Мақтаарал: Суға түсу ережесін бұзған 32 баланың ата-анасына әкімшілік хаттама толтырылды

Тәртіп сақшылары суға шомылу маусымы кезінде су нысандарында қайғылы жағдайды болдырмау мақсатында профилактикалық рейдтік іс-шаралар атқаруда.

Мәселен, Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудан тұрғындарына жасөспірімдерге суға шомылуға тыйым салынған жерлерге баруға рұқсат бермеу керектігін түсіндірді. Сонымен қатар балаларды қадағалап, суға шомылу анықталған жағдайда әкімшілік шара көрілетіндігі туралы ескерту жасады.

Полиция қызметкерлері тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілсе де, су айдындарына жақын орналасқан тұрғындар қауіпсіздік шараларын елемеуде. Осыған байланысты полицейлер аудандағы каналда шомылып жатқан балаларға судағы ережелер мен оның қауіпін айтты. Жасөспірімдерге кез-келген жерде ата-ананың қарауынсыз суға түспеуге, терең жерлерге бармауға кеңес берді. Полицейлер рейд кезінде суға шомылып жатқан балаларды анықтап, олардың үйіне барып, ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабы 1-бөлігі «Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша 32 ескерту хаттамасын толтырды.

Түркістан облысының полицейлері әр адамның өмірі маңызды екенін еске салады. Сондықтан жолда жүру мен суға түсу ережелерін әрдайым сақтау қажет. Суға тек қана рұқсат етілген орындар мен жағажайларда шомылыңыздар. Қоршау белгілерінен тысқары аумаққа шықпай, техникалык ескерту белгілерін есте сақтаңыздар!

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

ШЫМКЕНТТІК ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ СПАРТАКИАДАСЫ ӨТТІ

28 маусым — Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай  Қажымұқан атындағы орталық стадионда дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын спартакиаданың ашылу салтанаты өтті. 

 Іс-шара оңтүстік журналистикасының атасы, Қазақстанның Құрметті журналисі марқұм Байдулла Қонысбекті бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды. БАҚ өкілдерінің спорттық  бәсекесін  Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Үш күнге созылған спорттық шараға 11 команда қатысуға ниет білдіріпті. Қатысушылар спорттың  волейбол, шахмат, футбол, үстел теннисі, бильярд және арқан тарту түрі  бойынша сайысты. Сонымен спорттық бәсекеде волейбол жарысынан 1-орын «ERNUR» корпорациясы, 2-орын «Рейтинг-Собкор», 3-орын «Ернияз» командасына бұйырды. Қыздар арасында өткен үстел теннисінен 1-орынды «Оңтүстік», 2-орынды «Үштаған», 3-орынды «НарТв» командасы жеңіп алды. Дәл осы спорт түрінен ерлер арасындағы бәсекеде 1-орын «Рейтинг-Собкор», 2-орын ««ERNUR» корпорациясы, 3-орын «Оңтүстік» командасының қанжығасында кетті. Бильярдтан жекелей сайыс тартысты өтті. Алайда, бұл ойында бағы мен бабы қатар шапқандар ғана жеңіс тұғырынан көрінді. Сонымен бильярдтан 1 орынға «НарТв», 2- орынға «Үштаған», 3-орынға «Оңтүстік» командасы лайық деп танылды. Ақыл-ойдың күштілігі безбенге түскен шахмат жарысында ұлдар командасынан 1 және 3 орындарға «Рейтинг-Собкор», 2-орынға «Үштаған» тобы ие болды. Ал қыздар арасындағы шахмат жарысында 1-орынды «Шымкент келбеті» , 2-орынды ақпараттық коммуникациялық орталық, 3-орынды «13kz» командасы иеленді. Жарыстың соңғы күнінде арқан тарту бәсекесінде «Оңтүстік» командасы І орыннан көрінсе, «Шымкент келбеті» газетінің ұжымы ІІ, «Рейтинг-Собкор» ІІІ орын тұғырына көтерілді. Журналистер арасындағы жарыстың нүктесін қойған шағын футбол сайысында 1-орынды ақпараттық коммуникациялық орталық, 2-орынды «ERNUR» корпорациясы, 3-орынды «Рейтинг-Собкор» командасы еншіледі. Қорыта келе, Шымкентте БАҚ өкілдері арасында үш күн өткен тартысты бәсекеде жалпы командалық есеп бойынша 1-орынды Шымкент ақпараттық коммуникациялық орталығы, 2-орынды – «ERNUR» корпорациясы, 3-орынды – «Рейтинг-Собкор» ұжымы иеленді.

"AQ-QARA.KZ"- ақпарат

Сарыағашта тұрғындардың малдарын ұрлаған үшеу құрықталды

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті екі бірдей тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның жайылымдық жерде арқандаулы тұрған әрқайсысының құны 300 000 теңге тұратын екі бас жылқысын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Екінші жәбірленуші ер адам, ауыл ішінде жайылып жүрген әрқайсысының құны 700 000 теңге тұратын 2 бас сиырын белгісіз біреудің ұрлап кеткенін көрсеткен. Жәбірленушілерге келген шығын көлемі 1 000 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Тәжірибелі тәртіп сақшылары орын алған мал ұрлығы қылмысын ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар жақын аумақтарды түгел қарап шықты. Полицейлердің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде осы қылмысқа қатысыь бар үш жергілікті тұрғын ұсталды.

Тексеру кезінде анықталғандай ұйымдасқан үшеу қаражат табу мақсатында осындай әрекетке барған. Сезіктілер оңай жолмен келген бөтеннің мүлкін сатып, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарды жеке мүліктеріне сақ болуға шақырады. Жайылымдық жерлерге малдарын бақташысыз жібермеуге кеңес береді. Егер де, сіз, ұрлық қылмысына тап болсаңыз немесе куәсі болсаңыз полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз.

Сарыағашта тұрғындардың малдарын ұрлаған үшеу құрықталды

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті екі бірдей тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның жайылымдық жерде арқандаулы тұрған әрқайсысының құны 300 000 теңге тұратын екі бас жылқысын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Екінші жәбірленуші ер адам, ауыл ішінде жайылып жүрген әрқайсысының құны 700 000 теңге тұратын 2 бас сиырын белгісіз біреудің ұрлап кеткенін көрсеткен. Жәбірленушілерге келген шығын көлемі 1 000 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Тәжірибелі тәртіп сақшылары орын алған мал ұрлығы қылмысын ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар жақын аумақтарды түгел қарап шықты. Полицейлердің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде осы қылмысқа қатысыь бар үш жергілікті тұрғын ұсталды.

Тексеру кезінде анықталғандай ұйымдасқан үшеу қаражат табу мақсатында осындай әрекетке барған. Сезіктілер оңай жолмен келген бөтеннің мүлкін сатып, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарды жеке мүліктеріне сақ болуға шақырады. Жайылымдық жерлерге малдарын бақташысыз жібермеуге кеңес береді. Егер де, сіз, ұрлық қылмысына тап болсаңыз немесе куәсі болсаңыз полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз.

Түркістандық полицейлер ерекше балаларға арнап концерт қойды

Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен «Қазақстан полициясына 30 жыл» толуына және ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялауына орай ерекше балаларға арнайы мерекелік шара өтті. Полиция полковнигі Ерлан Шамшаттың бастауымен және Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері бірігіп, 40-тан астам мүмкіндігі шектеулі балалар емделетін оңалту орталығына барды. Тәртіп сақшылары жасөспірімдер үшін мерекелік концерт әзірлеп, патриоттық және эстрадалық әндер шырқады. Көңілдері көтерілген балалар полицейлермен бірге би билеп, оларға қошемет көрсетті.

Шара соңында полиция қызметкерлері жасөспірімдерге арнап әкелген түрлі ойыншықтарды таратып, оларға мықты денсаулық пен амандық тіледі. Шарада сөз алған Түркістан қаласы ПБ-ның бастығының орынбасары, полиция полковнигі Әшімхан Мырзаханов: «Біз, үлкендер үшін ең үлкен сыйлық – балалардың бақытты көздері мен қуанышты күлкілері. Мен сіздердің сауығып кетулеріңізді және барлық армандарыңыздың орындалуын тілеймін. Бұндай шаралар полиция қызметкерлері тарапынан алдағы уақытта да жалғасын табатын болады» - деп атап өтті.

«Түркістан Ахмет Ясауи» колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу іс шаралары өтті

«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде білім алушылары үшін ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығының 2-қосымшасының «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгі қағидаларына» бітіруші түлектердің қорытынды аттестация және біліктілік тағайындау емтихандары басталды. Мамандықтың оқу жоспарын толық аяқтаған бітірушілерді емтиханға жіберу туралы бұйрығы шығарылды. Жоғарыда көрсетілген бұйрықтың 25 тармағына сәйкес қорытынды аттестаттау комиссиясының құрамы кәсіпорындар мен жұмыс беруші мекемелердің білікті мамандарынан 65% және білім беру ұйымы өкілдерінен 35 % арақатынасында құрылған.
Қорытынды аттестаттау емтихандарына жауапты оқытушы кеңес сағаттарын өткізіп, әрбір сұрақты талқылап, сұрақтарға толық мәлімет береді. «Таза сессия» жобасының аясында қорытынды емтихандардың әділ өтуін қадағалау үшін ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Емтихандарға жауапты тұлғалар мен хатшы тағайындалған кесте бекітіліп, барлық білім алушыларға таныстырылды. Оқытушылар мен оқушыларға қорытынды бақылау барысындағы ашықтық, академиялық адалдық талаптары мен жалпы тәртіптің сақталуы туралы ереже таныстырылды. «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің басшылығы — студенттер мен оқытушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу ісіне белсенді қатысуға, сондай-ақ «Таза сессия» өткізуді бақылауға және сапалы білім алуға өз құқықтары аясында әділдікке қол жеткізуге шақырады.
Бақылау барысында емтихандардың өтуін бағалау мақсатында актілер толтырылып, қорытынды жазылады. Емтихан тапсырушы барша студенттерге сәттілік тілейміз!

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Облыстың білім саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, нәтижелері белгілі болды.

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Үлгілік қағидаларға сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 2022 жылғы 01 наурыз бен 31 мамыр аралығында ішкі талдау жүргізілді.

Ішкі талдау арнайы бекітілген кесте бойынша басқарманың 3 бөліміне жүргізілді. Олар:
— стратегиялық жобаларды жинақтау, талдау және бюжеттік саясатты қалыптастыру бөлімі;
— мектепке дейінгі және орта білім беруді дамыту, жаңа технологиялар бөлімі,

— педагог әлеуетін дамыту бөлімі. Жүргізілген ішкі талдау қорытындысымен 3 бөлімнің жалпы атқаратын 131 функционалдық міндеттемелерінің 13-де сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды.

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, басқарма қызметкерлеріне алдын алу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, Басқарма тарапынан осындай сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар функцияларды атқару барысында адами факторды азайту мақсатында автоматтандыру процессі қолға алынуда, және комиссия тарапынан шешілетін функциялар бойынша комиссия құрамына азаматтық қоғам өкілдерін, бақылаушылар енгізу және барынша ашықтықты қамтамасыз ету қолға алынуда.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мәселесі кестеге сәйкес жалғасын табады.

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

 

 

 

Келестік полицейлер дүкенге ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады

Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның азық-түлік дүкеніне сағат 19:30 шамасында белгісіз біреу кіріп, азық-түлік заттары мен кассада тұрған 20 000 теңге ақшасын жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 300 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Тәртіп сақшылары хабарлама келіп түскен бойда оқиға орнына жетті. Олар ұрлық қылмысын ашу мақсатындағы қажетті шараларды жүзеге асырды. Жақын аумақтарды түгел қарап шығып, бейнебақылау камераларын тексерді. Нәтижесінде күдіктінің бұрын сотты болған, жергілікті тұрғын екені анықталды. Анықталғандай күдікті ер адам мас халде болған. Ол тас жол бойында орналасқан асхананың терезелерін бұзу арқылы дүкенге кірген. Сезікті бөтеннің мүлкін ұрлап, қажеттілік үшін бас пайдасына жаратып жіберген. Қазіргі таңда ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері ұрлық қылмысының алдын алу үшін, сауда орындарына, ғимараттарға, үйлеріңізге бейнебақылау камералары мен дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді. Егер де, сіз, ұрлық қылмысының куәсі болсаңыз, полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз.

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Түркістан: 30 түп «сора» есірткісін өсірген...

«Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі затын өсірді деген күдікпен аудан тұрғынын құрықтады. Нақтырақ айтсақ, полицейлерге есірткі қылмысы бойынша шұғыл ақпарат түскен. Осының негізінде тәртіп сақшылары бірден іске кірісті. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру» бойынша СДТБТ-ға енгізіліп, қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері күдіктінің үйін тексеру кезінде ауласынан 26 түп, ауланың сыртында ағаштармен қоршалған жерден 4 түп есірткіге ұқсас өсімдік тауып, тәркіленіп алынды. Айғақты зат ретінде алынған заттарға сараптама тағайындалды. Нәтижесінде оның «сора» есірткісі екені расталды. Күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері азаматтарға тыйым салынған заттарды қолданып, сатуға, сақтауға болмайтынын, әр құқық бұзушылыққа заңға сәйкес шара көрілетінін ескертеді. Жалпы есірткі қолдану, бірінші кезекте сіздің денсаулығыңызға қауіпті екенін еске салып, салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береді. «AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Түркістан: Полицейлер қару өткізген тұрғындарға тексеру жүргізді

Түркістан облысы аумағында 21-30 маусым аралығында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Шараның негізгі мақсаты – облыс аумағында заңсыз айналымнан отты атыс қаруын тәркілеуге және қару иелерін оны сақтау ережелерін тексеру. Осы шара аясында Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Полиция қызметкерлері аталған акция кезінде аудан бойынша тіркеуде тұрған 500-ге жуық қару иелерін тексерді. Тексеру кезінде 5 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Яғни 2 азаматқа қаруды сақтау мерзімі өткені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабы «Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды тіркеу не оны қайта есепке қою тәртібін бұзу», 3 азаматқа қаруды сақтау ережелерін сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы «Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу» хаттама толтырылып, шара көрілді. Сонымен қатар тәртіп сақшылары тұрғындарға заңсыз қару сақтаудағы қару-жарақ пен оқ-дәрілерді ішкі істер органдарына өз еркімен тапсыру керектігін түсіндірді. Яғни олар үшін әкімшілік не қылмыстық жауапкерлішікке тартылмайтындығын еске салады.

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат