Бейсенбі, 01 Қыркүйек 2022 05:28

МАҚТААРАЛДА «АБАЙЛАҢЫЗ - БАЛАЛАР!» ІС-ШАРАСЫ БАСТАУ АЛДЫ

Жаңа оқу жылының басталуына байланысты және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін,«Абайлаңыз, балалар!»,«Сіздің жолаушыңыз - бала!» атты жедел профилактикалық шаралары өткізілуде.

Осынау атаулы білім күніне орай Мақтаарал АПБ-нің қызметкерлері-барлық мектеп және мектепке дейінгі мекемелерде оқушыларға: жолда абай болу, қылмысқа, құқық бұзушылық пен теріс әрекетке бармау жайлы түсіндірме дәрістерін өткізді.

Мақтаарал ауданы аумағында балалардың қауіпсіздігін бақылау барынша күшейтілді.

«Балалардың жол-көлік жарақаттарын ескерту ата-аналардың, полицейлер мен педагогтардың ортақ мәселесі» Жолдарда түрлі көліктер көптеп жүреді, жүк көлігінен электр самокаттарына дейін.

Айта кетсек «Абайлаңыз – балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы 12-шы қыркүйекке дейін жалғасады. Бұл күндері өңірдегі барлық мектептерде полицейлермен жол қозғалысы ережелері бойынша сабақтар өткізіледі.

Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар Сіздерді дәстүрлі Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталу мерекесімен Мақтаарал АПБ басшылығы және жеке құрамы шын жүректен құттықтайды!

 

Оқылды 229 рет