Шардарада нашақорлық - індет, алдын - алу міндет іс-шарасы өтті

Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Көксу ауыл округінің мәдениет үйінде ауыл тұрғындары және жастарымен «Нашақорлық - індет, алдын - алу міндет», - тақырыбында кездесуге Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б. Таласов, Шардара аудандық орталық аурухананың нарколог дәрігері Г. Тойтанова, Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері теолог маманы А. Данияров, Шардара аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ - нің басшысы Б. Қалдарбек қатысты. 

Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б. Таласов бүгінгі күні нашақорлық - бір адамның ғана басындағы емес, бүкіл қоғамның қасіреті болып отыр. Адамдар салауатты, дені сау, қоғамымыз әркенді де өркениетті болуы үшін, нашақорлыққа қарсы күресу - әр азаматтың міндеті. Кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын қоғамдық құнды ынталары мен бейімділіктері негізінде ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бұл үшін спорттық секциялар, қызығушылығы бойынша шығармашылық үйірмелер, аула клубтары желілерін жер - жерлерде кеңейту, балалардың бос уақытын ұйымдастыру кезінде пікір сайыстар және есірткіге қарсы бағыттағы басқа да іс - шараларды өткізуді көздеу қажет деді.

Шардара аудандық орталық аурухананың нарколог дәрігері  Г. Тойтанова  адам сау болуы үшін психологиялық, физикалық, әлеуметтік жағдайы дұрыс болуы шарт. Ал нашақорда психологиялық проблемалар болады. Яғни оның жаны жаралы. Ол есірткіні проблемасын ұмыту үшін тұтынады. Бұл денсаулықққа зиянын тигізеді. «Есірткіге тәуелді кез келген адам өзінің ауру екенін мойындамайды. Жоққа шығарады. Ондай жастарға мотивация беру өте қиын. Оларды карьера, білім алу, спортпен шұғылдану қызықтырмайды. Олардың өмірге деген құлшынысын ояту оңай емес», - дейді нарколог. Құрметті ата - аналар! Қандай жағдай болмасын, егерде сіздің балаңыз есірткі қолданып жүргені жайлы сезіктенсеңіз нарколог - дәрігердің кеңесіне жүгінуден еш қорықпаңыз. Дәрігер сізге диагностика жағдайында да, емдеу жағдайында да қандай әрекет жасау керектігіне көмектеседі.  Есіңізде болсын, неғұрлым емдеуді ерте бастасаңыздар, балаңызды құтқаруға деген мүмкіншілігіңіз соғұрлым көбірек болады. Сонымен қоса жасөспірім шақ - ол бала үшін өте  күрделі күйзеліс, көптеген балалар бастарынан бұл кезеңді ауыр өткізеді. Тіпті жұмысыңыз көп болған жағдайдың өзінде балаңыз үшін  кішкене болса да уақыт табуға тырысыңыз. Балаңыз қандай дербес, өз бетінше әрекет жасай алатын болса да оған сіздің қолдауыңыз бен көмегіңіз өте қажет. Онымен бірге уақыт өткізуге тырысыңыз, киноға барыңыз, пикникке шығыңыз, спортпен шұғылдануына ықтияр жасаңыз. Ең алдымен оны тұлға ретінде танып, сыйлай біліңіз, онымен тең дәрежеде қатынас жасаңыз. Сонда ғана балаңыз сізден еш құпиясын жасырмайтын болады және өз - өзіне деген сенімі ұлғая түседі.

Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері теолог маманы А. Данияров Алла Тағала адам баласын басқа барша жаратылыстан ерекешелендіріп, ақыл мен сана беріп, бойын тіктеп, көркем түрде жаратты. Айта берсе сөз жетпейтін көптеген артықшылықтар берді. Оның бәрін шариғат тілінде «нығмет» деп атайды. Сол нығметтердің бірі - денсаулық. Адам баласы барында бағалай алмай, айырылып қалса таба алмайтын баға жетпес байлық та сол тәннің саулығы. Пайғамбарымыз (с.а.с) бір хадисінде: «Адамдардың көбі қадіріне жете бермейтін екі нығмет бар, ол - денсаулық және бос уақыт». Сондықтан да әрбір адам денсаулығы үшін Аллаға сансыз шүкір айтып, денсаулығының барында мүмкіншілікті пайдаланып, Аллаға құлшылық, адамдарға қызмет етуге талпынуы қажет. Жастық шақ және он екі мүше саулығы уақытша ғана берілген мүмкіншілік.  

Өмірдің басы бала, ортасы адам,

Қартайып шал болған соң кетті шамаң.

Мақтап жүрген өмірің осы болса,

Үш ақ ауыз сөзбенен болды тәмам - деп Шәкәрім атамыз адамның үш кезеңін суреттей келе, жастық шақ адамның кемелденіп, денсаулығының мықты болатын уақыты екенін жырлаған деп сөзін қорытындылады.

Азаматтардың шағымдары мен өтінішхаттары прокурорлардың тұрақты қадағалауында

29 маусым 2022 жылы Түркістан облысының прокуроры М.Т.Алихановтың төрағалығымен облыстың қылмыстық қудалау органдарының бірінші басшылары мен олардың жауапты қызметкерлерінің қатысуымен алқа мәжілісі өткізілді. Алқа мәжілісінде қылмыстық қудалау органдарымен процеске қатысушылардың шағымдары мен өтінішхаттарын қарау заңдылығы талқыланды. Ескеру қажет, қылмыстық қудалау органдарының басты бағыттарының бірі ретінде қылмыстық процеске қатысушылардың шағымдары мен өтінішхаттарын уақытылы әрі сапалы қарау болып табылады. Бұл туралы ел Президентімен бірнеше рет айтылған. Осыған орай осы бағытта облыс прокуратурасымен кешенді тексеру жүргізіліп, нәтижесімен бірқатар кемшіліктер анықталды.Алқа мәжілісінің қорытындысы бойынша қылмыстық қудалау органдарының басшыларына мағыналас заң бұзушылықтарды алдағы уақытта болдырмау мақсатында ведомстволық бақылауды күшейту және пәрменді шаралар қолдану туралы тапсырмалар берілді.

Түнгi қаладағы балалар» Сарыағашта

Ағымдағы жылдын 27-29 маусым «Балалар жылын өткiзу жөнiндегi iс шаралар жоспарына» сәйкес, кәмелетке толмағандарды ойын-сауық мекемелерiнде және тұрғын үйлерден тыс жерде, кешкі және түнгi уақыттында анықтауға мақсатында «Түнгi қаладағы балалар» алдын-алу профилактикалык iс-шарасы өткізілуде.

Іс-шаранын мақсаты- кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға катысты жасалатын кылмыстың алдын алу, кәмелетке толмағандарға алкогольді ішімдіктерді, темекі өнімдерін сату, түнгі уақытта кәмелетке толмағандарларды занды өкiлдерсіз ойын-сауық мекемелерiнде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуын анықтау, олардың құқықтық сауаттылыктын жогарылату, сонымен катар кәмелетке толмағандарды құқықбұзушылыққа және кылмыс жасауға тартатын ересек адамдарды аныктау, балалардың еңбегiн пайдалануды болдырмау болып табылады.

«Түнгі қаладағы балалар» профилактикалык іс-шарасы аясында Сарыағаш ауданы аумағында Сарыағаш АПБ ЖПҚ ЮПТ-нын инспекторлары, Адами әлеуеттi дамыту бөлімі, «Жастар орталығы», «Сәт» телеканалы кызметкерлерімен біргелікте белгiленген заңнама талаптарына сәйкес, ауданда жылыжаймен айналысатын аулдарда, -65 коммерциялык нысандарда атап айтканда: 20 ауылшаруашылык обьектілер, -5 көпқабатты үйлердің жертөлелері, -1 теміржол автовокзалы, -2 компьютерлік ойынханалар, -1 базардар, -4 көлік жуу, -15 кафе мен мейрамханалар мәжбүрлі еңбек етуді, онын iшiнде балалардың еңбегін пайдалануды болдырмау және аныктау бойынша рейдттік іс-шаралар ұйымдастырылып тексеру жұмыстары атқарылды.

Түркістанда бір тәулікте 600-ден астам объект тексеріліп, 200-ге тарта хаттама толтырылды

 

Түркістанда бір тәулікте 600-ден астам объект тексеріліп, 200-ге тарта хаттама толтырылды

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов, жеке құрамға арнайы тапсырма беріп, бұл бағыттағы жұмысты жандандыруды тапсырды. Осының негізінде облыс полицейлерімен 27-29 маусым күндері аралығында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталмыш шараның алғашқы тәулігінде полицейлер - 622 объектіні тексеріп, кәмелетке толмағандар саласына қатысты 186 әкімшілік құқық бұзушылық анықтады.

Нақтырақ айтар болсақ, балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін 14 ата-ана (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 127-бабы), кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жүргені үшін 20 ата-ана (ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлігімен), кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде жүруі бойынша 129 ата-ана (ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігімен) анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды.

Ал түнгі сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында болуына жол берген 11 ойын-сауық орындарының иелеріне ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша әкімшілік хаттама түзіліп, жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар дүкендер мен сауда орындары, ойын-сауық нысандары тиянақты тексерілді. Нәтижесінде кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімін сатқан 5 тұлға анықталып, оларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 200-бабы «Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу» бойынша және 21 жасқа толмаған адамға темекі өнімін сатқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 423-1-бабы «Жиырма бір жасқа толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сату» бойынша 4 тұлғаға әкімшілік шара көрілді.

Бұдан бөлек түнгі тексерулер кезінде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 3 жасөспірім ұсталып, ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы «Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық» бойынша жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ жастарға жұмыс берген нысандар да жіті тексерілді. Оның аясында балалардың еңбегін пайдалану бойынша 24 дерек тіркелді. Оның ішінде еңбек шарттары түзілмегені 23 болса, 1 дерек қайыршылық жасау бойынша анықталды.

 

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Мақтаарал: Қарбыз алуға шығып ақшасынан айырылды

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның «Ауди 100» маркалы автокөлігінің ішінен 225 000 теңге ақшасын ұрлап кеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Тәжірибелі тәртіп сақшылары хабарламаны естіген бойда оқиға орнына келіп жетті. Олар ұрлық қылмысын ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Сұрастыру жұмыстарының барысында осы қылмысқа қатысы бар күдікті жәбірленушінің танысы Жетісай қаласының тұрғыны болып шықты.

Анықталғандай жәбірленуші мен күдікті ер адам қарбыз сатып алу үшін ауылдарды бірге аралаған. Осы сәтте сезікті арам ойын іске асырып, ақшаны ұрлаған. Полицейлер ер адамнан айғақты зат ретінде ақшаның бір бөлігін тәркіледі, қалғанын күдікті бас пайдасына жаратып жіберген. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары тұрғындарға қаражаттарыңызға, құнды заттарыңызға сақ болуды ескертеді. Кез-келген адамға сенім артпау керектігіне кеңес береді. Егер де, сіз, ұрлық қылмысына тап болсаңыз немесе куәсі болсаңыз, бірден полицияға хабарласыңыз.

 

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Полицейлер кәсіби мерекелерін атап өтті

 «Қазақстан полициясының құрылғанына 30 жыл» кәсіби мерекесіне орай Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында салтанатты шара өтті. Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен жиынға Ішкі істер органдарының ардагерлері, Жетісай ауданының әкімі М.Қадырбек және оның орынбасары А.Маханбетов, «Аманат» партиясы мен Жетісай аудандық мәслихат депутаттары мен ауданның құрметті азаматтары арнайы шақыртылды.

Салтанатты іс-шара ҚР Мемлекеттік Гимнімен ашылып, алғашқы құттықтау сөзді әкімнің орынбасары А.Маханбетов алып, барлық полиция қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Сондай-ақ қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жұмысын жоғары дәрежеде атқарып жүрген ішкі істер органдары ардагерлері мен полиция қызметкерлерін Жетісай ауданы әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады. «Аманат» партиясының атынан «Алғыс хаттарда» иелеріне табысталды.

Бұдан бөлек «Қазақстан Полициясы күні» мерекесіне арнайы дайындалған Жетісай аудандық полиция бөлімінің құрылуы тарихынан бүгінгі күнге дейінгі кезеңін қамтыған бейнеролик көрсетілді.

Марапаттау рәсімін полиция бөлімінің бастығы Ермахан Абдраманов жалғастырып, Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің арнайы төсбелгі, грамота және ардагерлер мен қызметкерлерге Алғыс хатын табыс етті.

Салтанатты жиын соңы өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасын тауып, келгендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ САЛЫНУДА

Шымкент қаласы Түркістан көшесі бойында жаңа өрт сөндіру депосы бой көтеруде. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов нысанның құрылыс жұмысымен танысты.

Қаладағы №3 өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары өз қызметін 70 жыл бұрын салынған ғимаратта атқарып келген. 2020 жылдың сәуір айында сарапшылар қорытынды жасаған еді. Онда Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №3 өрт сөндіру бөлімінің архитектуралық құрылысы бұзылатынын мәлімдеген.

Бұл ғимараттың 1938 жылдан басталатын үлкен тарихы бар. Дәл сол кезде учаске бөлінген болатын. Содан кейін мұнда тәуелсіз әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімі пайда болды. 80-ші жылдары бұл қаланың өртке қарсы қызметінің орталық пункті болды.

Бүгінде №3 өрт сөндіру бөлімінде 6 бірлік техника мен жеке құрамда 62қызметкер қызмет атқарады. Тозығы жеткен ескі сәулет ғимараты қала тұрғындарына жақсы қызмет етті. Аумағы 0,33 га жер учаскесін алып жатқансөндіру бөлімі қаланың орталық бөлігін қорғауға ыңғайлы.

Сондықтан жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау кезінде бұл ерекшелік басты назарда болды. Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ең маңызды мәселелердің бірі – қалалық өрт сөндіру қызметінің материалдық-техникалық базасын жақсартуы шешіліп келуде.

- 1938 жылы әскериленген өрт сөндіру бөлімдерін құру бойынша жер бөлінген. Сонымен қатар 80-жылдары жалпы №3 өрт сөндіру бөлімінде қалалық орталықтандырылған басқару пункті болған. 7-8 айдың ішінде жаңа заманға сай ғимарат салынады,- дейді қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Мадияр Жақсыбаев.
Құрылысы осы жылы басталған нысан 2023 жылдың соңында пайдалануға берілмек. Құрылыс жұмысы аяқталса, қаладағы ең көне сәулет ғимараттарының бірінің орнында №3 өрт сөндіру бөлімінің жаңа заманауи ғимараты пайда болады. Жаңа корпус барлық нормативтік талаптарға жауап береді.

 

«Aq-qara.kz» -  ақпарат

 

 

ҚАЛАДАҒЫ ЕҢ КӨНЕ МЕКТЕПКЕ ҚОСЫМША ҒИМАРАТ САЛЫНУДА

Қала әкімі Мұрат Әйтенов М.Х.Дулати атындағы №8 мектеп-гимназиясында болып, қосымша салынып жатқан оқу ғимаратының құрылыс жұмыстарын тексерді.

Білім мекемесінің іргетасы осыдан 147 жыл бұрын қаланған. Бүгінде мектептің кей аумағы көнеріп, санитарлық талап пен өрт қауіпсіздің талабына сай емес екені анықталды. Осындай олқылықтың орнын толтыру мақсатында қосымша оқу корпусының құрылысы жүргізілуде.

Жаңа ғимарат 1 100 оқушыға лайықталған. Одан бөлек жобада 250 орындық АКТ залы, спортзал, 20-30 мың кітап қорына арналған кітапхана және 20 оқу залы және 320 орындық асхана қаралған. Құрылысы өткен жылдың маусым айында басталған. Пайдалануға беру мерзімі 2023 жылға жоспарланып отыр.

М.Х.Дулати атындағы №8 мектеп-гимназиясы Шымкент қаласындағы ең көне мектеп. Бүгінде оқушыларға үш тілде білім беретін мамандандырылған гимназияға айналған.

Аталған гимназия 2021 жылы Қазақстан бойынша үздік «100 олимпиадалық мектептер» тізіміне енген. Қала әкімі тек үздіктерді тәрбиелеп отырған мектептің қосымша ғимаратпен толығуы білімді жастардың көбеюіне жол ашатынын атап өтті. Айта кетейік, Шымкент қаласында 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарға сәйкес 75 015 орынға арналған 77 мектеп салу жоспарланған. Оның 54-і мемлекет есебінен, 4-уі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде, ал 19 мектеп жеке инвесторлар есебінен бой көтермек. Биылғы жылы 10 540 орынға арналған 16 мектеп жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Құрылысы жүріп жатқан 11 мектептің есебімен жекеменшік білім мекемесінің саны 62-ге жетеді. Ал, бюджет есебінен биыл 5 мектептің жанынан қосымша ғимараттардың құрылысы жүргізілуде. Жаңа нысандар пайдалануға берілген тұста қалада үш ауысымды мектептер саны 9-дан 5-ке төмендейді.Жалпы үш ауысымда білім беретін мектептер және мектебі жоқ шағын аудандар мәселесін 2023 жылы, ал орын тапшылығын (дефицит) 2025 жылға дейін толығымен шешу жоспарланған.

 

 

«Aq-qara.kz»-  ақпарат

ҚАЛА ӘКІМІ АДЫРБЕКОВ КӨШЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Адырбеков көшесін жөндеу жұмысының барысын көрді. Қазір мұнда құрылыс қарқын алған. Ұзындығы 3,74 шақырымды құрайтын жол Алдияров көшесінен Т.Рұскұлов көшесіне дейінгі аралықты қамтиды.

Жоба бойынша ені 23 метр 4 жолақты жолдың екі жағында ирригациялық жүйе мен жасыл аймақ, жаяу жүргіншілер және жарық шамдар орнату көзделген. Қазіргі сәтте жұмыстың 45 пайызы орындалған. Нысан құрылысының аяқталуы 2023 жылға өтпелі.

Адырбеков көшесі 2018-2020 жылдары Рысқұлов көшесінен Жандосов көшесіне дейін бір шақырымға жуық аумағы жөндеуден өткен болатын. жолға қайта құру жұмыстары жүргізілген. Бүгінде Жібек жолы көшесінен Тәуке хан даңғылына дейінгі аралығында қайта құру жұмыстары атқарылуда. Ал, Жібек жолы көшесінен Ілияев көшесіне дейін асфальт төсемінің екінші қабаты төселіп, Ілияев көшесінен Тәуке хан даңғылына дейін инженерлік жүйелер орын ауыстырылуда және жолдың қазаншұңқыры дайындалуда.

Сонымен қатар, көшені күрделі жөндеуден өткізу үшін 23 жер телімі мемлекет иелігіне қайтаруды қажет етеді. Бүгінге дейін оның 1-і қайтарылып отыр. Қалған жерлер бойынша жұмыс процесі жүруде.

Айтпақшы,  бұған дейін шаһар басшысы Еңбекші ауданында асфальт төселген екі көшеде болған еді. Яғни, Еңбекші ауданы аумағындағы Шаңырақ шағынауданының екі көшесі орташа жөндеуден өткен. Жөндеуден өткен Жайдарлы және Ақжарқын көшелерінің жалпы ұзындығы 4,28 шақырымды құрайды. Шағынауданның көшелерінде пайда болған ойық-шұңқыр кемшіліктер ретке келтіріліп, қалыңдығы 10 см құрайтын асфальт төселді.

Айта кетейік, биыл қала орталығындағы магистралды көшелер мен шалғай мекендерді қоса алғанда 187 нысан, бұл дегеніміз 350 шақырымнан астам жол қалпына келтірілмек. Сондай-ақ, биыл жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы ауқымды 5 нысан пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

«Aq-qara.kz» -  ақпарат

ШЫМКЕНТТЕ 350 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ

2021-2025 жылдарға бекітілген іс-шара жоспары аясында әр жыл сайын 200 шақырымнан аса жол орташа жөндеуден өтеді. Осы орайда, биыл қала орталығындағы магистралды көшелер мен шалғай мекендерді қоса алғанда 187 нысан, бұл дегеніміз 350 шақырымнан астам жол қалпына келтірілмек. Сондай-ақ, биыл жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы ауқымды 5 нысан пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Атап айтқанда:

Қонаев даңғылының жалғасын салу, 3 кезең бойынша құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталып, биыл шілде айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Қазіргі таңда 90 пайыз жұмыстар атқарылды.

А-2 автомобиль жолының 2 кезеңі бойынша сақина типті жолайрығының құрылысы жүргізіліп, жұмыстың 50 пайызы орындалды.

Самал-1,2,3 шағын ауданының магистралды және қалаішілік көшелеріне 12,2 шақырым жол салынып, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Бүгінде жұмыстың 95 пайызы іске асырылды.

Рысқұлов -Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрығын салу жұмыстары жүргізіліп, жұмыстың 90 пайызы бітті.

Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысында жолаушылар өткелін салу жұмыстары бүгінде 90 пайызға аяқталды.

Бүгінгі күнге жобаларға барлығы 38 мердігер ұйым жұмылдырылды. Ал, 61 көшенің жол жұмыстарын жүргізетін мердігер мекеме анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов жыл басында атқарылған және 2022 жылы жүзеге асырылатын жұмыстар бойынша есеп берген еді.  Сонда басқарма басшысы, қалада осы жылы 300 шақырым жол жөнделіп, асфальт жол үлесі 67,4 пайызға жетеді деген болатын. Ал 2021 жылы автомобиль жолдары саласында 137 нысанда (189,7 шқ) жөндеу жұмыстары аяқталған.

«Aq-qara.kz»-  ақпарат