Сонымен қатар, NEET санатындағы жастар өкілдеріне мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсіп бастап және жұмысқа орналасуға мемлекет тарапынан мол мүмкіндіктер қарастырылғандығын айтып, ақпараттық үнпарақшалар таратылды.
Студенттің өткен өмірінің барлығы бүгінгі күнге маңызды, әрі қызық екенін ескерсек, студенттік құрылыс жасақтарының атқарар жұмыстары осы кезең аралығын қамтитын ерекше маңызға ие. Себебі, өңірімізге облыс атауы берілген сәттен бастап қаншама ғимараттар бой көтеріп, соның нәтижесінде студенттер құрылыс жасағының жұмысы қайта жандануда десек қате айтпағандымыз болар.
Студенттік құрылыс жасағы - бұл әрбір азаматтың мінезі сыналып, еңбекқорлығы мен міндет сезімі тәрбиеленетін еңбек майданы. Жас ұрпақты еңбекқорлыққа тәрбиелеуде студенттер құрылыс жасақтарының маңызы зор. Жаз айы – нағыз қызу шаруашылықтың мезгілі. Қалада да, ауылда да атқарылар іс көп.
Қоғам мен мемлекет тарапынан жастардың әлеуметтік жағынан әлсіз санаттарына айрықша көңіл бөлініп келеді. Нақты айтқанда, жастарға әлеуметтік көмек көрсету немесе жастардың жұмысқа орналасуына, денсаулыған тексеруде және құқығын қорғауда, бос уақытын тиімді ұйымдастырып, сапалы білім алуында, өмірлік жолын дұрыс таңдай білуі мен қоғамға бейімделіп, жастар саясатында белсенділік таныту мәселелері бойынша консультациялық, практикалық, ұйымдастырушылық көмек алуында жәрдем беретін мекемелер жүйесі ретінде әлеуметтік қызметтер бұрыннан қалыптасқан болатын. Енді сол жүйені одан әрі дамыту арқылы жүзеге асыру көзделіп отыр.
Бұл қызметтерге психологиялық, педагогикалық, заңдық, наркологиялық көмек көрсету мен мүгедек жастарға, әскери борышын өтеген жастарға нашақорлықтан, маскүнемдіктен емделуден өткен жас азаматтарды сауықтыру шаралары да назардан тыс қалмады. Сонымен бірге, жастарға арнайы әлеуметтік қызметтер кешенін, яғни, жастардың еңбек биржаларын, әлеуметтік-психологиялық көмек орталықтарын, балалар мен жастарға арналған тұрғын үйлер, кәмелетке толмаған құқықбұзушыларды әлеуметтік сауықтыру мекемелерін, заңды көмек көрсету және кеңес беру орталықтарын, жас отбасына көмек көрсету қызметтерін, демалыс орталықтарын құру аясында жұмыстар кеңейтілген түрде жүргізіліп келеді.
Қазіргі қоғамда NEET санатындағы жастар тобы бар. Бұл ұғым кейінгі жылдары көбірек айтылғанмен, ондай жастардың бұрыннан бар екені жасырын емес. Сонымен NEET жастар деген кімдер?
Ғылымда NEET термині ағылшын тіліндегі "Not in Empoloyment. Education or Training" ұғымының бас әріптерінен құралған. Қазақ тіліне аударсақ "не жұмыс істемейтін, не оқымайтын, не өзге де істермен айналыспайтын адам" дегенді білдіреді.
NEET жастар – XX ғасырдың соңына қарай пайда болған мәселе. Бұл мәселені Ұлыбритания алғаш болып көтерген. Ал жастардың әлеуметтік әлсіз топтарына арналған мемлекеттік сараптаумен Бүкіләлемдік банк айналыса бастауы, мұның әлемдік деңгейдегі күрделеніп кеткен мәселе екенін көрсетіп отыр.
Бүгінгі таңда елімізде NEET санатындағы 237 мың жас оқу да оқымайды, жұмыс та істемейді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында да айтқан болатын. Ал жақында жұрт назарына ұсынылған "Ұлттық рухани жаңғыру" жобасында осы санаттағы жастардың үлесін 5%-ға дейін төмендету міндеті қойылып отыр.
"NEET санаты деп аталатын жастарды қолдау жөніндегі шараларға ерекше назар аударғым келеді, онда біз жұмыспен қамтылмаған жастардың санын 5%-ға дейін төмендетудің нақты міндетін қоямыз. Осылайша, 2025 жылға қарай жастардың мемлекеттік қолдау шараларына қанағаттану деңгейі 80%-ға дейін артады. Бұл ұлттық жоба аясында жүргізіліп жатқан үлкен жұмыстың негізгі бағыттары ғана. Мен айтып өткендей, оны жүзеге асыру үшін үш министрліктің күші жұмылдырылып, нақты нәтижелерге қол жеткізіледі", — деді А. Балаева.
2018 жылы ҚР Үкіметінде жастарды әлеуметтендіру және жұмыспен қамту жөніндегі жол картасының жобасы мақұлданған. Бүгінге дейін орасан жұмыстар атқарылып келеді. Жол картасы бойынша үш түрлі жас мөлшерінде жастарды қамту жоспарланған: кіші жас тобы — 18-ден 22 жасқа дейін, орта жастағы кіші топ — 22-ден 24 жасқа дейін, ересек жастағы кіші топ — 25-тен 29 жасқа дейін. Жүзеге асырылып жатқан жобалардың маңыздыларын атап өтсек, "Дипломмен ауылға", "Серпін" жобасы, "Баршаға арналған тегін техникалық және кәсіптік білім беру" бағдарламасы, "Жас кәсіпкер", жастар ресурстық орталықтарының қызметі және т.б. Бұл жобалар NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру ісінде маңызды рөл атқарып келеді. Ал "Ұлттық рухани жаңғыру" жобасында да бұл мәселенің қолға алынуы шын қуантады.
Осыған дейін ҚР Қоғамдық даму министрлігінің ұсынысы бойынша Қазақстандағы NEET жастар 7 санатқа бөлінді:
1. білімі, белгілі тәжірибелік дағдылары бар, бірақ оқуды және жұмыс істеуді жалғастыруды қаламайтын біреудің асырауындағы адамдар;
2. жасөспірім балалары бар жас келіншектер және жалғыз басты аналар, соның ішінде ерте ана болған жас келіншектер;
3. еркін табыс табуды қалайтын, кездейсоқ жұмыстар арқылы ақша табатын фрилансерлер;
4. білімі нашар, біліктілігі және тәжірибесі жоқ, қосалқы шаруашылыққа жұмылдырылған ауыл жастары;
5. оқуды жалғастыруды қалайтын, бірақ мүмкіндігі жоқ күнкөрісі төмен отбасыдан шыққан мектептің түлектері, жетімдер;
6. денсаулығы нашарлығынан жұмысқа орналасуда қиындықтары бар мүмкіндігі шектеулі адамдар;
7. бас бостандығынан шектеу орындарынан босап шыққан, есірткілік және алкогольдік тәуелділігі бар, оңалтудан өткен жастардың бейәлеуметтік тобы.
NEET жастардың пайда болу себебін объективті, субъективті және жеке тұлғалық тұрғыдан қарастыруға болады. Ең басты әсер ететін фактор – өскен ортасы, отбасы, қоғам, достар, туысқандар. Сонымен қатар көп жағдайда ата-ана балаларын тым сезімталдықпен өсіреді. Баланың өз бетімен қимылдауына мүмкіндік бермейді. Тұрмыстық жағдай болса да бала оны өзі жасаса немесе ата-ана баламен бірге отырып орындаса, бала кез келген нәрсенің қадірін біліп өседі және жауапкершілік сезінгеннен кейін қоғамдық өмірге жеңіл жол түзей алады.
Қазіргі жастар бизнеске үйір. Әсіресе шағын және орта бизнестен бақ іздейтіндер көп. Әлбетте, бұл жақсылықтың нышаны. Өйткені олар бизнеске үлес қосу арқылы елдің экономикасын демеп отыр. Дамыған елдерде экономиканың негізгі тірегі біздегідей шикізат емес, бизнес екенін ескерсек, жастардың бұл қадамы құптауға тұрарлық.
Бүгінде жастар кәсіпкерлігін дамытуға үлес қосып отырған жобаның бірі – «Бастау Бизнес». «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүзеге асырып жатқан бұл жоба кәсіпкерлік қызметке тарту арқылы халықтың экономикалық белсенділігін арттыруды көздейді.
«Атамекен» ұсынған ресми дерекке сүйенсек, соңғы бес жылда «Бастау Бизнес» арқылы 184 902 адам оқып шыққан. Соның 78 049-ы немесе 42 пайызы – NEET санатына жататын, яғни оқымайтын, жұмыс істемейтін жастар. Қалған санаттардың үлесі келесідей: жұмыссыздар – 122 247 немесе 66 пайыз, өзін өзі жұмыспен қамтығандар – 56 957 немесе 31 пайыз. 2021 жылы жоба аясында 10 495 жас кәсіпкерлік негіздерін меңгерді.
«Былтыр «Бастау Бизнес» жобасын іске асыру оқыту, микроқаржыландыру және жобаларды сүйемелдеуден тұратын бірыңғай экожүйеге шоғырландырылды. Үкіметтің қолдауының нәтижесінде жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 15 «Атамекен» микроқаржы ұйымы желісі құрылды. Жоба түлектерін несиелендіруге бюджеттен 22,5 млрд теңге бөлінді. Қазіргі күні өңірлік микроқаржы ұйымдары жалпы сомасы 17,8 млрд теңге болатын 2 724 өтінімді қабылдады. 7 млрд теңгеге 1 207 микрокредит берілді. Осы жылы «Бастау Бизнес» шағын және орта бизнесті дамытуға әрі қолдауға бағытталған 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жұмыс істейтін болады. Бұл ретте негізгі басымдықтарының бірі ретінде жұмыссыз жастарды және халықтың әлеуметтік осал топтарын оқыту көзделіп отыр, – дейді «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Райымбек Баталов.
Биыл 30 мың адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланып отыр. Сондай-ақ осы жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жастарға 10 мың грант бөлді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша грант сомасы 400 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылуда. Ұлттық жоба бойынша «Бастау Бизнес» шеңберінде оқудан кейін жеке ісін ашқан адамдардың үлесін 2021 жылы 35 – пайызға, 2022 жылы – 40 пайызға, 2023 жылы – 45 пайызға, 2024 жылы – 50 пайызға, 2025 жылы 60 пайызға дейін ұлғайту жоспарланған.
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының дерегінше, елдегі қыз-жігіттердің 82,6 пайызының бизнес бастауда тәжірибесі жоқ. Тек, 16,8 пайызының ғана тиісті тәжірибесі бар. Алайда олардың тек 6 пайызы ғана бизнесін одан әрі дамыта алады екен. Бұл ретте әрбір үшінші адам кәсіпкерлік қызметке қызығушылық танытады екен. Әсіресе, сауда (41,9 пайыз), қоғамдық тамақтану (14,2 пайыз), IT-сала (13,6 пайыз) секілді бағыттарға қызығушылық жоғары. Кәсіпкерлік қызметпен айналысу кезіндегі проблемалардың негізгілері – үй-жайларды жалдау құнының қымбаттығы, салық аударымдарының жоғарылығы және білікті кадрлардың жетіспеушілігі.
«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»