Сенбі, 03 Маусым 2023 22:38

ШЫМКЕНТ: АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБСЫЛАРҒА КОММУНАЛДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІ ТӨЛЕНЕДІ

 

«Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 қаулысының негізінде Шымкент қаласы  мәслихатының  2019 жылғы 11 желтоқсандағы №58/505-6с «Шымкент қаласындағы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне сәйкес, аз қамтылған  отбасыларға тұрғын үй көмегі төленеді. 

Шымкент қаласының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушылары бар аз қамтамасыз етілген отбасыларға тұрғын үй көмегі тағайындалады.

Бұл ретте, коммуналдық төлемдер отбасы шығыстарының нормативтерi мен рұқсат етiлетiн шектi деңгейi шегiнде отбасының жиынтық табысының 5 % жоғары болған жағдайда ақшалай өтем түрінде  төленеді.

Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін  өтінішті  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) немесе «e-gov» портал арқылы төменде көрсетілген құжаттармен жүгінуге болады.

1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);

2) жұмыс орнынан жұмысқа орналасқаны бойынша бұйрық немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;

3) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;

          4) банктік шот;

5) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған түбіртектер; (өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсандағы түбіртектер).

          6) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

7) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстар туралы шот және жалға алған тұрғын жайдың келісім шартының көшірмесі.

Оқылды 176 рет