ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылдың 22 тамызы мен 12 қыркүйегі аралығында Сайрам ауданы аумағында «Абайлаңыз балалар» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл іс-шараны өткізудегі басты мақсат – оқушыларға жол ережесін үйрету арқылы жол-көлік оқиғасының алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Сайрам АПБ басшылығы мен ЖПҚБ ювеналды полиция тобының қызметкерлері «1 қыркүйек – Білім күніне» арналған салтанатты жиындарға қатысып, аймақтағы білім беру мекемелерінде кезекшілік ұйымдастырып, балалармен болатын жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жаяу жүргіншілер өтпелерінде мектеп оқушыларының қауіпсіздік ережелерін сақтауын тәжірибе жүзінде көрсетіп, әсіресе бастауыш сынып оқушыларына баса мән беріліп, олардың сақтық шараларын білуі үшін полицейлер барынша ықпал жасады.
ТО ПД-нің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің тапсырмасына сәйкес, аудандық полиция басқармасының басшылығы мен жеке құрамы таңертеңнен аудандағы мектептерге барып, құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздік бойынша сабақ өтіп, оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. ТО ПД Жергілікті полиция қызметі басмармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі Н.Тумабаев "Білім күнінде" аудан орталығындағы №20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясының оқушыларына дәріс оқыды.
Қазіргі таңда Сайрам ауданында 78 жалпы орта мектеп бар және әр мектепке ЮПТ-ның инспекторы бекітілген.
Балалардың қауіпсіздігі қамтамасыз ету — маңызды міндеттердің бірі. Сондықтан жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын болдырмау, олардың жолда жүру ережелерін үнемі сақтауға дағдыландыру полиция қызметкерлерінің басты назарында.