық іс-шара кезінде 18 жағдай анықталды. Оның 8-і есірткі сатуға қатысты іс болса, 10-ы оны заңсыз өсіру жағдайына қатысты. Сондай-ақ, өзге облыстардан есірткі тасымалдау жағдайлары да тіркелді, - дейді Арман Оңғарұлы. Салтанатты жиынға келушілерге ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық мамандары тегін қызмет көрсетті. Яғни, әрбір келуші аты-жөнін жасырын сақтап, АИТВ инфекциясына экспресс тестілеуден өтуге мүмкіндік алды. Мамандар 15-20 минутта талдама иесіне қорытындысын хабарлап отырды.

—Бүгінде Шымкент қаласы бойынша ішімдікке тәуелді және нашақорлыққа әуес 6000 азамат тіркелген. Ал, 460 төсек орынды орталықтың 230 орны нашақор және ішімдікке бейім науқастарға арналған. Оларды бұған дейін 2 деңгейлі емдеу процесінен өткізіп келген едік. Биылдан бастап 3 деңгей қосылмақ. Яғни алғашқы кезеңде науқастың денсаулығын қалпына келтіру жұмыстар болса, 2 деңгейде оны қоғамдық жұмыстарға араластыру арқылы орта қалыптастыру  жұмыстары жүргізілетін. Ал 3 деңгейде науқастың әлеуметтік жағдайына ерекше мән берілмек, - дейді Шымкент қалалық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Серік Мыңбаев.

«Aq-qara.kz» -  ақпарат