"Серпін - 2050" меклекеттік бағдарламасының басты мақсаты: еңбек ресурстарының мол артықшылығы орын алып отырған республиканың Түркістан облысы өңірінің (Алматы, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облысы, Қызылорда облысы) жастарын еңбек ресурстарына сұраныс көп батыс, солтүстік және орталық аймақтарында білім алуға мүмкіндік жасап, кейін аумақта қалып жұмысқа орналасуға жағдай жасау. Бардарлама бойынша жеңілдіктер де қарастырылған. Ең алдымен стипендия, туған жерге барып-қайту жолақысы, жатақхана, жұмыс орнымен қамтамасыз ету, 3 мезгіл тамақ және оқу киімі қарастырылған (колледждерде).
Студент жастар үшін қатысу шарттары: ҰБТ –ға қатысып, шектік балл жинаған талапкерлер, кешенді тест тапсырған колледж түлектері, мектепті бұрынырақта бітірген жастарға да мүмкіндік бар. ҰБТ-тен кейін 4 қаланы таңдау мүмкіндігі берілетіні белгілі. Осы орайда, 7 оқу орнының бірін таңдаса бөлінген гранттың иегері атануы әбден мүмкін. Тіпті, төртеуін де сол бағытта таңдаса болады. Шектік баллға жете алмаса, колледждерге тапсырып, шығармашылық емтихандар арқылы қабылданатын мамандықтар бойынша грант иегері атануға болады. Егерде ҰБТ –тен бейіндік пән бойынша 7 баллдан аз жинаған жас ЖОО-на конкурсқа қатыса алмайды.
2022 – 2023 оқу жылында «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы аясында 859 талапкер оқуға түскен. Түркістан облысы жастарының жоғары оқу орындарына жолданған талапкерлердің жалпы мәліметі бойынша
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде 36 жас, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті 63 жас, SHakаrim University Семей қаласына 4 жас, Alikhan Bokeikhanov University Семей қаласы университетіне 18 жас, Павлодар педагогикалық университетіне 30 жас, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті 3 жас, А.Байтұрсынов атындағы Костанай өңірлік университетіне 65 жас, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық инситутына 15 жас, Қарағанды Е.А.Бөкетов университетіне 50 жас, Әбілқас Сағынов Қарағанды техникалық университетіне 33 жас, Қарағанды индустриялық университеті Теміртау қаласына 132 жас, Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті 29 жас, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан меммлекеттік университеті Петропавл қаласына 44 жас, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетіне 282 жас. Жалпы 836 жас Серпін бағдарламасы бойынша оқуға түскен.
«Мәңгілік ел жастары индустрияға» — «Серпін — 2050» жобасы бүгінде еліміздегі ең танымал әлеуметтік жобалардың бірі. Жоба аясында еліміздің оңтүстік өңірлерінің жастары, өндіріс орындары дамыған, жұмысшы күшіне қажеттілік қалыптасып отырған Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Қарағанды өңірлерінің жоғарғы оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында тегін білім алып, тұрақты жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді.
Негізі бұл жобаның екі маңызды тұсы бар. Біріншісі- экономикалық. Қазіргі таңда еліміздің 9 өңірінде бала туу деңгейі төмен және сыртқы жаққа көші-қоны басым болғандықтан, кадр тапшылығы сезіле бастады. Бұл мәселенің өзектілігі жылдан-жылға ушығып барады. Алдағы жылдарда индустриялы инновациялық бағдарлама аясында іске қосылатын өндірістерде жұмыс күшінің тапшылығы айырықша байқалады. «Серпін-2050» жобасы арқылы сол өңірлерге халық саны көп облыстардан жастарды әкеліп, жергілікті оқу орындарында қажет мамандықтар бойынша білім беріп, сол жерде жұмысқа қалдыру арқылы кадр мәселесін шешу. Екінші маңызы - әлеуметтік проблемаларды шешу. Республикамыздың 5 облысында бала туу деңгейі өте жоғары, тұрғындар саны жылдан-жылға қарқынды өсуде. Аталмыш өңірлерде мектеп бітіруші түлектердің жергілікті жерде оқуға түсуі қиын және мамандық алғаннан кейін басым көпшілігі жұмыссыздар қатарын көбейтеді. Жоба арқылы осы 5 облыста мектеп бітірген жастарға жоғарыда аталған 9 өңірдегі оқу орындарына «Серпінің» арнайы гранты бөлінеді. Сонымен қатар, қосымша әлеуметтік көмек көрсетіліп, оқыған өңірлерде қоныстап қалған жағдайда 100 пайыз жұмысқа орналасуға мүмкіншілік жасалады.
«Серпін-2050» жобасы бойынша оқитындар мен жалпы білім беру гранттарын иеленгендердің арасындағы ұқсастық пен айырмашылық неде?
Ұқсастық – жоғары білім грантын иеленгендердің шәкіртақымен, темір жол арқылы барып-қайтатын жол шығындарының өтелуінде. Ал айырмашылығы – «Серпінмен» оқуға түскен жағдайда қосымша екі үлкен кепілдік бар. Біріншісі, жатақханамен оқуды бітіргенге дейін толық қамтамасыз етіледі. Жалпы грантпен оқуға түскендерде ондай кепілдік жоқ. Екіншісі, егер оқу бітірген соң сол өңірде қоныстанып қалған жағдайда, жұмыспен толық қамтамасыз етіледі. Яғни, алдағы күндерде қиналмай-ақ жұмыс тауып, өздерінің әлеуметтік жағдайларын жақсартуға мүмкіндік бар.
Жоғар оқу орыны болсын, колледж болсын жоба бойынша жастарға дуальді білім беру, болашақ жұмыс берушімен тікелей байланыс орнатып, тәжірибелерді сол мекемелерде өту арқылы келешекте жұмыс таңдау мүмкіншіліктерін беру талабы қойылған. Нәтижесінде оқып жүріп болашақ жұмыс беруші мекемелерде тәжірибе жинаған жастар, оқу бітірген соң сол жерге оңай жұмысқа орналасып, ортаға тез сіңісіп кетеді. Сонымен қатар, «Серпін-2050» жобасы бойынша жоғары оқу орыны мен колледждерге түскен жастарға арнайы тәрбие жұмыстары жүргізіледі. Жоба бойынша оқып жүрген барлық жастар арнайы құрылған «Серпін» әлеуметтік ұлттық қорының белсенділері болып табылады. Басты мақсты оларды біріктіру, жеке қасиеттерін дамыту, дәстүрлі ұлттық тәрбиемен қатар нарықтық заман талаптарына сай келетін қасиеттерін қалыптастыру.
«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»